Бұл қай Керекші? #8 (Эстафета)

Блог - Korkem: Бұл қай Керекші? #8 (Эстафета)

Сендер түгіл жауапқа өзім сынып отырмын. Таба аласыңдар ма, жоқ па аса мән бермедім. Шынымды айтсам тану үшін көп намек берілген жоқ.

Сонымен,
1. Қайрат Нұртас бейнебаянға түсіп жатқанда қимылдары шынайы емес екені байқалады, яғни қысылатыны көрініп тұрады. Сізді де біреу бейнебаянға түсіріп жатқанда өз-өзіңізді қалай ұстайсыз?

Қайрат Нұртастың бейнебаяндарын қарамаппын. Сахнадағысын бір-екі рет көрдім-ау деймін есімде жоқ. Сондықтан, сіздің тұжырымыңызбен келісе кетуге де, қарсы шығуға да ыңғай таппай отыр. Бейнебаянға да түсіп көрмеппін (Бұл айтып отырғанымыз клип қой, да?). Бірақ, видеоға түсіріп жатса барымша позивтивті көрінуге тырысам. Қатайып қалатындарға жыным келеді.

2. Үлкен супермаркетте біреулердің ұрлық жасап жатқанына куә болдыңыз делік. Әрекетіңіз?

Ойланып көрмеппін. Бала күнімізде базардан сағыз ұрлайтын едік қой. Егер сондай балалық әрекет болса, көзді жұмып жүре беретін сияқтымын. Ұрлықтан көрі, қоқысты лақтырып кететіндерге жыным келеді. Ондайларға әлім келіп жатса көтертемін.   Таяқ жеп қалған кезім болған жоқ, бірақ.

3. Мамаяны мақтаңызшы?

МамаЯ деген кім тағы, десең ә?   Бұл бір жаңа леп болды. Блог жүргізу үшін күшеніп мәтін жазудың қажет еместігін көрсетті. Сөйлемді дұрыс құрай білсең болды. Әдемілеймін деп жасандылыққа ұрынбау керек. Осындағы браттардың көптен айтып, жастар мен журьеға жеткізе алмай жүргендерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Бірақ, осы фейк емес пе екен деп қорқамын.

4. Қораз асырап, төбелестіріп көргенсіз ба? Немесе итті?

Сатыбалдының «тауық асырап көрген адамсыңдар ма» деген монументалды сұрағынан туындаған сауал деп топшылап отырмын, мұныңды. Біреуді төбелестіргенді де, өзім төбелескенді де онша жақсы көрмеймін. Бұл төбелестен қашам деген сөз емес. Асырауды да қатырдым дей алмаймын. Тауық, қораз, әтеш, мекиен, балапан, шіби дегендер ваще болған емес. Ит өсірдік. Бірақ, өліп қала беретін.

5. Ақнұр Бектемістің (AKA ) жасы 18.ден асып кеткен. Неге оны "Үлкендер әңгімесі" қауымдастығына қоспайды?

Ақнұр Бектеміске үлкендер қауымдастығы түк жараспайды. Оның бұдан да маңызды істері бар ғой. Тамақ пісіру, кесте тігу. Тақа оқығысы келсе Іспекке қонаққа барсын.

6. Қыз бен жігіттің арасындағы достықты сипаттап берсеңіз?

Екеуінің біреуі екіншісіне по любому ғашық.

7. Сіз сүйетін Керекинфолық?

Ық-ық. Сүйетін деген біртүрлі екен. Біреуді сүю менің позициям емес. Бірақ сүйсінуге болады.

8. Жасап жатқан жұмысыңыздан кішкене, білдіртпей ғана намек тастап қойыңыз? ))

Осы сайттың админінің жұмысына ұқсайды жұмысым. Ну, сәл айырмашылықтары бар енді.

9. Денсаулығыңыз үшін не істейсіз?

Көп ештеңе істемеймін. Анда санда спортпен шұғылданғандай болам. Далаға көп шықпаймын. Уақыттың көбі офисте өтеді. Аааа, суды көп ішем айтпақшы.

10. Піспектің құсық сұрақтарының қаймағын бұзбай-ақ қояйын, соңғы сұрақ: өзіңізге ерекше ұнайтын әнек?

Екі лорд көшеде келе жатып өлген жылқы тауып алыпты.
— Сэр, мына жылқыны сіздің ваннаға апарып қоялық.
— Не үшін сэр?
— Сіздің қызметшіңізге ваннаны толтыр деймін. Ол ваннаға барып келіп, «Сэр, ваннада өлген жылқы жатыр» дейді. Біз «Білеміз» дейміз. қызық болады
Содан екеуі мәз болып, жылқыны алып келеді. Сосын қызметшісін шақырады.
— Джон, маған ыстық ванна дайындаңыз.
Біраздан соң Джон қайтып келеді.
— Ванна дайын, сэр!
— Қалай, онда өлген жылқы жатқан жоқ па?
— Білем, сэр!


Пы/сы: Қаз-қалпында жарияланды. Абай Отар мисс!!!
Бөлісу:

79 пікір

Korkem
Бүгін Абайдың (konvict ) туылған күні! Бақыт тілеймін!    
Adiletshu
Жалғас
ken
әйел адам сияқты, егер әдейілеп осылай жазған болмаса
Korkem
Осы жолы қателестің.
Ispek92
Тақа оқығысы келсе Іспекке қонаққа барсын.
 Оо, міні идея.
Піспектің құсық сұрақтарының қаймағын бұзбай-ақ қояйын, соңғы сұрақ: өзіңізге ерекше ұнайтын әнек?

