Ана тіліміз үшін күрес немесе көз бояушылық...

  • Автор
Достар, қазіргі таңда елімізде ана тілміздің мәртебесі жоғарлап бара жатқаны әрине сөзсіз. Неше түрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып заңдық тұрғыда негізделіп келсе, қаржылық тұрғыда бөлінетін қаражат есебі де ұлғайып келеді.

Барлық мемлекеттік органдарда құжаттама ресми түрде қазақ тілінде болуын үкімет талап етсе, іс жүзінде өкінішке орай әлі ақсап жүрміз. Кейбір құжаттар мемлекеттік тілде жазылғанымен, көпшілігі орыс тілде жазылып, кейін ғана қазақ тіліне аударылып келеді. Ресми ақпараттар, құжат алмасу процесі толығымен мемлекеттік тілге ауысты дегенмен, дэ факто негізінде олай емес.

Теледидардан көрсететін бағдарламалар да әлі де болса толық тұрғыда, сапалы және мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза түп тамыры қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте аз, оның өзі жеткіліксіз, қанағаттарлық сапаға жеткізе алмай жатыр.

Республика көлемінде симпозиум мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен үлкен жиналыстар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп сылтаулатып өткізіп жатыр. Оған былтырғы жылы 113 млн теңге жұмсалған екен. Бұл жалпы қазақ тілін дамыту үшін бөлінген қаражаттың 23,6% құрап отыр. Одан қандай нәтижеге жетті?! Ешқандай, тек ақшаны ауаға шашқандай болды.

Ономастика мен қазақ тілінде шығарылатын оқулықтар да мәселесі өзекті болып тұр. Оның сапасы мен іске асырылуы алға жылжи алмай жатыр. Көше атаулары қайдағы жоқ шетел азаматтардың атына беріліп жатса, басылып шығарылған оқулықтар мағынасыз.

Осының барлығымен қоса, енді бізге латынға көшу керек болып тұр. Бұл әрине қажетті әрекет деп санаймын. Бірақ түпкілікті қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, халық арасында,қоғамда сұранысқа ие болмағанша, латынға көшу қиынға соғар. Әрине, «Көш жүре түзілер» дегенмен, біз бар күш-жігерімізді бір жұдырыққа жұмылдырып, бар мәселелерге тойтарыс беруіміз қажет. Өз туған тілімізден желкенбей, достар арасында немесе жанұяда, жұмыста немесе қоғамдық орындарда ұялмай, көкірегімізді көтеріп сөйлеуге тырысуымыз қажет. Егер шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ, бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік. Осы ұсақ нәрселерден бастасақ, алға жылжуымыз тезірек болатынына сенемін.

Соңғы уақытта өкінішке орай еліміздің зиялы қауым атынан біраз ашық хаттар мен жолдамалар жазылып, басылып келеді. Дегенмен, бұл артық, қажетсіз әрекеттер деп санаймын. Халықты латын бізге керек немесе керек емес деп, іріткі салып, екі жаққа бөлгенше, барлығымыздың басын бір арнаға бұрып, қазақ тілінің дамуы үшін басқалай әрекеттер жасаса пайдасы көбірек болар еді. Жарқын болашағымызға үмітпен қарайық. Қазақ тілі жасасын!!!

