Жылап та алдым...

Ди Каприо мен Кейт Уинслет жұп болып ойнаған «Дорога перемен» атты фильмнен қатты әсер алдым. Шынайы өмірді соншалықты боямасыз бере алуы, жігерсіз еркек пен өмірден нені қалайтынын өзі білмейтін әйелдің өмірін көрерменге жеткізе алған режиссерге (Сэм Мендес) ырза болдым.
Біз қорқамыз… Бетке айтып, шындықты мойындағымыз келмейді… Армандарымызға қол жеткізе алмайтынымызды біле тұра, түрлі себептер іздеп, әйтеуір өз-өзімізді ақтайтынымыз шындық… көріңіздер, мүмкін өздеріңіздің көргіңіз және мойындағыңыз келмейтін тұстарыңызды байқарсыздыр…
Бөлісу:

81 пікір

Gastarbaiter
Екеуі де бір-бірін жақсы көрмейді. Екеуінде де эгоизм басым. Бірақ екі эгоист те ебін тапса, дұрыс жұп құрып өмір сүре алады.
Жаңадан үйленгендерге, әсерге берілгіштерге, көргеніне еліктегіштерге қарауға кеңес бермеймін.
Өте терең фильм. Біреуге шок болар, біреуге мұңайған боқ болар.
Өз басым біраз нәрсе үйрендім.
Адамды өмірлік жарың етіп таңдасаң, тым көп талап қойып, мыжи бермеу керек. Егер өзіңді қалай кемшіліктеріңмен қоса қабылдайсың, тап солай қабылдай алмасаң, онда үн түнсіз, айғай шусыз ажыраса салған артық. Бала, жағдай, жұмыс ештеңеге қарамау керек.
Адамды өзгертуге тырысу, тым арманшыл болу жақсыға апармайды.
Есейіп ес тоқтатып бастаған қарым қатынас та естірек болады.
Лео Ди Каприо мен Кейт Уинслеттің керемет ойнаған рөлдерінің бірі. АНТИ-ТИТАНИК десе де болады.
qisyq
+++ Айтайын десем, боян қылып алам ба деп отырмын сенің пікіріңді)))
neoman
Мықты рецензия!

Әйтеуір, жараспайтын жұпты көрдім мен (өз басым кінәнің басым бөлігін қыздың мойнына артып қойдым).
Неге жараспады? Бір-бірін шынымен сүймегендіктен бе? Әлде сүйсе де, армандары бөлектеу болғандықтан ба? Мүмкін, мінездері келмеген шығар бір-біріне. Түсіністік жетіспейді, компромис жетіспейді екеуіне де.

