Шалаkазах та блог начинать етіватыр


Осы люди көп говорят о КерекИнфо. Даже говарят некоторый облыстардағы өтіп жатқан «Домбыра Пати» деген мероприятьяларды әуелгіде начинать еткен «Керекшілер» говорят. И говорят что нағыз казақ блогеры — это Керекшілер. И содан мені интересовать ете бастады, что это за хрень такое КерекИнфо? Патом гуглден пойск жасап, тауып, осындай вод портал нашелся. Оп-очень интересовать ете бастады. Зарегистрироваться етпесем болмайтынын білдім. Содан регистр еттім. Бірақ дуамаю, это же казахский блог же. А маған что писать? Я же этод язык толықтай білмейм ше. Мен общем и русский и қазақша грамотно незнатьпын. Екі языкте де акцнетпен сөлеймін, ошыбочно жазамын. Но серавно это же блогер болуыма бөгет болмайды же. Так па? Ал ат-жүнімді айтпай ақ қойғаным лутьче болар. Полюбому оны білу сіздерге польза әкелмейді. Қайда тұратынымды сурасаныз, я из Петропавловска деп, с гордостью айтамын. Әкем Қазақ, шешем Орыс. И поэтому полу қазақ, полу орыспын. Общем солай. Языгым шорқақ болғанымен, білетінім много. Сондықтан, в будущем меннен интересный посттар күтіңіздер!
Әрі қарай

Түнгі оттың сыры

Солтүстік Үстірттің шыңдарындағы терең шатқалда қонуға тура келді. Сайдың бойын жағалай көне іздікпен біраз жер төмен түсіп, кеңдігі ат шаптырымдай алаңға тап болдық. Арғы жағы тағы да биік төбелерге барып тіреледі.
Шатқалдың сол жақ етегін ала үлкен күмбезді моланың қабырғалары жатыр. Ішкі жағындағы ою-өрнек жұрнақтарына қарап, ауқатты адамға салынған деп шештік. Маңайдың бәрі шың мен шатқал, біз түскен ескі сүрлеумен жүру қиын. Соған қарап бұл жерде адамдар қонысы болды дегенге сену қиын. Мүмкін кіріп-шығатын басқа жолдары бар шығар. Алайда оны іздеуге бізде уақыт тапшы еді.

Күн батуға ыңғайланып, көкжиекке таяп қалды. Келген ізімізбен кері көтерілдік. Шатқалдың кеңістеу жерінен қоналқа жеп тауып, кешкі асымызды іштік те, төсек қаптарымызға тығылдық. Аспанды бұлт басқан. Тас қараңғы… Киіз үйдің түндігінен көрінгендей әр жерден санаулы жұлдыздар ғана жымыңдайды. Ұйқы келер емес. Ортамыздағы кәнігі аңшының ертекке бергісіз әңгімесін еріне тыңдап жатырмыз.
Әрі қарай

Домбыра Party: Жаңа маусым

Кең даламыздың бір жерінде көктем енді туып жатса, бір бұрышында жаз шыққалы қай заман. Алматы мен Шымкентке рахат. Тойды солар бастамақ. Біз, астаналықтар, қыңыр мінез құданы әупірімдер шығарып салғанымыз сол еді, аты жоқ бес қонағымыз жетіп келіп, атой салып жатыр. «Әттең» деп бармақ тістеп отырмыз. Жә, мұң айта бергенше, қуанатын жағына тоқталайын.
Әрі қарай

Үмітсіз шайтан

Баланы туу және оны күтуге байланысты берілетін төлемақыны қысқартуға қарсы петицияның нәтижесі болмады, мүмкін қазақстандық болған соң болар. Енді халықаралық деңгейде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петиция елбасымызға жетсе, қандай да болса нәтиже болар деп үміттенемін. Бәріңіздің де әлі зейнетке шықпаған апаларыңыз, сіңлілеріңіз, әйелдеріңіз, жақсы таныстарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз бар ғой, соларды қолдаңыздар. www.avaaz.org/ru/petition/Otmena_zakona_o_povyshenii_pensionnogo_vozrasta_zhenshchin_Kazahstana/?cZuTzeb
Жалпы зейнеткерлік бәрімізге де қатысты ғой, түсініксіз өзгерістер енгізіп жатыр, ертең сол жинаған ақшамыз қолымызға тисе, соған шүкір деп отыратын шығармыз.
Әрі қарай

Әйелдерге не керек?

