… Балалар өсіп қалды, тәбеттері де ашыла бастады деген оймен көктемде 10 балапан алып едім. Кученские деген тұқымнан. Оның екеуі жоғалды(атжалманба, мысықпа?) сегізі қалған. Өсе келе төртеуінің қораз, төртеуі мекиен екені анықталды… Күтіп баптаудан кенде болмады. Қораздардың біреусін төрт мекиенге басие қылып бөліп қойдым жақында. Үш қоразым бордақыда ;-)… Тауық жұмыртқасын күтуіміз әрине түсінікті нәрсе. Ол болса жоқ. Ракушечникті пешке салып күйдірудің(неғұрлым көбірек жылу алу және оның әкке айлану процесін көру мақсатында) әдіс амалдарын іздеп жүріп, сол нәрсенің үгітінділері тауықтың жұмыртқа бергіштігін күшейтетіні жайлы бір жерден оқып қалдымда тәжірибе жасадым. Жемісі көп күттірмеді — төрт тауықтың екеусі тұқымын бере бастады :-) суреттің алынған жері
ЖОО дипломым жоқ… Бұған дейін оны керек деп те ойламаппын… Жақында соның жоқтығын біреу бетіме басты… Академиядан шығып кетерде дипломды сұраса тек жұмыс бабымен сұрар деп ойлағам… Бірақ біреуге жұмыс істемейтін болғаннан оған аса қиналмайтынмын. Енді сол диплом жүмысқа емес, жеке өміріме қатысты болып отыр. Қалыпты адам болу үшін сатып алсаңда дипломың болу керек екен… Сатып алған диплом туалетке апаруғада жарамайды ғой… Қоғам жындыма, мен әлде жындымын ба ??
Біздің кезіміздегі оқулықтардың тақпақтарының өзі тәрбие еді ғой. Қазіргі оқулықтардың бетін ашпаған соң білмейді екенмін тақпақтарын. Осы жерге есімізде қалған тақпақтарды жазсақ қалай болады?
***
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Сонымен, термин нұсқаларын дауысқа салу әдісін өзгертуді ұйғардық. Себеп, пікірлер ішінде негіздемесі мықты ұсыныстардың пайда болуы. Сканерге байланысты екінші тур ұйымдастыруға тура келді. Әрине, мұнда бірінші турда өміршең боп көрінген нұқсалар қалып отыр.
Атап айтқанда, Gastarbaiter ұсынысын былай негіздейді: менде мынадай ұсыныстар бар. Қосам десең өзің біл.
Ең біріншісі Сканер күйінде қалса, бірақ аздап өзгеріске ұшыраса. Скәнір — Яғни қазақша артикуләтсиямен айту. Еш күлкісі мәмбеттігі жоқ. Корейлер, Филиппиндер, Малазийліктер, Тагалдар «сканер» «секано» «сыкхано» деп түрліше атайды.
Тілі туыс түріктер мен әзерилер Тарайджы (қателеспесем) деп айтады.
Менің тағы бір ұсынысым, "Қаралғы". Ол менің азғындалған фантазиямнан туған сөз емес. Көптеген елдердің тіліне түпнұсқаның ағылшындардың scan-scnaner деген сөздерін аударып шықтым.
Соның ішінде қазақ тіліне scan — сөзі көбіне мұқият қарап шығу, көз жүгірту деп аударылады.
Орыс тілінен басқа тілдердің кейбірінде «Зерттегіш», деген сияқты боп аударылады екен.
Еуропалық тілдерде әлгі филиппиндер мен корейлер секілді, Скануар, Сканор, Сканир деген сияқты версиялар басым.
Қаралғы — қарап шығатын құрылғы — яғни басты етістіктің түбірі мен есімнің жұрнағынан туып отыр.
Қазақтың морфологиясына бұндай сөз жасам түрі жат емес.
Қаралғы. Қаралғыдан өткізіп алу.