Ұқсас посттар

19 пікір

Marco
Кез-келген пікірдің өмір сүруге құқы бар. Латын керек емес деп үзілді-кесілді айта алмаймын, бірақ осының қажеттігіне орай айтылып жүрген себептер де бәлендей көңілге қона қоймайды.
Көзбояушылық демекші, кеше фейсбукке ҚТЖ-ның "өзіңнен қарай" деген суреттерін ілдім ғой. Соған бір қазақ, «сенің мына ісің көзбояушылық, өйтіп тілдің намысын жамылып өзіңе ат жасама» дегендей сөздер айтты. Менікі көзбояушылық па?
Wolf
менің жеке ойымша сенің сол жасағаның көз бояушылық емес шығар, тек өз ойынды өзінің ойынша жеткізу. Ал менің осы мақаламда жеткізейін деген көз бояушылық үкімет тарапынан болып отыр. Сонымен қатар шырылдап, жылап жүргендер жайлы, егер шынымен жан пида болса, онда үндемей таза әдемі істер еді.
Marco
Мен де сол бос айқай болмасын деп ҚТЖ-ның баспасөз-хатшысына арнадым фейстегі постты. Мүмкін өзгертер, ең болмаса кешірім сұрар деп. Жұрттың басқаша ойлайтынын қайдан білейін.((( Жә, бұл оффтоп болып кетті.
bake
«шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ, бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік» өз басым ауысша, жазбаша тіл қолданудың шеберімін деп айта алмаймын, бірақ үндемей қалай отырасың. Ескерту тыңдап аласың да «мұндай қате жасамау керекпін болашақта» деп тағы жаңа бір жазбаның басын бастаймын. Сақал өсіп қартайғанда да тіл қыр-сырын үйреніп жүретін секілдісін. Мақаланы күшті жазыпсын
Wolf
Үйрену және машықтану ешқашан кеш емес. Өзінді жетілдіру, білімінді құнарлату өмір соңына дейін жалғастыруға болады деп сенемін. Сондықтан селкілдеген шал болсам да тілдің қыр-сырын үйренуге де болар…
Olzhass
қалтафондағы тілді қазақшаға бұрайық, банкоматта қазақ тілін таңдайық, кассада, банкте, кондукторлерге және т.б. қоғамдық жерлерде қызметкерлерге қазақша сөйлейік… осылай осылай кете берсек, әрекеттеріміз дағдыға, дағдыларымыз әдетке, одан ары қарай дәстүрге айналса деген арам ой ғой.
nurjanbay
менің экраны черно-белый, фонаригі бар Нокия телефонымда қазақ тілі тұр. будильнигі таңертең «Оянатын кезе келді. Кәзір сағат ...» деп оятады. бірақ банкоматта ылғи орыс тілін таңдаймын. әдет. қазақшаны таңдасам нені басу керегін түсінбей қалатын сияқтымын.
Olzhass
ондай аласапыран кезең менің де басымнан өткен, кейін байқалмай кетеді. ең бастысы ниет қой))) сұраныс көп болған сайын, ұсыныс та ұлғая тұседі демекші, неғұрлым қазақша көп талап етсек, соғұрлым қазақшалана бастаймыз.
Wolf
дұрыс айтасыздар. Ана тілімізден сескенбей, кез келген жерден бастау керек. Бірақ менің ойымша өзінің ортадан, достар мен жанядан бастау қажет. Егер солармен қазақша сөйлеп дағдыға айналып кетсе, онда кейін кез келген жерде емін-еркін ана тілінде сөйлейсін.
bizbike
мен банкоматта қазақ тілін таңдаймын, жұмыста тіпті орыс қыздармен де (әрине түсінеді дегендермен) қазақша сөйлеймін. Бірақ қай салада да үкімет айғай салып, бәлен-түген жұмыс істеліп жатыр деп, қырғын ақша желініп жатыр. Үкіметтік органдардан хаттар келеді қазақша, «түсінсем бұйырмасын» деп басыңды қатырып отырасың, осылар не жазып отыр, дұрыс аудармаған ғой орысшадан деп. Яғни ол аудармашы, я хатшыны қазақ тілінің деңгейіне қарамай алған деген сөз. Ал бастықтар қол қояды, не затқа қол қойып отырғанын тексермейтін де болып тұр ғой. Жауапкершілік, жанашырлық деген атымен жоқ деген сөз!
Wolf
Өкінішке орай ащы шындық!!! Мемлекеттік органдарда әлі де болса қазақ тілін жеттік меңгербеген. Жұмыскерлердің көбісі орыс тілділер, кейбіреулері шетел (ағылшын, француз, неміс және т.б) тілдерді керемет білгенімен, қазақ тілін атымен білмейді. СОнда "Өзге тілді бәрін біл, өз тілінді құрметте" бекер айтпаса керек…
