Асан Пердешов: Тек сені сүйдім "Қалдықызым" деп...

Мен: — Ассалаумағалейкум Асеке
Асан: — Уагалайкумсалам…

Мен: — Сенің бірінші бейнебаяның "Қара қызым" қалың көпшілікке ұялы телефон арқылы тараған деп айтушы едің?..
Асан: — Ия /күлді/

Мен: — Бұл жыл сенің шығармашылығың несімен ерекшеленуде?
Асан: — Өзіңіз білетіндей көптен күткен есеп концертімді Шымкент қаласындағы «Халықтар Достығы үйінде» өткіздім. Қалай өткенін көрермендер бағасын беріп жатар, ал өзіме келер болсақ жақсы дәрежеде өтті. Кештің бейнелік нұсқасын жинақтарымды шығарып отырған "Қазақ толқыны" студиясы сауда орындарына шығарылуына ат салысып жатыр.
Әрі қарай

ПІКІР ЖАЗУ - ҚУУ ЕМЕС ШЫҒАР



Қазақ блогшыларының арасында неше түрлі «иттер» қалыптасып келе жатыр. Үруде кәнденнен кем емес. Тістеуде төбетті шаң қаптырады. Қорқаулығы қасқырды жұмыссыз қалдырардай.

Сыңарезу, топас, білімсіз, өтірік жынды, тәкәппар, тоңмойын т.б…
Әрі қарай

"Керек" жігіттер, мейрамдарыңмен!

Қымбатты достар, бауырлар, аға-інілер! 7 мамыр мейрамымен шын жүректен құттықтап, бастарыңа бақыт, денсаулық, сәттілік тілейміз. Отбасының қорғаны, ата-ананың үмітін ақтар азаматы болуларыңа тілектеспіз! Құт-тық-тай-мыз, уррраа!

(48.83 Kb, 400x300)

Тағдыр мынау
Әрі қарай

Қарама қайшылық.

Біреулер оранып әлек. Бар матаны үстіне орап
Енді біреулер барын көрсетіп әлек.


  • Мүмкін біз аңсаған демократиямыз осы шығар. Осы екі жақтың өкілдерін бір қораға бірге бір ай қамап қойса қайсысының ұстанымы басым болар екен?
Әрі қарай

Сайт жаңаруда



Сайт дизайны жаңартылуда. Көрген қателеріңіз болса жаза отырыңыздар. Бұрынғыға қарағанда мындай ақ фон жақсы сияқты.

Сайт жылдамдығы туралы да пікір жаза отырыңыздар.

Update: басқа хостингке көшірілді. Өзгеріс байқала ма, пікір жазу кезінде тез кетеді ме?
Әрі қарай

Сағат тағу модадан қалды ма?


Соңғы рет сағатты 2006 жылы тақтым-ау деймін. Неше түрлі сағаттарым болатын. Кейін не үшін сағат тақпай кеткенімді өзім де білмеймін. Бір жағынан ұялы телефондар шыққан соң, сағаттың қажеті болмай қалды-ау шамасы. Қасымдағы көрші қыздың екеуі де сағат тағады. Бірі аксессуар ретінде тақса, екіншісі жай мақсатсыз тағып жүргенін айтады. Қазір сағат тұрмақ алтын сақиналарымды таққым келмейтін болыпты. Күйкі дүниелерден азат болуды әлдеқашан бастаған сияқтымын. Қыздың көзі жылтырақта деуші еді, осы мен әлекей-шүлекей заттарға қызықпайды екем. Сіздерде қалай?
1. Сағатты әрдайым тағып жүремін
2. Тағамын, аксессуар ретінде
3. Тақпаймын, ұялы телефоным жетеді
4. Босқа ақша шашу
5. Егер біреу сыйласа тағамын, бірақ өзім сатып алмаймын
Әрі қарай

Хистори:Унитазтану

Қалада, сәл-пәл болса да урбанизированный деген елді-мекендерде, тіпті қазір ауылда да ғимарат атаулының ажырамас бөлшегіне айналған, ханға да, қараға да бірдей күндіз-түні қызмет етіп тұратын унитазы бар бөлме кезінде императрицаның өзіне арман болған екен. Точнее, бөлме емес, унитаздың өзі.
Әрі қарай

Махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік

Осы жұрт дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың біржақты сезімі. Ал, махаббат деген екі жақты сезім. Бір бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады. Ал сүйіспеншілік деген махаббаттың қазақшасы деуге де болады. Оны ғашықтықпен шатастыруға әсте де болмайды. «Менің саған деген махаббатым» деген басталатын өлең жолдары қате сөйлем меніңше. «Саған деген сезімім» десе дұрысырақ секілді, т.б.
Пы.сы Менің осы постты ілуіме себеп, қазіргі кезде осыларды сапырылыстырып айта беретін болыпты. Сосын білгенімді бөлісейін деген ой келді. Бұл ойлар менің жеке аз ғана зерттеуімніңссстен туған қорытындым еді. Сосын тағы айтарым, махаббат туралы өздеріңіздің нақыл сөзге ұқсаған пікірлеріңізді білдірсеңіздер екен. Тек өздеріңіздің
Әрі қарай