Асан Пердешов: Тек сені сүйдім "Қалдықызым" деп...

Мен: — Ассалаумағалейкум Асеке
Асан: — Уагалайкумсалам…

Мен: — Сенің бірінші бейнебаяның "Қара қызым" қалың көпшілікке ұялы телефон арқылы тараған деп айтушы едің?..
Асан: — Ия /күлді/

Мен: — Бұл жыл сенің шығармашылығың несімен ерекшеленуде?
Асан: — Өзіңіз білетіндей көптен күткен есеп концертімді Шымкент қаласындағы «Халықтар Достығы үйінде» өткіздім. Қалай өткенін көрермендер бағасын беріп жатар, ал өзіме келер болсақ жақсы дәрежеде өтті. Кештің бейнелік нұсқасын жинақтарымды шығарып отырған "Қазақ толқыны" студиясы сауда орындарына шығарылуына ат салысып жатыр.

Мен: — Сын пікірлер, алып қашпа әнгімелерге көзқарасың қалай?
Асан: — Сын-пікірлердің легін есітіп біліп жатырмын. Тыңдаудан шаршамаймын. Мүмкіндігі барынша сол пікірден ортақ түйін қорытынды алуға тырысамын… Журналистикаға келер болсам қазіргі таңда шығып жатқан журналдарда жазылып жатқанның барлығын рас деу қиын. Оның алыпқашпа әнгімеге арқау болатынын да жасырмаймын. Бірде көзім ауырып емделіп шыққанымды есіткендер «Жаман ауырумен Асан хал үстінде жатыр екен» деген сөз тарап жолдастарым қоңырау шалып, жағдайымды біліп жатқан кездер де болған. Бірақ көрші облыстан гастрольдік сапардан келе жатқанымда «Асан көлік апатынан қайтыс болыпты» деген де хабар тарапты. Мен байланыс жоқ жерде келе жатқанмын. Таныстарым бір дүрлігіп ақырында "Ұзақ жасайды екенсің" деп көңілдері орныққаны бар.



Мен: — Керекинфоға кіріп тұрасың ба?
Асан: — Компьютер алдында уақыт тапсам кіріп тұрамын… Тіркелмегенмін бірақ… Өзіңіз тіркеп берсеңіз басқаша бір никпен, дұрыс болар еді…

Мен: — Кімге сәлем айтасың?
Асан: — КЕРЕК деген — депутат, асаба, журналистерден бастап мектеп оқушыларына дейін ғажап контингент. Бәріне, Барлығына… ҮЛКЕН, ҮЛКЕН сәлем!..
Тек мені сүйдің Қалдықызым деп, Қалдықызым деп… /@Zilolaның жазғанын есіне түсіріп әндетіп айтып бір күліп алды/ Қалдықызға жеке сәлем…

Мен: — Керекшілер кездесуіне қатысуға қалайсың?
Асан: — Шақырсаңыздар егер, қолым бос болып тұрса міндетті түрде барар едім…

Бұдан былай КЕРЕКТІҢ керекшісіне айналғалы отырған Асанға сәттілік тіледік…
Суретті астына қойдым…
/А4 форматына тілек жазып қол қойып, подчеркінен ұялып жыртып тастады/

/Шымқаладағы кештегі суреттерден/



Жаңа әндері
Ұмыта алмаймын

Бөлісу:

80 пікір

VKM
Мақпал, ол сонда біздің жезде ме?)))
Тойкөйлек дайындайын ба не?
edige
Көпшілік біліп қоймасын деп сытылғанына қараш. Бір гәп бар ...
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 14:42
Zilola
Хе-хе, Асанды танымасам да, ол мені таниды екен, өзімді Жұлдызай жұлдыз сезініп кеттім ғо
Негізі «Тәтті сезім» деген әні бар еді ғо, соны неге екенін білмеймін елдің бәрі Қайрат Нұртастыкі деп айлайды ғо.
Өткен жолы бір таксиге мінгенмін, сол таксиден альбомын тыңдап бардым. Әндері көп екен.
Менің Жаңатасымда Қалдықыз деген мектеп директоры бар, өте жақсы апай (кезінде біздің мектепте математика-информатика пәнінен сабақ берген), кейін басқа мектепке ауысып кетіп, қазір басқа бір мектепте директор. Сол мұғалімге арнап оқушылардың орындап жүргені екен деп естігенмін «Тек сені сүйдім Қалдықызым деп» деген жерін ұрлап алдым ))
Zilola
Сәлемін қабыл алдым, енді «Тек сені сүйдім Қалдықызым деп» деген жолдың эмпыүш нұсқасын фақат Зилола учун жасап берсе, бір умир разы булардим
edige
фақат Зилола учун
  Басқа ән арнаймын, мұнда ұйқас қана кедергі болып тұр дейді.
Zilola
не деген наглость демесін  ақыры арнауға келісті екен, шын есімімді қосып жазшыншы онда
Әке-шешеме мақтансам, сен емессің деп сенбей жүрер, Мақпалым деген сияқты болса қатып кетеді. Папам мені Мақпалым деп еркелетіп отырады
Алматыда концерті болса, барып көретін екен. Маған арналған ән орындалса, ващще подтанцовка, бек-вокалға да дайынмын ))
edige
Ақмарал деп ән саламыз
Ақмарал деп жар саламыз
Ақмарал деп би де билейміз — деген флуд-арнау әнге кезінде билегеніміз есіме түсіп кеткені…  /Әзіл еді./
* * * *
Кездеспеген қызға ән шығару қалай болады екен… Керек кездесуі болып жатса ән де шығар
Zilola
Өнер үшін жан пида кездесуге қарсы емеспін ))
мен қайбір өзімді ойлап отыр дейсіз, тағы да бір қазақша әннің шығуына себепші болайын дегенім ғо жәй ))
Асан енді мына сөздерді оқып, тайып тұрмаса болды да «мына қыз жұлдыздан да биіктеп кетті ғо» деп
edige
))))))))))
Zilola
бұл жымиысты кімдікі деп қабылдайын ағасы?
edige
Ұялымен хабарласып айтып отырмын оған кәзір
VKM
Едіге аға, оған айта салыңызшы, біздің Мақпал принцесса деп. тіпті 2 ән арнаса да көп емес)))
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 15:54
alisha
Әбіләкімнің жарнамасы ашық тұр екен))) Әбіл отырған болар дәмеленіп, жуық арада тойға бірге шығуға ұсыныс болатын сияқты деп)
Abilakim
шілденің 10-25 аралығы бос емеспін)))))
asaubota
Керекке әншілер де керек!