Қалай болғанда да, екеуі тым ерте үйленіп қойыпты. Асықпау керек, мен соны ұқтым)
Esmeralda
Сіздің пікірлеріңіз ұнайды, неге пост жазбайсыз?
neoman
Рахмееет!
Жұмысым онша мүмкіндік бермейді, программист, журналист я саясаткер емеспін… демалу да керек, қайтадан комптын алдына отырып алмай.
Мүмкін, жазармын әлі. Ойларымның немесе көңіл-күйімнің қағазда қалғанын қалаймын ше
salta
толық келісемін, өзімнің кемшіліктерімді көріп жыладым… "Құтырған қатын" деген лақап атымның шынымен де тура қойылғанын мойындадым…
Aldeken
ақылды тентек…
salta
түсінетін тек сен ба деймін кейде…
Aldeken
иии, жүректің майы десе…
aizhan
міндетті түрде көру керек екен, сіздің айтқаныңызға қарағанда, өзімді көріп қалармын)
meirzhan
Осы сіз сайтқа қаңтар айында ғана келесіз иә?
aizhan
 оны қай жерден байқадыңыз?
meirzhan
Соңғы жазбаңызды бір жыл бұрын жаздыңыз.
Аватарыңыз көрінбейді, бір жыл бұрын суретті салып, жаңартпағаныңыздың белгісі. )
aizhan
 бәсе, аватарыма не болып тұр десем, бұл олқылықтарды түзеуге тырысармын, байқампаз екенсіз. Керекинфо әлі дабай болып тұрғанда алғашқы жазбалардың бірін жазғаным есімде, одан кейін неге екені керекинфоны ашсам да жазудың орайы келмеді, енді олай болмас
balzaminka
Рахмет, Салта. Көптен қараймын деп, бірақ интернеттен фильм іздегенде ұмытып кете беретін едім, енді міндетті түрде қараймын
aizhan
неге Салта?))
balzaminka
Пост авторы Салта емес пе енді . Туһ, қателестім бе деп он рет тексердім ғо
aizhan
ааа… точно...)) мен Гаста деп отырмын ғой. Ойлап қоямын Гастаны неге Салта дейді деп, мүмкін бір араларындағы прикол шығар деймін комп алдында көп отырғанның белгісі)
meirzhan
Гастаның «жылап та алғанына» таңғалыс болды ма?
aizhan
жоқ, ойлап қоям қандай жақсы киноларды көреді деп)
KILYZAMAN
«Сентименты» — сен тимесең, ол тимес еді
balzaminka
Салта, кеңесіңмен қарадым. Еш ұнамады, әйелді де, ерді де түсінуге тырыстым, дегенмен отбасыны қабылдай білуден бұрын, адам өз-өзін таба білгені дұрыс сияқты. Ана досы айтады ғо, Францияда да осындай тірлік деп. Қай жақта болмасын, бір тірлік, адресті ауыстырғанмен проблемалар кетіп қалмайды, тек өзіміз түсіне білсек не керек екенін. Ажырасуларына не кедергі болғанын түсінбедім, шөпті ері де, әйелі де салып жатыр отбасы моралі десек…
salta
тұрмысқа шыққансыз ба?
balzaminka
жоқ
salta
бұл жерде мен тек ажырасу, шөп салу емес… олар ажырасқан да жоқ… Сатыбалды мырза тағы да тұрмысқа шыққанын айта алмай отыр дер, дегенмен де фильмдегі сезімді отбасын құрған адамдар жақсы түсінеді деп ойлаймын… Бұл проблемаға Гаста секілді қарау да дұрыс сияқты…
balzaminka
Салта, мен сіз бірнәрсе дедіңіз дедім бе? Осы фильмнің сценарийін жазған, болмаса қоюшы режиссері, болмаса продюсері ме едіңіз? Мен сізге ешқандай талап қоймаған едім, неге олай айтып отырғаныңыз түсініксіз.

Ал, енді сұрайын: Ажырасуларына не кедергі болды? Бірін-бірі сүйді, сыйлады? Олай болса, неге шөп салды? Олай болса, неге өзін өлтірді? Олай болса, неге ері әйелі жалынып сұрағанда Францияға кете салмады? Олай болса, неге әйелі ерінің шешімін оң көрмеді?

Отбасындағы кісілер мұндай жағдайды түсінбесін деп тілеймін. Себебі, осы жердегі әрбір азаматқа Алланың жазған бар жақсылығы бұйырсын, отбасында тек қана татулық, сыйластық әрі бақытпен ұштасқан бақыт болсын деймін. Фильмдегі жағдайлар өмірлері тұрмақ, түстеріне де кірмесін!
sammita
өте дұрыс айттың. Сен әдеттегідей мықтысың ардақты бальзаминка көре алмайтындар ішіп кетсін
salta
сізге не жорық?! айт десе ит жүгіреді, ит соңынан қыз жүгіредінің керін келтіріп… ауыз өзімдікі екен деп сіз де аузыңызды басқа жерден тесе салдыңыз ба? жол болсын… естісі бар, есері бар екенін де ұмытпаңыз…
Aldeken
Салта, мен сіз бірнәрсе дедіңіз дедім бе? Осы фильмнің сценарийін жазған, болмаса қоюшы режиссері, болмаса продюсері ме едіңіз? Мен сізге ешқандай талап қоймаған едім, неге олай айтып отырғаныңыз түсініксіз.