Сканировать — Қаралғыдан өткізу, қаралғылау
Жаңа ғана Эксклюзив газеті және Carlsberg компаниясының ұйымдастыруымен болған, блоггерлер және журналистер арасында өткен Euro-2012 конкурсы қортындыланды.
Блоггерлер арасында 1-ші орын алып, енді бұйырса 24 маусымда Киевте өтетін ширекфинал матчына баратын болдым!
Сайтымыздың басқа қолданушылары да құр алақан емес. Marco (Маралбек Сағынғанов) 2-ші орын алып, планшет ұтып алды. Ал technosyndrom (Ерлан Оспан) Оқырмандар таңдауы сыйлығын жеңіп алды, оған берілетін сыйлық ұялы телефон.
Сәлем керекинфо қолданушылары! Бұл менің осы сайттағы алғашқы постым! Бұл тақырыптың дәмі кете бастағанымен, жазуға бел будым. Өзімнің алғашқы постымды Наурыз айының 23-жұлдызы болған блогкэмпте және Астана қаласындағы суреттеріммен жазсам ба деп отырм. Фото-репортаж 4 бөліктен тұрады. 1. 21-22 наурыз поезд. 2. 22 наурыз, Астана қаласын аралау. 3. Блогкэмпте болған суреттер. 4. 24 наурыз, тағыда қалада қыдыру))) Ал енді бастайық!)
I. Бөлім
Ең бірінші өзімізді таныстырып кетейін! Бұл мен) 21 наурыз күні, пойызға мініп кетіп бара жатырмыз!
Ал мынау, сайтымыздың екінші директоры десек те болады. Ахметжанов Дастан
Күн тәртібінде екі мәселе:
1. Астанаға қашан шығамыз? Немен барамыз? Жалпы кім қашан жол жүреді?
2. Алматыда блогкэмптен алдын қашан жиналамыз? Астаналық ұйымдастырушылардың бізге берген тапсырмаларын талқылау керек. (Тапсырмаларды елордалықтар жақында айтамыз деген, не сұрағаныдарын өзім де ұқпадым...)
Ди Каприо мен Кейт Уинслет жұп болып ойнаған «Дорога перемен» атты фильмнен қатты әсер алдым. Шынайы өмірді соншалықты боямасыз бере алуы, жігерсіз еркек пен өмірден нені қалайтынын өзі білмейтін әйелдің өмірін көрерменге жеткізе алған режиссерге (Сэм Мендес) ырза болдым.
Біз қорқамыз… Бетке айтып, шындықты мойындағымыз келмейді… Армандарымызға қол жеткізе алмайтынымызды біле тұра, түрлі себептер іздеп, әйтеуір өз-өзімізді ақтайтынымыз шындық… көріңіздер, мүмкін өздеріңіздің көргіңіз және мойындағыңыз келмейтін тұстарыңызды байқарсыздыр…
Бала болғаннан кейін кейде қиыспайтын өтіріктерді де соғып жіберетінбіз.сондайда қасыңдағыларды сендіру мақсатында мынандай сөздерді қолданасың:
«Лениннің басын ұстаймын, алдап тұрғаным жоқ» Үйдегі (кластағы) кішкене ғана Лениннің бюстінің басын ұстайсың әлгі сөзден соң.
"Қызыл ұстайын"
"Әке-шешемнің қанын ішейін" бұны шын сөзіңе сендіре алмаған кезде айтып жібересің ет қызумен.
«Октябрят болмай кетейін»пионерге жете алмай қалдық не дегенмен))))
Сіздер қалай иландырушы едіңіздер?
Алматыға Сигма есімді атыраулық керекші келе жатыр. sigma ертең кешкі 9-30-да Алматы-2 вокзалында пойыздан түседі. Уақыты тығыз болғандықтан, дәл сол кеште, яғни ертең жиналсақ қалай болады деп ұсыныс тастап отыр. Мафия ойнайық деген өтініш білдірді. Қыздар, ұлдар не айтасыңдар? Кездесу ұйымдастырамыз ба?
Толықтыру: Қай жерге жиналамыз, соны да талқылай отырсақ.