… Балалар өсіп қалды, тәбеттері де ашыла бастады деген оймен көктемде 10 балапан алып едім. Кученские деген тұқымнан. Оның екеуі жоғалды(атжалманба, мысықпа?) сегізі қалған. Өсе келе төртеуінің қораз, төртеуі мекиен екені анықталды… Күтіп баптаудан кенде болмады. Қораздардың біреусін төрт мекиенге басие қылып бөліп қойдым жақында. Үш қоразым бордақыда ;-)… Тауық жұмыртқасын күтуіміз әрине түсінікті нәрсе. Ол болса жоқ. Ракушечникті пешке салып күйдірудің(неғұрлым көбірек жылу алу және оның әкке айлану процесін көру мақсатында) әдіс амалдарын іздеп жүріп, сол нәрсенің үгітінділері тауықтың жұмыртқа бергіштігін күшейтетіні жайлы бір жерден оқып қалдымда тәжірибе жасадым. Жемісі көп күттірмеді — төрт тауықтың екеусі тұқымын бере бастады :-) суреттің алынған жері
Раукушечник тіпті жақсы болды… Кальциі көп болса керек. Былайынша қабықтар: тауық жұмыртқасының, бөдененікі, картоп пен қырыққабаттыкі болып кетіп жатыр ғой :-)
Очм, былай:
Ия, ағам ол кезде әлі әскерде еді. Жазда асырап, күзге қарай союға 50 үйректің, 20 бройлер тауықтың балапанын алдық. Сөйтіп біраз өсіп аққанаттанып қалғанда, бір күні қатты жаңбыр жауды. Әлгілер далада тұратын торлары су-су болып қалғасын, әлгілерді топырлатып қораға кіргізіп бос жіберже салдым.
Ертесіне таңертең қарасам… О тоба, бәрін қырылып қалыпты… Жауыз біреулер аналарды мойындарынан бір қысып өлтіре берген, жеп те жарытпаған… Бір бұрышта 2-3 үйректің балапандары қалған, қаңқ-қаңқ етед, көздері алақандай болып кеткен, ужысқа толы...(((
Егеуқұйрықтардан көрдім, подвал толы дән болатын, соған келгіштеп жүретін. Өш алмақ болып, үй-үйлерді аралап таратқан егеуқұйрыққа арналған уды колбасаға қосып қораның бұрыш-бұрышына қойдым. Ертесіне қарасам, әлгі улы тамақты біреу жепті. Сөйтсем, жеген егеуқұйрықтар емес, байлаулы тұрған ит босанып кетіп соны жеп қойған екен, мен көргенде, уже тырайып, 4 аяғын созып өліп жатқан еді(((
сол үйректер ғой, бұрыннан бар олар. жаз бойы асырайсың да, күзде шашлық қылып жейсің. Бір жаманы шошқадан бетер сасық, тұратын жерлері. Үйден алыс ұстау керек.
Ит емес, ол байлаулы ғой. Сол алибиі құтқарды оны. (Әлде құтқармады ма)
А так, ол иттің ондай әдеті бар еді, соның алдында қызық үшін асырап бастаған 4 көжекті… өлтіріп тастаған.