Асанның мында біраз әні бар, тыңдаймын десеңіз www.dastan-studio.kz/?page_id=2873
Zilola
Кездесуліктер Көлсайға сапар ұйымдастырамыз бұйыртса, сол кезде экспедициямызда Асан болса жақсы болар еді
Менің сіңілімнің қалтафонында Асанның әндері көп, қарақызды да содан тыңдағанмын. Асан жастардың арасында тез тарайтын ән орындайды, сіңілімнің арқасында жаңа қазақша әндерді тыңдап танып жатамын
Abilakim
Асанның әндерінің бірсарындылығын ескере отырып, оның әндерін тыңдай алмайды екенмін. Суицид жасауға ыңғайлы әндері
edige
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 16:02
Abilakim
бәрібір сол қалыпында қалған екен.15-16 жастағы қыздар аудиториясының әншісі.
VKM
Қойсаңызшы, жезде болып қалуы мүмкін)))
Abilakim
Мәселе оның бізге күйеу бала я жезде болғанында, немесе осы сайтқа кіріп сырттай оқуында емес. Әндері маған ұнамайды, біреуге ұнайды.Мен өз пікірімді ашық жаздым. Қоңыр дауыс әр қазақта бар. Қазақ өзі қоңыр үйде қоңырқай тіршілік кешіп, қоңыр кеште қоңыр дауысымен ән айтқан ел ғой. Енді соның бәрі ән жаза берсе не болады? Асанға айтарым тек өзі ән шығара бермей, басқалардың әнін көбірек айтсын. Ит сойса да бит сойсада қасапшының сойғаны дұрыс
edige
Қазақтың әншілерінің барлық елге ұнауы мүмкін де емес. Бордовый дауыс Досымжанды барар жеріне апаратындар да табылған бұл КЕРЕК қой.
Әркімнің өз жолы. Өзі білсін. Есі кіріп есейгенде ЕЛІМ деп ән айтпасына кім кепіл. Серкебаев, Шәмші бірден болмаған ғой. Өз аудиториясы бар болса болды дә… Жолын тауып бақытты болсын…
Zilola
Хе-хе Венка
Ол деген кішкентай бала, и тем более менің жазғанымды көріп жәй ғана тыңдарманы бар екенін көріп риза болып орындағаны шығар. Ужеее жоспар құрып, менің тойыма деп давно сатып алып сандықта нафталин сасыған көк көйлекті тайдпен жуып жатырмысың? ))
VKM
ой, Мақпал, сенің тілің… уа-ча өліватрм күлкіден. Жоғы, киіп тастаймыз ғой көйлекті. Тек үлгермей қаламын ба тігіп деп жатырм да, тойға )))
Zilola
Суицидшілердің әні деп қатты айттың ғо, осы Рахат Тұрлыхановты да тыңдадық ғо кезінде, асылып қалғамыз жоқ!
Асанның бір әні бар ғо «апа» деген ше, келін әкеліп береді, типа шәй дайындайды деген сияқТ
Abilakim
типа үйленсем агентке кірмейм деген ба?
Erkekyz
маған анау бір өлеңі қатты ұнайтын екі қызға ғашық болып қалатын)).
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 18:22
AKY
Маған да ұнайды "қара қызым"
saken
«Саз әлемінде» Асанды жерден алып жерге салып жатыр. «Жоқ, жоқ» деген әніне қатысты :)
araika
Балым ханымның пікіріне қосылмаймын: Жоқ деп айтылуы меніңше жақсы шықты, солай болуы керектей.
Қалқаман қатты кетті :)
Ал Дина мүлдем басқа жақта :)
meirzhan
Балым дегенің кім? :)
saken
Асанның әндері ұнайды, бірақ үлкен сахнаның әншісі деп ойламаймын.
bazuka
көше әндерін айтады десем мені қырып кетеді шығар ия быраз жұрт))
meirzhan
Балым деген кісі әнді қысылып айтқаны туралы айтты, жоқ деген сөзіне тірелмеген сияқты.
araika
Ол кісіні танымай отырып, қалай пікір жазасың? :) (өзім есімін еске әрең түсіргенде)
Сен дұрыс көрмедің бе, әлде мен бе екен? Сол қайырмадан ұстады ғой, мысал ретінде болса да
saken
Жоқ деген сөзді қиналып айтқанына сын айтты.
meirzhan
Айтайын дегенім Бағым ән сөзіне емес, орындау мәнері мен дауыстың алысқа бармайтындығы туралы айтты.
AKA
Бірақ, әнді қиналып айтқандығымен, сөздерінің мәні нашар екенімен келісетін шығарсың? :) Сосын, Асан сахнадағы үнемшіл әнші болса керек, әннің сөзі де, әуені де, орындаушысы да өзі :))
araika
Негізі, бұл әншіні тірідей алғаш көріп тұрмын, танымаймын, өлеңдерін тыңдамаймын. Себеп біреу, ол- жылауық әндердің орындаушысы. Тек бүгінгі орындаған әнін телефонымнан кейде тыңдап қалатыным бар.
AKA
Уооот, енді дұрыс! :) Бірақ, қанша дегенмен ел арасында тез таралып, жаттауға оңай болып тұр. Қалқаман аға айтпақшы, «уақытша ән», кейін сумен шайылып, ұмыт болып кетеді.
meirzhan
"Қара қызым" әні жақсы еді. Бағанағы әнін тыңдау мүмкін емес.