Бальзам ханым, негізі Салтаның бұл фильмді шаығаруға қатыстылығы сіздікінен аспайды (жай көрермен дегенім ғо), басқалар фильм туралы пікірін жай пікір ретінде білдіргенде, сіздің өз пікіріңізді Салтаға бағыттағаныңыз қалай деген сұрақ туындайды. Бір адамға ұнаған нәрсе, басқаға ұнай бермейтіні рас қой. Ұнаған екен ұсынды, ұсынған екен қарадыңыз, сізге ұнамаған екен, фильм идеясынан тапқан олқылықтарыңызды көрерменіне айтып, қажеті жоқ шығар...
sammita
маған да адвокат керек еді, қымбатсыз ба… былай
Aldeken
Не ғо, Салтаның ашынасы едім, если шо, ол да қызықтыра ма сізді?
sammita
салтаң тіпті қызықтырмайды, сосын не ғо өсек, артық сөзге де жақындығым жоқ.
Aldeken
Жарайд, саммита ханым, көңіліңізге келмесін, ол өсек емес ед, негізі… Жақсы көрем оны, шын айтам… Қазір ара түспесем, ертең махаббатыңды қорғауға әлсіз болдың деп шығатындар да болуы бек мүмкін ғой… заман қиын…  артық кетсем, кешірерсіз…
salta
өз сөзіңізді өзіңіз жоққа шығарып отырсыз… екі өкпеніңізді қолыңызға алып жүгіріп келіп, жазар алдында ақылыңызға да кезек беру керек секілді…
salta
действительно қымбат… шашыңызды бір талдап жұлсаңызда, Алдекеңнің тырнағына да татымайды…
balzaminka
Менің бар қатем «Салта, кеңесіңмен қарадым» дегеннен кейін абзац қоймағаным, Алдеке. Ал қалған нәрселер ол кісіге бағытталмаған. Байқасаңыз, алдында рахметімді айтқан болатынмын осы фильмді ұсынғанына, мда, түсініксіз жағдай. Объективно болу керек адам деген. Сосын, бір кісі сол фильм жайлы пікірін білдіріп отқанда өзге кісіге
фильм идеясынан тапқан олқылықтарыңызды көрерменіне айтып, қажеті жоқ шығар...
деп айтқан артық
Aldeken
Уоот, бұл енді тошно Салтаға айтар сөзіңіз ед. Дегенмен, шамданып қалсаңыз, кешірім етіңіз. Салтаға да айта салармын, артық болмас.
Aldeken
еееее, қоғамдық пікірдің барометрі болғаныңыздан айналайын, сіз төлесеңіз сіздікін де дұрыс дей салармыз, әйтеуір, ашына-адвокат қылдыңыздар ғой ақыры…
sammita
дәл сенімен әзілдесіп отыр едім, несіне дұшпан көрдің? қай жерде жаман сөз жаздым саған
Aldeken
ашына-адвокатты көңіліме алып қалсам, прокурор-насильник болып келер едім ғо баяғыда. Сіздің ой тоқтатып, қисынсыз әрекет пен шалағай шараларға бармайтыныңыздан үміттенем өз басым…
salta
сіз фильмді аяғына дейін көрмегенге ұқсайсыз… ажырасқан жоқ олар… өліп қалды біреуі… тұрмысқа шығыңыз, күйбең тіршіліктің құрбаны болыңыз, арманыңызға қол жеткізер уақытта тағдыр сізге тағы бір сыйын дайындасын… түсінесіз…
AKY
 Уфф, құдай-яй, ажырасты деген жоқ, неге одан да ажыраса салмайды деп фәлсафалап пікір білдіре қойып еді…
Точны, сиырдың сирағы болды бұл
sammita
қиын, қиын шынымен.
salta
кет нақ… саған қалған сөз жоқ…
AKY
ойбу, ият-тағы. боқауызы нес?..
sammita
біз мына жерде боқауыз оқып отсақ, біреулер конферде әңгімені ұрып отқан шығар пішінәймен
Adiletshu
Соғыс 2 фронта жүрді. Үшінші фронтта да қақтығыстар болып қалуы мүмкін. Араларына от салатын үшінші жақ табылса
Abilakim
қылышың боқ болып қалмасын)
sammita
жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап
asaubota
сізді өмірде көрмесем де жақсы көретінімді айта кеткім келіп отыр. ана жақта жазған пікіріме мында жауап тұр екен
sammita
әй бастық бала, мынау не масқара? жайдан жай минустап тастапты ғой? «Жоқ» деген жауап мысалы кімге ұнамай қалған? бөлініп өздерінше болғандар өңшең.
dark_nazgul
ақымақ қатын екен
balzaminka
келісем, ақымақтың ақымағы
asaubota