Сиыр бақтың, оны өлтірдің, тауық пен үйрек ол да кетті, ит жанама құрбан болды, жануарлармен қарым-қатынас қиын болған екен. Мысығың бар ма деп сұрауға жүрексініп отырмын… )))))))))))
уахахахахахаха ооой мамааа таңертеңнен кіріп мұнша күлемін деп ойламап едім:))))))))))
шынымен жануарламен қатынасың нашар екен АКУ:))))
Бір ретте мамам қонаққа кеткен, мен апайым үйдеміз, үйде үлкен бұзаулар тұрған, әлде уже тайынша ма еді, сон ішінде біреусі қалай екені әйтеуір, оттыққа құлайды да, кептеліп, содан шыға алмай, тұншығып өледі. Ол бейшара біраз жатқан қиналып, ал біз бармағанбыз қораға. Содан сол ақыры дымға жарамай, арам қатты бейшара:(( Содан кешкісін пападан ұрыс естідік мамадан бастап…
Бірде апам қорадағы ақ тауықтың біреуін арықтағы суға апарып түгелдей суға батырды да, босатып жіберді. Ертесіне тандырға нан жауып жатып қолы тимегендіктен тауықты ұстап алып маған батыр деді. Мен әлгі тауықты қораға қамап, ұстап алдым да суға батырдым. Оны суға батырған қызық болып кетті ме, батырған үстіне батыра бердім. Сосын әлгі тауық кеш батқанша шарбақтың үстіне шығып алып күннің көзінде бүрісіп отырды. Апам менің бірдеңені бүлдіргенімді біліп, «батыр дегенге осынша малмандай су қылдым дедім бе? Мына байғұс дірдектегеннен жүре алмай қалыпты ғой» деп ошақтың алдындағы шоқтың қызуына жақын әкеліп қойды. Түнде тандыр ошақтың үстіне жылы киіз төсеп сонда қонақтатты. Айтпақшы, әлгі тауықты апам жұмыртқа басып күркетауық болмасын деп істейтін әдісі екен. Тауығымыз ертесіне де мазасы болмай жүрді. Үшінші күні аттай шауып кетті)))
Сол төрт мекиеннің жұмыртқаларын 30 мамырда өзім жасаған инкубаторға(қазақша?) кейде үшеуден кейде төртеуден салып отырдым. Суретті кейінірек қоярмын. Алғашқы бес баслапанды көргендегі балаларым мен немеремнің қуаныштары мен таңқалыстарын айтып жеткізе алмаспын. Өзімде қуаныштымын Егжей тегжейімен суретті қосып КЕРЕКшілердің керегіне жаратуды дұрыс көрдім. Жұмыртқалардың жалпы саны 26. «Сақпан» -басталды ;-) Алтыншы балапан(диалект?) шиқылдап қабыршықты жарып жатыр
Бұлар жаңадан қабыршықты жарып шыға бастағандары. Біраз сол инкубатордың ішінде кебіңкірейді. Кейін бөлек қорапшаға шығардым :-)Cурет соткамен түсірілген сапасы нашар
Кеуіп, естерін жиған алғашқы екеуі… Кучинка деген түрі бұлар тауықтардың(Жұмыртқа жақсы береді, әтештері ірі болады) Инкубаторға жаратқандарым: ескі тоңазтқыш, төр лампа 40 ваттық, жылу реттегіш, таяз ыдыста үнемі су тұрды, күніне 3-4 рет аударыстып тұрдық(алдын ала саусақтарымызды ыдыстағы суға ылғалдап алу керек). Арасында 2-3 рет жарық 4-5 сағатқа өшкен кездеріде болды. Ол кезде инкубаторды ашпауға тырыстық. Айтпақшы бір жылу өлшегіш ішінде ылғы жатты(температура 37-39 аралығында болғаны дұрыс. 23 — сөткеде балапан шыға бастады…
Ал мыналар Бройлер тұқымдас үйректер. Өздері етті, жұмыртқа баспасада жұмыртқа туғыш келетінін естіп-білдім.Инкубатормен көбейетін селекциялық тұқым екен. Биылша балапандай сатып алдым, келесі жылға 1-еркегі мен 3-4 ұрғашысын алып қалмақпын(инкубаторға)
әңгіме тауық жөнінде болса, бір қызық жағдайды жаза кетейін. Біздің үйде 30 шақты тауық 1 әтеш болатын. Жыл сайын балапан басып өздері көбейіп отыратын. Бір күні таңертең қораға барсақ барлығы қылжиып жатыр, бір-екеуі шала жансар, бір нәрседен уланған ба білмедік. Хош, сонымен отыз тауық бір күнде жоқ болды, жалғыз әтеш қана тірі қалды. Әтеш байғұс стресске ұшырады, оңай ма енді… Көрші үйдің тауықтарына ұрын барам деп олардың әтештерімен шайқасқа түсіп өмірін өткізіп жатты. Бір күні әйтеуір көршінің бір сұрғылт тауығын өзімен ерте келді. Оны көріп шешем көрші қатынмен дипломатиялық кездесуге кетті, типа тауығыңды ренжітпейміз, бізде жүре тұрсын, анау-мынау… Сөйтіп, сөздің қысқасы әлгі тауық жұмыртқа басты, алты балапан шықты, олар адам бола келген кезде күзде тауық өз үйіне кетіп қалды. Содан бері қанша жыл, қорамызда содан өрбіген тауықтар жүр әлі… Кейде сол марқұм әтешті еске алып қоямыз.
