Жолаушы

Блог - bake: Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.
Құлақ түрдім. Үрген ит, мөңіреген бұзау, маңыраған қой, кісінеген жылқыны естірмісің? Мүмкін дүрілдеген, зырылдаған, шамы жарқ еткен құдайына балама еткен машина болар?
Жолаушы ішінен тап болған жағдайына есеп бере бастады:
-Сенгенім тек өзім, басқа амалын жоқ. Қаруымнан бес саусақ. Бар байлығым дене қызуым.
Сол-ақ екен, жолаушының құлақ түбінен дауыс шықты:
-Дайынсың ба айырбасқа? Көнбейсің? Үміт бар дейсің ғой. Қолыңды жан-жаққа серпіме. Білесің қасыңдамын. Аларым бар, берерім жоқ. Келіс. Барыңды жоққа айырбаста.
Жолаушы үстіндегі көйлегін шешіп, оны қалқан етіп, жолын жалғастыра берді. Ісімен айтқаны:
-Үміт бар, сен оны алар емессің! Берерге мен дайын емеспін!
Бөлісу:

11 пікір

torgai
Астарлы, айтары көп әңгіме екен. 2 рет оқып түсіндім.
Hetrou
Қазақшаға шорқақ екенсің.
bake
«Шорқақтық» диагнозын қойыпсың. Емін айтып жіберсен. Басын ашқан соң. Тиіп қашпай  Мүмкін сырқатқа қарсы әмбебап емнің рецепі бар шығар тек өзіңе белгілі? Білмеймін десең сенбеймін. Оқып білгенің бар. Оған күмәнім жоқ.
Hetrou
Торғай екі рет оқып түсініпті. Мен елу рет оқысам да түсінбес ем. Не по теме ұра бергенсің, сөйлемдерің ұйқаспайды.
Hetrou
Орысша оқыдым деш тек. Қазақша оқи тұрып, бұлай жазсаң, емі жоқ.
bake
енді тема болды. Ажалдан кем болмадың үміт қалдырмаған
Hetrou
Жұмыс қайда жасайсың? Тек жазушы, жорналшымын деп қорқытпаш.
bake
Аларым бар, берерім жоқ
ажал, өлім
torgai
Өз өмірім қым-қуыт. Сосын түсіндім