saken
Бағанағы әнін тыңдау мүмкін емес.
Жұмыстағы 10 жұмысшының тоғызының соткісінде жүр. Соған қарағанда халық арасында сұранысқа ие ән деп ойлаймын.
meirzhan
Сарапшылар айтқандай «жағдайлары қиын екен онда». Көпшіліктің талғамы төмен екен, көпке топырақ шашпа деп қанша айтқанмен.
saken
қалтафонмен дауыс беретін сол көпшілік қой.
Талғамға талас жоқ қалай болсада.
saken
көрермендер дауыс жинаудан 2-орын алды Асан мырза
saken
көрермендер арасында.
meirzhan
Құтты болсын дейміз енді
araika
Ал мен керісінше, бүкіл өлеңдерінен осыны таңдап алыппын
meirzhan
Ержан сияқты Рафеттің әнін ұрлап айтса нетті
araika
Біреудің әкесінің атын өз есімімен(ұлының) алмастыруды қашан қояды екенбіз? :)
meirzhan
Бай-ын алып тастап отырмын емес пе :) Ержанның
araika
Сенің Жан-ыңды алып тастап, ұлыңа қолданса жақсы ма? :)
meirzhan
Ержан кімің еді?
meirzhan
Мейір болса жақсы
araika
Мынаны ескермеппін: әкесінің әкесі және о дүниелік болған болса.
Ерболатты дегенді жаттау соншалықты қиын емес шығар, а? :)
meirzhan
Ержан дегенге үйреніп алыппын
Abilakim
Жалпы, сол Асанға сахнадан кет деп айтатын адам табылмағаны өкінтті мені. Көп әнінің сөзін де, әнін де өзі жазады. Музыкадан хабары бар адам болса қаптаған әндерінің барлығының импровизация екенін білер еді.Апта әніне де жарамайтын әнді орындады кеше «Саз әлемінде»
Delhi
Асанды үлкен кісі шығар деп жүрсем… Бірінші рет көруім :)
dark_nazgul
«Жұлдыздар құпиясы» деген журналда бір «журналист» Асан Пердештің анасына қызын мақтап айтқан әнін оңдырмапты. Бірақ сол журналистің өзі де оңып тұрғаны шамалы. Аты жігіт, заты әйелдеу көрінді маған.
dark_nazgul
Телевидениеде «эфирное лицо» деген болады. Әншілер де, түрі «эфирное» болмаса, тыраштанбай ақ қою керек шығар)))
meirzhan
Радиодан музыкалары ойнауына «эфирное лицо» кедергі болмайтын шығар
dark_nazgul
онда эфирный дауыс керек.))
satibaldi
Сенің айтывотқаның «формат-неформат» қой нақ.
Мысалы, Жанар Айжанованы тек естіген жақсы. Ал Сәдуақасованы тек көрген.
dark_nazgul
 Пердешовты көрген де жаман, тыңдаған да)))
meirzhan
Талғамға талас жоқ демекші, оны тыңдайтын да, көретін де қауым көп екен. Дауыс беру бойынша
satibaldi
Мувиктермен жұмыс істедім деп, стандарт қалыптасырып қалғанын өзінше!!!
dark_nazgul
одан емес, эстетика деген болады))) Алтынбектің (ТӘшімбетов) түрі оңып түрған жоқ, Кенжебектің( Музарттағы) түрі сахнаға келмейді.
satibaldi
Оның рас. Бірақ промоутер-менеджер-прдюсерден жұрдай алқаштар олардың пайда болуын күтіп жүре ме? Көшеде қайыр сұрап тұрып: «Мен баяғыда шанс болған кезде, эстетикалық тұрғыдан өзіме тиым салып едім» десе, соқыр тиын да бермес едің ғой?
Бұ қаззақ наны барды да көре алмайд, жоқты тіпті құдыққа лақтырып кетед.
dark_nazgul
мақұл делік. тым болмаса, шаштарын жөндеп шығуға болады ғой, сахнаға. қойдың кезегінен жаңа келгендей болмай.
satibaldi
Бұл жеріңе қосылам енді. Кейбіреулерінің тіпті шампунын де бажайлап отырам: әдетте «Лесной бальзаммен» жуғандардың шашы(басындағы) ертеңіне де ұйысып тұрад.
dark_nazgul
 Лесной бальзам ауыз шайқайтын сұйықтық))))
satibaldi
Сол ғой: көпірсе — жуа беред.
dark_nazgul
шаштарын жатқызу үшін пиво жаға ма екен, әлде суға қант езіп жаңа ма екен?
saken
Кенжебектің( Музарттағы) дауысы жақсы ғой. Ал түрі үшін стилисттер қызмет етсін.
dark_nazgul
даусы? қайдағы даусы? қай жерінде дауыс?
saken
талғамға талас жоқ
маған енді ұнайды. Кенжебектіңде дауысы, Асанныңда дауысы. Түрлеріне қатысты пікіріңмен келісемін.
meirzhan
Дауыс болмаса Музартқа алмас еді ғой. Даусы азия дадададауусы емес шығар мүмкін
dark_nazgul
білмейм білмейм…
Zhan
Қазақ эстрадасында жүрген әнші қыз-жігіттердің көбісі тойский дәрежедегі әндерді айтады ғой. Әннің сөзіне, әуезіне, киімге де онша мән бере бермейді. Қарным ашады. Асқар Жүнісбеков шамалы ұнайды, әнге талғамы бар. Жұбаныш Жексенұлының даусы жақсы, бірақ, киімге деген талғамы онша емес.