58 жұмыртқадан 49 балапан алынды. Атжаламандар біразын жалмады. Келесі жылы ультрадыбыстық қондырғыны қолданбасам болмас — кеміргіштер жоламайтын болса керек.
Неткен көрегенсіз. 10 бұзау алсаңыз жеке сайт ашып жазатын шығарсыз
Общым, Қилекең аз шығыспен кіріс аласыз бұйыртса)
Ия, ағам ол кезде әлі әскерде еді. Жазда асырап, күзге қарай союға 50 үйректің, 20 бройлер тауықтың балапанын алдық. Сөйтіп біраз өсіп аққанаттанып қалғанда, бір күні қатты жаңбыр жауды. Әлгілер далада тұратын торлары су-су болып қалғасын, әлгілерді топырлатып қораға кіргізіп бос жіберже салдым.
Ертесіне таңертең қарасам… О тоба, бәрін қырылып қалыпты… Жауыз біреулер аналарды мойындарынан бір қысып өлтіре берген, жеп те жарытпаған… Бір бұрышта 2-3 үйректің балапандары қалған, қаңқ-қаңқ етед, көздері алақандай болып кеткен, ужысқа толы...(((
Егеуқұйрықтардан көрдім, подвал толы дән болатын, соған келгіштеп жүретін. Өш алмақ болып, үй-үйлерді аралап таратқан егеуқұйрыққа арналған уды колбасаға қосып қораның бұрыш-бұрышына қойдым. Ертесіне қарасам, әлгі улы тамақты біреу жепті. Сөйтсем, жеген егеуқұйрықтар емес, байлаулы тұрған ит босанып кетіп соны жеп қойған екен, мен көргенде, уже тырайып, 4 аяғын созып өліп жатқан еді(((
Селекционерлер үйректіңде бройлер түрін( 2 айда жетіледі) шығарыпты. Быйыл сатып алуға мұршам болмады…
А так, ол иттің ондай әдеті бар еді, соның алдында қызық үшін асырап бастаған 4 көжекті… өлтіріп тастаған.
Мысықты өлтіруге себеп алай да, былай да таба алмаған соң, тупо атып тастадым. ©AKY
Мысығым болған… Ия, болған…
еееее, бұл да өткен шақта айтылды…
құрбандардың қатарына 4 көжек те кетті…
Ашуланғың келсе, Анимал планет каналын қарайтын шығарсың… ))))))))
шынымен жануарламен қатынасың нашар екен АКУ:))))
Бір ретте мамам қонаққа кеткен, мен апайым үйдеміз, үйде үлкен бұзаулар тұрған, әлде уже тайынша ма еді, сон ішінде біреусі қалай екені әйтеуір, оттыққа құлайды да, кептеліп, содан шыға алмай, тұншығып өледі. Ол бейшара біраз жатқан қиналып, ал біз бармағанбыз қораға. Содан сол ақыры дымға жарамай, арам қатты бейшара:(( Содан кешкісін пападан ұрыс естідік мамадан бастап…
сен жазған ракушечниктің үгітіндісін соларға беріп көру керек екен.