Менің нигім екі рет аталды, өзімнен-өзім күмәнданып отырғанымды қараЧ
MamaAya
Бұл Данко ғоооой!!!!!
маған тағы 1 атау қосылды. Фейк!!! кім де болсаң-Келші Шымкентке нақ, десең ия?!!!
Соңғы түзету:
MERmukhanov
Сен егер фейк болсаң, оооооой, өте белсенді және қасқыр фейк екенсің

уощм, маған балаларыңмен не жарыңмен түскен суретіңді поштама жібересің ау дим
MamaAya
жоқ тек өзімкін, жоқ баламмен түскенді кейінірек
MERmukhanov
давай давай. Любой біреудікін сап жіберме!)
Adiletshu
Маған да жіберші. Ешкімге бермейм, ешкімге көрсетпейм. Өшір десең өшіріп тастаймын, сөз беремін
Arys_arlany
суретін не қылмақшың, бітіре алмай жүрсің бе?
Adiletshu
Уже беріп қойды. Суретін айтам
bizbike
Айым, авторлық құқықтың белгісі ретінде суретке copyright белгісін сал
MamaAya
түсіндіріп жіберсеңіз? Анар ол не?
bizbike
© Автордың аты (лақабы)
Ispek92
Эльвира Ерғалина
MamaAya
еркек деп тұр ғой
Korkem
Мен қаталмын, таппайынша жауабын мүлде айтпаймын. Ешқандай намек та тастамаймын) ))))))
zholantai
marco
Korkem
ахахахах, демде таувалыпсыз ғо!
Ispek92
Жалғасы қайда, брат-ау? Бітті ме осымен?!
zholantai
бітпеді, брат, сұрақтарды жолдадым, енді жауапты күтемін,
zholantai
Korkem , «иә», не «жоқ» десеңші
Marco
Көркемге сөз айтқандай болдың ғой
zholantai
соны айтам, өлтіретін болд ғо, не өзіне, не өзгеге жібермейд, айналдырт та қойд өзіне, аспаз қыз,
Korkem
Просто күндіз соткамен кіруге ғана мүмкіндік бар))) үлгермейм дә.
zholantai
Жә, ақталып, жағдайды түсіндірмесейші енді,
MamaAya
БҰЛ КЕН ҒОЙ!
Ispek92
Кеннің жұмысы біздің админ ағамызға ұқсас дей алмаймын, негізі бұл кім болса да осы секілді сайттармен айналысатын айтишник…
Ispek92
Қызық болд-ау, IT-маман екені көрініп тұр, АКА мен Менің жерлес екенімді білетін адам, блогкэмпке қатысқаны төшні көрініп тұр, алайда бұл жерге көп кірмей кеткен қолданушы, әйтпесе бұл жерде МамаЯ-мен бәрі сөйлесе береді, оған фейк дей алмас ед. Осыларды шашты назарда ұстау керек-ау дим, шерлоксстыңңңңңңңң
MamaAya
ТАПСАҢ АЙТПАЙ ТҰРЫП МАҒАН АЙТШЫ!))))
AKA
Менде нең бар и?!  Сол қауымдастыққа мені қосып, азғырмақсың ғой, ә? Білем сенің ойыңды, білееем
AKA
Бірақ, жауаптың өзі-ақ енді бұл тақырыпты қозғамастай етіпті ғҰә  Нәшшәр сұрақтар, жауаптар ғана жазбаның көркін келтіріп тұр ше
Korkem
Кетші-әй өзің!))))
AKA
 Жә енді, сол қауымдастық үшін ғана керекке бас сұғатыныңызды мойындай салыңыз.
Ispek92
Оқимын десең ноутымды берем саған
zholantai
Сол қауымдастыққа мені қосып, азғырмақсың ғой, ә?
жооооооооооқ, ойламайм, меніңше оқысын, білсін деп жатыр,
Korkem
Жоға, негізі мен де үзілді-кесілді қарсымын! Басқалардың да ойын білгім келген. Мен үшін ол вещнә 17 жаста!
AKA
Рақмет, бірақ Көркемнің сондағыны оқып, маған түсінік айтып беріп жиі мазалайтыны болмаса, бәрі жақсы.
zholantai
түсінігін нешеге бағалауға болар екен, тек оқығанын айта ма, жанынан қоса ма?
Korkem
Оны білу үшін АКАны қауымдастыққа қосу керек қой, ахахахахах)))
zholantai
қосып қажет емес, естіп ғана жүре берсін, мына жағынан мен де түсінік айтып көрейін, салыстырып алар, ә
Соңғы түзету:
MamaAya
Бұл Олжас!!!
Korkem
Не болд саған? Жұрттар уж тауып қойды ғо!
MamaAya
 марко екен ғой, көрмей қаппын
Соңғы түзету:
zholantai
мына сұрақ:
Сізді де біреу бейнебаянға түсіріп жатқанда өз-өзіңізді қалай ұстайсыз?
пен мына жауап:
Бірақ, видеоға түсіріп жатса барымша позивтивті көрінуге тырысам.
Korkem ді ұстап берді, Marco ны реалда бір-ақ рет көргем, сосын тек бейнекамера арқылы ғана, диктор боп отырып та, жымиып отырады ғой, сабазың, ырзамын,
Соңғы түзету:
Korkem
Эстафета заңы ғо енді
torgai
Nurgisa ғой деймін
Ispek92
Бырат бұл керекшіні тауып қойдық, Маралбек брат екен. Эстафета ағашы Жәнібекте
zholantai
пікірлерді оқымайтынын білдіріп қоят ғо, өйстіп
MamaAya
 торғай мен сияқты екен