Әлеуметтік желілердің бірінде көрген нәрсемді сіздермен бөліскім келеді. Мүмкін тың нәрсе емес болар, дегенмен қарапайым болса да маңызды ақпарат.

Әйелдерге 3 нәрсе ғана керекті. Бұлар ешқандайда еркектің байлығы, жаһұт тастар немесе мәңгілік жастық емес. Шын мәнісінде оларға керекті нәрселер ойлағанымыздан қарапайым және сүйкімді нәрселер.

Блог - Medium: Әйелдерге не керек?

1) Жақындық.
Әйелдер еркектерге қарағанда сөйлесуге бейім, өйткені қоғаммен араласқыш. Оларға сырласу, махаббат туралы фильмдер ұнайды. Олар еркектің ойында және жүрегінде не бар екенін білгілері келеді. Сондықтан да жиі телефон соғып "Қайдасың" деп сұрап тұрады. Қайда жүргендерін тексеру үшін емес, олар бар болғаны сөйлескісі, өзі туралы не ойлайтынын білгісі келеді. Әйелдер негатив эмоцияны сөйлей-сөйлей бастан кешіреді. Еркек өзін жаман сезінген кезде жалғыз қалғысы келеді, ал әйел оны сөйлеткісі келеді. Біз еркектер оларды тыңдауымыз, сөйлесуіміз, құшақтауымыз керек.

2) Алғыс.
Әйелдер өздерінің әр ісі үшін алғыс, мақтау естігісі келеді. Әр дайындалған тамаққа, әр жуылған шұлыққа, әр үтіктелген көйлекке. Оларға біздің сұлулық туралы айтқан комплименттеріміз, басқа қасиеттерін бағалауымыз, әр ісін мақтауымыз ұнайды.

3) Қауіпсіздік.
Бәрінен бұрын әйелдер өздерін қауіпсіз сезінгілері келеді. Олар тез ренжігіш және нәзік. Кейде сыртқы келбеттеріне қарап оларды күшті, мықты деуіміз мүмкін. Бірақ та олардың іштерінде қорғанысқа мұқтаж кішкентай, нәзік қыз жатыр. Мұнсыз олардың әйелдігі қалмас еді. Оларға орын беру, есікті ашып беру, сөмкесін көтеру ұнайды. Мұндай қамқорлық үшін олар еркектерді сүюге, мақтауға, ардақ тұтуға дайын.
Әрі қарай

Мен көрген БлогКэмп

Көптен күткен, көптен шақырған блогкэмте өтіп кетті. Біраз адамдар мен танысып, Шымкентті көріп қайттық. Өкініште, қуанышта бар. Кемшілігі де сол пайдалы ақпарат ала алмағаным шығар… Жылда өзіме пайдалы бір ақпар алып қайтатынмын, мүмкін ақпарат алатын белестен өтіп ақпарат беретін белеске өтіп кеткен де шығармын... 
Әрі қарай

Жолаушы

Блог - bake: Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.
Әрі қарай

Әкеме айтып қоймаңыз...


Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын.
Әрі қарай

Безеу тасып кетті, көмектесіңіздерш...

Бәріне сәлем, жаңа жылда көктем мерекесінде құлпырып жүрген шығарсыздар. Келе жатқан мерекелеріңізбен…
Сіздерден көмек… Бетіме безеу, қара нүктелер (угри, черные точки) қаптап кетті. Құрысын, бет ажарын бұзып, бет терісін шыдатпай қозып мазаны алады екен. Бірер қытайдың жолдарда, базарда сататын сабындарын пайдаланып көрдім, басында кетірді, соңынан қайта шығып кетті. Зинеритті теледидардан жарнама етіп жатқанда сатып алғым келіп еді, көбісінен Зинериттің пайдасы жоқ деп естідім, алмадым, бағасы да арзан емес…
Сіздер білетін безеуге қарсы халықтық рецептілер барма, болса бөлісіңіздерші.
Алдын ала рахмет…
Әрі қарай

Қазақ қайда барасын?

