Юзердің жыры (Халық флэшкасынан)


Google міне браузерден ашылды
Сөз жазылды. «Іздеу» деген басылды
BENQ деген монитордың бетіне
Мен қалаған мәліметтер шашылды

Интернетте не жаңалық достарым,
Қабылдаман таныс емес, басқаны
Magent-ті қосып қойып шіркін-ай
Mail.ru-дан тексерейін поштаны

Содан кейін Gmail-ga кіремін
Біреулерден хабар келген. Білемін.
Біреулерге жауап жазып осылай
Интернетте өмірімді сүремін

Мен емеспін компьютердің дүлдүлі
Жақсы Apple нәсіп болар бір күні
Жаныма жай, құлағыма ұнамды
Пернелердің шыныдайын сыңғыры

Тауып берер, адам болсын, ай болсын
Интернеттің көріп жүрміз пайдасын
Бірнәрселер көргім келіп тұрғаны
Youtube-пенен Kiwi шіркін қайдасың

Ал Facebook көк аспандай фоның да
Мың Вконтакте құрбан болсын жолыңда
Жоқ болғасын сөйлесетін адамдар
Аккаунт → Выход деп басамын соңында

Wikipedia мәліметтің қайнары
Іздесең тек сақадайын сай бәрі
Twitter-ді ашайыншы қанеки,
Білейінші адамдардың ойларын

KerekInfo қабыл алар өлеңді
Ойым болған жазайын деп көлемді
Платаның даусы құлақ жарып тұр
Ұйықтайын сілем қатып мен енді.
Бөлісу:

6 пікір

kaztarih
айтарға ештеме қалдырмапсың бәйгі сенікі болсын Қарасақал ақын ))
Khan
Андай сайттарға кіретініңді жазбай кетіпсің ғой, Қара сақал?
blackbeard
Ондай нәрселерді жәәәй айтады;))))
merekeee
Қазір жазса тағы бірнеше шумақ болар ма еді…