Қазақ қайда барасын?

Ассалаумағалейкум.Қазіргі қоғамда болып жатқан біраз келеңсіз оқиғаларды тізіп, ой толғағым келіп еді.Адам баласы күннен-күнге азғындап, жауызданып барады.Ақ қараланып,қара бағаланып жатқан кезең.Бұрын жөзекше қыздарды естуші едік.Бүгінде “Қызуы мол құшағын сатам” деген, еркектер пайда болды.Өткенде “Мүмкін емес” бағдарламасын көріп, шошып кеттім.Бізде де “жөзекше еркектер” бар екен ғой.Әлгі жігіттермен бақытты күй кешкіңіз келсе, сағатына 300 АҚШ долларын береді екенсіз.Біреулер бұл қаржыны 1 ай маңдай терімен қиналып тапса, бұл имансыздар-1 сағатта табады.Көрінгеннің жыртығына құмар халықпыз.Осының бәрі Еуропа елдеріне еліктеген, орысша тәрбиеде өскен жігіттер-ау дим.Бір қызығы олар адам таңдамайды екен,қыз,әйел, кемпір дегендей. “Қойыны енді еркектің пұл тұрады,Ұятсыз әйел оған ұмтылады”,-деген екен.Жетіскен екенбіз.
Бүгінгі таңда “телевизор” деген пайғамбарымыз бар біздің.Ол не айтса сол рас.Телевизорда мағыналы нәрсе бар деп, кім айта алады? Мен бүтіндей телевизор көрмеңіздер,-деп жатқан жоқпын.Телевизордың ішіндегі атыс-шабысты көріп тұрып, жүрегінде иманы жоқ болған балдарымыз, біреуі Чингачкукке ұқсағысы келеді, біреуі Шварценеггерге ұқсағысы келеді, біреуі Ван Даммға ұқсап келеді.Сенің ата-бабаң кім еді? Сен қаяқтағы бақа-шаянға ұқсап жүрсің.Ван Даммың, Шварценеггерің кім бұл? Біреулер өздерінше “Ворь в законе” болмақшы.Е,өл! Сенің ата-бабаларың сұлтан болған,әмір болған, бүкіл әлемге ақиқатты енгізген.Қарақшыларды,ұрыларды құртқан.Ал сен, түбіңе жетіп жатқан қарақшы болғың келеді.А.Байтұрсынов айтпақшы: “Өзімізге өкпелемесек,өзгеге өкпелер бет жоқ”.
Қазақ жастары арасында-дүние талас,қыз талас көбірек кездеседі.Бір-бірін разборкаға шақырады.Кім ол сенің разборчигің?Ішкені арақ, шеккені наша болатын болса.Ол саған қайтіп дұрыс үкім шығарып береді.Былтыр саясатта жүрген бір ағамызбен сұхбаттасып отырғанмын.Ағамыз қайбір жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімін басқарып тұрғанда, бір корей миссионерінің ағамызға айтқан сөзі: “Егер,Қазақты ел десек, онда біз мұнда келер ме едік? Сендерді діні, ділі, мәдениеті, бірлігі жоқ жұрт деп есептейміз.Сондықтан мұнда біздер келдік.Жабайылардан ел жасауға, христиан елін жасауға”.Қазіргі күнге дейін бұл сөз менің жүрегімді тырнап жатқан сұмдық қайғының бірі.Ш.Мұртаза ағамыз айтқандай: “Қарнымыз тойды, енді қазақтар туралы әңгіме айтайық”.Абайдың бір сөзі бар: “Қазақтың бір ерекшелігі намысқой келетін еді, сол намысқойлығымыздан айырылып қалдық”,-дейді. “Ұлтқа қауіп төнсе дағы, көп қазақ,Ұйықтап жатты қазандай боп бастыры”.Қашанғы жақсы сөздермен халықты алдай бермекпіз.Әрқайсысымыз халқымыздың санасына ой салып, ертеңгі күн-түнек болмасын десек, ел игілігі үшін жұмыс жасайық.Қазақ руханиятына сөзімізбен болсын, мақаламызбен болсын өз үлесімізді қосайық, ағайын!
Бөлісу:

11 пікір

bake
Жазғанның бәрі дұрыс қой. Бірақ та техника саласында, тікелей қатынасым болғандықтан айтамын, атап айтсақ автокөлік, роботтандырылған техника саласында қазақ тілінің қолдану өрісі кең деп айта алмаймын. Өрісін кеңейткенге тырысып бағып жатырмыз, бұл жерде бәсекелестік жоқ, санымыз өте аз. Мысал келтіріп біліктілігімді көрсететін жер емес. Қазіргі жағдай мағанда ұнамайды, бірақ тістеніп алып шамамыз келгенше тілдің қолдану аясын кеңейткенде тырысып жүрміз. Басында менде сын айтатынмын. Бірақ іс жүрмейтін. Тілдің мәртебесі артса қазақ өз жолын табады.
Соңғы түзету:
temir1986
Қызға талас дедің ау. қазіргі жігіттер қызға таласпайды. Тура айтсам ренжімеңдер — өзінен өкшесі биік біреу келіп -әй не көт қызғанып тұрсың десе әлгі жігітсымақ қыз өзі шешеді деп тайып тұрады.
ibnabbas
Ее бауырым айтатын болсаң қарың ашатын тірлік көп.Орамалды біздің ұлттық киім емес деп кигізгісі келмейтіндердің өздері өмірінде ұлттық киімді киіп көрмегендердің әңгімесңн естігенде көңілім қалған.Сонда қазақтың киімі мини юбка, тырысқан шалбар, шашын жайып жүру екен.Жігіттердіңде баяғыдай намыс жоқ(Бәріне топырақ шашпаймын)
Қазақтын уайымы көп негізі, Просты көз жұмбасан тағы болмайды
Olzhass
Намыс қазір бізде дефицит болып кеткені жасырын емес. Жоқ емес бар, бірақ жетклікті мөлшерде емес. Мені қынжылтатыны, тепсе темір үзетін жігіттердің шын жоғары білім алып, маман болып нанын жеудің орнына, Көк базардың айналасында «сотка аламыз» деп тұрғаны. Шымкентте орталықта да сондай жағдай. Шұбырып жүреді «сотка бар ма», «алтын аламыз, алтын» деп. Сөйтіп күн кешіп жүрген басқа ұлт өкілін көрмейсіз. Жастар қазір байқасаңыздар бір бірінен магенттегі логиндерін сұрайтын болған. Бұл деген олар оқып тоқығаннан гөрі, магентте далбасалап, жырқылдап отырғанды дұрыс санайды. Заман ағымына қарай, интернет арқылы танысып, ойнап күлген де дұрыс шығар. Бірақ алтын уақытты олай ысырап етуге болмайды деп санаймын.Кей жастарымыз қазақ тілінен басқа тілде сөйлеу артықшылық де біледі. Тіпті олай емес, ол таза құлдық сананың көрсеткіші! Теледидарды ашып қарасаң, бірнеше қазақ бір бірімен басқа тілде сұхбаттасып отырады. Өйткені намыс жоқ! Неге мен басқа тілде сөлейуім керек деп сұрақ қоймайды өз өзіне?! Мүмкін ол басқа тілде тәрбиеленген шығар, бірақ ана тілім деп басқа еді демейді кейбіреулеріміз… Жалпы қазақты намыс, білім, ғылым, иман деген нәрселер ұшпаққа шығарады.
Соңғы түзету:
qyzylordalyq_jigit
Syn aitatyn kötriot köp, özin ne istemek$isin el ü$in, sony ait$y
Marco
Чингачгук не жазып еді? Егер Фенимордың кітаптарын оқыған болаңыз, Ұлы Жылан туралы бұлай айтпас едіңіз. Могикандарға жаным ашып бара жатыр.