Qazaqbalasy
Кеңес заманының қызыл буыны биліктен кетпей ана тіліміздің шыңға шығуы екі талай. Әкеміздің қанымен келген Ана тілімізді менсінбей сөйлейтіндер көп-ақ біздің елде, тек соларды қолдайтындар азаймай тұр.
Wolf
мүмкін, дегенмен қазақ тілін, өзінің ана тілін меңгергісі келетіңдердің саны ұлғайып бара жатқаны да айтуға болады. әйтеуір кейбіеулері білгенімен сөйлеуге ұялады. Ол үшін қазақ тілді жанашырлар, оларға сөгіс айпай керісінше қоладу көрсету қажет сияқты. Себебі өз басымнан да осындай жағдай өткен.
bizbike
ең қызығы сол, мына кеңес заманының буынының кейбіреулері қазақ дымға жарамайды, қолынан боқ келмейді, оларды адам еткен орыс деген кезінде солардың миына жақсылап тұрып сіңірген ұстанымды балаларына кәдімгідей сіңірген. сол қазақты менсінбейтін жастардың ата-аналары сондай деп білемін өз басым
Wolf
Енді өкінішке орай сол ата-аналар сондай бола тұра, балалардың миына осындай ақпарат сіңдіріп жүрген болса, әлі де олардың санасына жаңа, дұрыс көзқарас білдіріп, өзгертуге мүмкіндігіміз баршылық сияқты.
temir1986
Көзбояшылықты үкімет жасап отыр. Мысалға мемлекеттік сатып алу саласындағы көзбояушылықтар. Техникаға қажетті бөлшек сатып алуға үкімет қаражат бөледі. Өз елімізден кез келген техника бөлшегі шықпайтыны белгілі. (Техника бөлшегі бізде жасалмайды, дайын қалпында штелден әкеліп құрастырылады. Ә.Несиннің Тракторын оқысаңдар бірден түсінесіңдер не айтып отырғанымды.) Үкіметтің берген ақшасына қажетті бөлшектің Қытайда жасалған сапасызы ғана алынады. Ол көпке шыдамайды. Себебі тауарды ұсынушы алыпсатарлар. Алмасаң жұмысың жүрмейді. Сосын жанар-жағармай. Бұл сала түгелдей ақсаған сала. Шенеуніктердің нәпақа айыартыны да осы сала. (ауылдық жерде) Жұмысты көзбояушылықпен жасап, қалғанына шөп шауып алған тиімді. Айтпақшы прокуратура, финпол дегендер бар. олардың машинасының бөлшектері, май-суы мемлекеттік мекемелердің мойнында. Қысқасы менің көңілім биліктенде, осының бәріне төзіп жүрген халықтанда әбден қалды азаматтар.
Aldeken
біп қолыңның бергенін екінші қолың көрмесін дегендей, ешкімге ұрандамай, аттандамай істеңдерші істейтін істеріңді, а? түсініңдер, бұл ұрандарды жалған патриоттар асыра қолданып, халықты мезі қылып бітті, жаңаша форма, тың идея керек. а так мақала жиіркеніштен (автор айтпақшы желкеніш емес) басқа сезім шақыра алмай тұр.
пы.сы. үнсіз сұрақтарыңа жауап: ия, мемқызметшімін. ия, екі тілде де хат жаза аламын және жазамын да. жазған хаттарымды түсінбедім деп тек жалпы қазақша түсінбейтіндер ғана айтатын. болды.
Kanek
Жақсы жазғансыз. мен өз басым латын тіліне көшуге карсымын. Керісінше латынға көшкенше казақшамызды дұрыстап алған жөн, онын үстіне қанша кітап қазақ тіліне аударылды. Тәелсіздік алған жылдары көшу керек еді, қазір тым кеш. Кейбір адамдар үшін пайдалы, әсіресе жоғарыда отырған адамдар үшін, арғы жағын айтпаса да түсінікткғой. Қазақ тілінде шығып жатқан кітаптің өзіде сапасы сын көтермейді, қателері толып жатыр…
RauRau
Жалпы не нәрсе болсын адамның өзіне яғни ұлттық құндылығымен сана деңгейіне байланысты… Ана тілінде сөйлеу, мәртебесін көтеруде осыған байланысты. Елбасы айтқандай:-"Қазақ бір бірімен қазақша сойлессін!"
Латын алфавитіне көшу керекпіз деп ойлаймын, латын алфавитіне көшу дегеніміз ол қазақ тілін техникалық тілге көшіру деген сөз. Бұл үлкен жетістік…
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.