Ассалаумағалейкум.Қазіргі қоғамда болып жатқан біраз келеңсіз оқиғаларды тізіп, ой толғағым келіп еді.Адам баласы күннен-күнге азғындап, жауызданып барады.Ақ қараланып,қара бағаланып жатқан кезең.Бұрын жөзекше қыздарды естуші едік.Бүгінде “Қызуы мол құшағын сатам” деген, еркектер пайда болды.Өткенде “Мүмкін емес” бағдарламасын көріп, шошып кеттім.Бізде де “жөзекше еркектер” бар екен ғой.Әлгі жігіттермен бақытты күй кешкіңіз келсе, сағатына 300 АҚШ долларын береді екенсіз.Біреулер бұл қаржыны 1 ай маңдай терімен қиналып тапса, бұл имансыздар-1 сағатта табады.Көрінгеннің жыртығына құмар халықпыз.Осының бәрі Еуропа елдеріне еліктеген, орысша тәрбиеде өскен жігіттер-ау дим.Бір қызығы олар адам таңдамайды екен,қыз,әйел, кемпір дегендей. “Қойыны енді еркектің пұл тұрады,Ұятсыз әйел оған ұмтылады”,-деген екен.Жетіскен екенбіз.
Бүгінгі таңда “телевизор” деген пайғамбарымыз бар біздің.Ол не айтса сол рас.Телевизорда мағыналы нәрсе бар деп, кім айта алады? Мен бүтіндей телевизор көрмеңіздер,-деп жатқан жоқпын.Телевизордың ішіндегі атыс-шабысты көріп тұрып, жүрегінде иманы жоқ болған балдарымыз, біреуі Чингачкукке ұқсағысы келеді, біреуі Шварценеггерге ұқсағысы келеді, біреуі Ван Даммға ұқсап келеді.Сенің ата-бабаң кім еді? Сен қаяқтағы бақа-шаянға ұқсап жүрсің.Ван Даммың, Шварценеггерің кім бұл? Біреулер өздерінше “Ворь в законе” болмақшы.Е,өл! Сенің ата-бабаларың сұлтан болған,әмір болған, бүкіл әлемге ақиқатты енгізген.Қарақшыларды,ұрыларды құртқан.Ал сен, түбіңе жетіп жатқан қарақшы болғың келеді.А.Байтұрсынов айтпақшы: “Өзімізге өкпелемесек,өзгеге өкпелер бет жоқ”.
Қазақ жастары арасында-дүние талас,қыз талас көбірек кездеседі.Бір-бірін разборкаға шақырады.Кім ол сенің разборчигің?Ішкені арақ, шеккені наша болатын болса.Ол саған қайтіп дұрыс үкім шығарып береді.Былтыр саясатта жүрген бір ағамызбен сұхбаттасып отырғанмын.Ағамыз қайбір жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімін басқарып тұрғанда, бір корей миссионерінің ағамызға айтқан сөзі: “Егер,Қазақты ел десек, онда біз мұнда келер ме едік? Сендерді діні, ділі, мәдениеті, бірлігі жоқ жұрт деп есептейміз.Сондықтан мұнда біздер келдік.Жабайылардан ел жасауға, христиан елін жасауға”.Қазіргі күнге дейін бұл сөз менің жүрегімді тырнап жатқан сұмдық қайғының бірі.Ш.Мұртаза ағамыз айтқандай: “Қарнымыз тойды, енді қазақтар туралы әңгіме айтайық”.Абайдың бір сөзі бар: “Қазақтың бір ерекшелігі намысқой келетін еді, сол намысқойлығымыздан айырылып қалдық”,-дейді. “Ұлтқа қауіп төнсе дағы, көп қазақ,Ұйықтап жатты қазандай боп бастыры”.Қашанғы жақсы сөздермен халықты алдай бермекпіз.Әрқайсысымыз халқымыздың санасына ой салып, ертеңгі күн-түнек болмасын десек, ел игілігі үшін жұмыс жасайық.Қазақ руханиятына сөзімізбен болсын, мақаламызбен болсын өз үлесімізді қосайық, ағайын!
Әрі қарай