«Бітпеген іс» немесе «қарға батқаным туралы»

Кеше өзіме 1-2 сағат көлемінде уақыт бөліп, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекендерді, нақтырақ айтсам, қыстың соңғы күнін фотосуретке түсіруге беріліс қорабы автомат көлікпен шыққам. Фотоға түсіріп енді бастап келе жатқанда, дөңгелектерім жаңа, барлық мезгілге арналған болса да, қарға баттым да қалдым. «Автоматтың бір кемшілігі осы» деп ішімнен ойлап қойдым. Алдын-ала айтып қояйын, мен әлі кәсіби фотограф емеспін, бұл мен үшін әзірге жай ғана мейнстрим.
Әрі қарай

Сексуальная травма

Ауылымызда көп жыл ұстаздық еткен Төлеубай деген кісі бар. Үлкенді-кішілі біраз адам Төлеубай мұғалім деп атайды. Сол Төкеңнің Алматыдағы ұлының БТА банкінен алған ипотекасы(ипотека сірә Төкеңнің атында-ау деймін) бар екен. Ақшаңды уақытынан кешіктірсең байланысқа қалдырған телефондарды мазалайтын әр банктің әдеті емес пе? Төкеңнің де үйіне «БТАлықтар» звандапты." Алло, это дом Курманбаева Толеубая?" «Да, Толеубай слушает вас». «У вас проссрочка, анау-мынау ...» Төкең өзі маңғаздана сөйлейтін адам. сол қалпын бұзбастан «Я сейчас не могу платит. Все денги у братишки. а он за границу ушел» депті. «Какая братишка?» Банк қызметкерлері де тықақтап қоймайды. «мұхтар Әблязев» деген кезде ар жақтағылар трубканы тастай салыпты… Екі-үш күн өтер-өтпестен тағыда қоңырау түседі. Тағы да Алматыдан. Тағы да сол «БТАбанк». «Я не могу данный момент оплачивать» дейді Төкең. «Почему» деп аналар да қоймапты. «У меня травма». «Какая?» банк қызметкері бейтаныс келіншек те тықақтап қояр емес. «сексуальная травма» депті Төкең. Содан бері БТАбанкінен Төкеңе ешкім қоңырау шалмапты деседі. ал, ипотеканың төленгені-төленбегені бізге белгісіз…
Әрі қарай

Карго культ



1941-ші жыл. Жапония, Америка Құрама Штаттарының Перл харбор кемежайына шабуыл жасап, АҚШ-тың ресмі түрде 2-ші дүниежүзілік соғысға кіруіне себеп болды. АҚШ сарбаздары кемелерімен Тынық мұхиттындағы түрлі аралдарға шығып, әскері орталықтар құрастыруға басталды. Бірақ кей бір аралдарда модерн әлемінен алыс өмір сүрген жабайы халықтар өмір сүреді екен. Олар американдық сарбаздардың арқасында алғашқы рет ұшақ, кеме, радио, теледидар, кока-кола және ақ денелі адамдар көрген. Американдықтардың аралға шыққанынан бастап 3-4 жыл бойы сол халықпен өмір сүрген. Жергілікті халық, құрылыс заттары, Карго құтылары, су және тамақ тасымалдау жағынан сарбаздарға көмектескен. АҚШ-ның сарбаздары жергілікті халықтың бұл еңбектеріне ризашылықтарын білдіру үшін оларға тамақ және киім берді. Жұма сайын жүк тасымалдау ұшақтары аралға тамақ, әскери құралдар, киім алып келетін еді.
Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

Алматыда ұшақ құлады

Алматы облысының іргесінде ұшақ құлап, бортта болған 20 адамның тағдыры әзірге белгісіз. tengrinews.kz/kazakhstan_news/obnarodovan-spisok-pogibshih-pri-krushenii-samoleta-bliz-almatyi-227528/ Құлауға ауа-райы себеп емес. Бұл алғашқы болжамдар. Есімдері жарияланған азаматтардың жақындары қандай күйде десеңші…
Бейбіт заманда тағы қан төгілді. Біреудің қолынан емес, биліктің салғырттығынан. Олай дейтініміз, бұған дейін өткен жылы 2 тікұшақ құлап, 12 адам мерт болды. Содан кейін әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 27 адамды опат етті. Олардың бәрі шекара қызметінің серкелері еді. Бізде тек апат жиілеп, адам шығыны көбейгеннен кейін ғана тексеру жүргізілетіні әдетке айналғандай. Неге олай? Аурудың алдын алса оңайырақ екенін қашан шенеуніктердің басына жетеді? www.facebook.com/photo.php?fbid=475372445859941&set=a.323016807762173.77482.100001615685290&type=1&theater
Әрі қарай

Казахская - QWERTY


«Казахская — QWERTY» клавиатура нұсқасы «Microsoft keyboard layout creator» программасымен «Windows 7» жүйесінде жасалды. Орнату үшін архивті ашып, ішіндегі «Setup.exe»-ні іске қосу керек. «Панель инструментов»-тағы «Языковая панель — КК (казахский)»-дің қасына кішкентай клавиатураның белгісі шығып тұрады. Сол кнопканы басып ішінен «Казахская — QWERTY» таңдау керек. Кириллица мен латыншаны ауыстырудың горячий клавишасы: Ctrl+Shift. Өшіру үшін қайтадан «Setap.exe»-ні іске қосу керек. Сол жерде ағылшынша өшіру деген кнопка бар. Соны басса өзі өшіреді.
Казахская — QWERTY (502,2 кб): Жүктеу

*Ескерту: бұл бекітілген нұсқа емес
**казахская — орысшамнан қате кетсе де қазақшамнан қате кетпесін
Әрі қарай

касса24 төлем қабылдау жүйесі және личная касса

Қайырлы күн Керекшілер, бүгін тағы бір маңызды тақырып жазайын деп отырмын, бұл сіз үшін өте маңызды, ендеше осы маңызды және тағыда болатын керекті жазбаны уақытылы біліп отыру үшін, осы блокқа қосылыңыз. енді тақырыпқа көшейін
Касса24 бұл Қазақстандағы бірегей төлем қабылдау жүйесі, ол мынадай мүмкіндіктер үсынады, Төлем қабыладу терминалдарын сату, Пос терминалдарын сату және веб нүктелерге төлем қабылдау қосымшасын орнату, сонымен қатар осылардың барлығына қызмет көрсету,
Әрі қарай