мынаны қарау енді шарт болып қалған сияқты ғой мыншама әңгімеден кейін
sammita
шартың не, көр дегенді қарай беретін ақымақ емеспіз
satibaldi
Түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі…
dark_nazgul
туй, осындай ақылды ойлар айта берсеңіз, плюстайтын мульондарым таусылып қалар ма екен…
satibaldi
Меніңше бұл жерде дауласушы жақтар бірін-бірі түсінбей отыр. Әңгіме мынада боп тұр. Біреуі бүйрек десе, екіншісі сирақ дейді. Екіншісі жақсы, ендеше сирақ десе, анау мен сиырдың сирағын айтып тұрмын деп аспанға секіреді. Екіншісі жалпы сирақ деп тұрған жоқпын ба, оған сиырдың да, қойдың да сирағы кіред десе, анау…
Біләәә, америкөттік кризис-менеджерлер сияқты өзімше обрызбен шешкім келіп ед, шықпай қалд нақ! Уішівөліңдер нақ, салыңдар ылаңды!!!
balzaminka
бекерден бекер жақсы көрмейді ғой Сізді осындағы қыздар
dark_nazgul
мен де ғашық бола бастағандаймын
Zilola
Мырзамнын орны болек го кашанда
sammita
аса әділетті әрі қамқорлығы мол
monti
Кейт нау жерде үрі бір қызық ага, сырт пішіні өзгерген, очм мұрны тым үлкендеу боп қаған сияқт, мындай шашпен
Ди Каприо бір жақсы көрерім, кішкентай бала, то 40 асқан ата, то жас жігіт боп ойнай беред

нау жерде түсінгенім, 2 балалы болғанда бірін біріне ғашық бомай қаған? Американ көп киноларында солай, балалы бола сап, кризистерін көп корсетед қаламайд кен, келсім шарт жасасу керек ғо, балалы болмаймыз деп
balzaminka
Кейттің «Чтец» деген фильмін көрмеген екенсің ғо, Оскар алған сол рөлі үшін.

Леоның осы фильмдегі ойыны ұнады, ерді жылатпасын дейді ғо, жылатуға апарған әйелді Алла кешірсін енді
sammita
айналайын бальзам, сен фильмге пікір жазбай-ақ қойШ
salta
сезімдері сөнген жоқ, Ди Каприо қатты жақсы көреді келіншегін, арман тілектері де бір болды, ол өзін жігерлі жігіт ретінде әйелінің жанында сезіне алмайды, әйелі соған үйреніп алған, басқа әйелмен төсектес болғанда да өзінің еркек екендігін өз-өзіне мойындатуы еді… туған күнінен дайындаған дастарханын көргенде жылап жібереді, көзінде өкініш болды, әйелінен оны күтпеді, шөп салу арқылы өзін жеңімпаз санап еді, әйелі андай тірлігімен жеңіске жетті… әйелі де ерегісіп шөп салды… оның да себептері болды…
satibaldi
Лібә мына екеуі әлі?
sammita
5-тің шәйін ішіп заправка жасап алды
Bekzhan
Мына жерде тым артық кетіп қалыпсыңдар. Тұрмысқа шыққаның бар, шықпағаныңда, ұят емеспе осылай сөзбұйдаға салынып отырған… уооотт… Салтаның бастаған ренжітпейтін әңгімесін арыда, беріде тартыпсыздар. Қайта бір оқып шығыңдаршы, ана сөздеріңнен ұялмайсыңдарма? Оқып отырып мен ұялып кеттім, күлетін түгіде жоқ.
sammita
Бекжан асыл ер-ау, сіз пікірді ретімен емес уақытымен оқып шығыңыз. Сонда біздер кінәсіз боп шығамыз
salta
кешірім өтінемін…
Bekzhan
 уооот, сөзге келу, тәртіпке бағыну деген осы шығар… Ризамын, салта!
Abilakim
Бекжан мырзаға боқ басында оқ тиіпті-ау...әділін айтып отыр еді негізі.
Simona
Мен бұл фильмдi жaңaдaн шыққaндa көргем, есiмде қaлғaны ол әйел өз қолымен aборт жaсaудaн қaйтыс болaды емес пе. Яғни өзiн өлтiрудi жоспaрлaмaйды. Ол уaқыттa AҚШтa aбортқa рұқсaт болмaғaн уaқыт болсa керек. Күнделiктi бiр сaрынды өмiрден жaлыққaндықтaн жaсaлғaн әрекеттер.
Мен үшiн бұл фильм «Как малые дети» (Кейт Уинслетпен) ,«Красота по-американски» сияқты фыльмдер кaтегориясынa жaтaды.
Aizhantabyn
От жиру бесятся. Әрине, баламды немен тамақтандырам, не кигізем үстеріне, қалай оқытам демейді, бәрі дайын. Теперь подавайте развлечения. Көп американдық фильмдердің желісі осындай, бәрі керемет, потом кризис среднего возраста, послеродовая депрессия, просто депрессия, стресс т.с.с. мозгохавство.
Gastarbaiter
Сатыбалдының: «Бейромантик отбасындағы» жұпты оқып отырып, осы тақырып есіме түсті, неге екенін.
Бейшара қатында (Сатыбалдының сюжетіндегі) да біраз арман кеткен шығар ішінде…