Біраз жиган - терген...

Төбеңде шатырың(Крыша) болса сен ешқашан өспейсің…
***
Кейде ойыңды сөзбен жеткізе алмасаң үнсіздікпен айтуға, ал, өмірде өз орныңның бар екендігін көрсету үшін жоғалып кетуге тура келеді…
***
Егер қайтып келмесең ешқашан артыңа жалтақтама…
***
Неге ұшақтарды қара жәшікті жасағандай берік жабдықтардан жасамайды екен?
***
Жалқаулар өмір сүруге еріне бастағанда өледі…
Әрі қарай

Комедия режиссерінің культқа айналар туындысы

У победителей раны не болят.
Публий




Киноиндустрияның соңғы жаңалықтарына қарап отырсаң, болашағы зор бағыттың қалыптасып, айқындалып келе жатқанын байқауға болады. Темір адамдардың тағдырын суреттеуге жақын режиссерлар шоғырының қиялы күн өткен сайын кеңеюде, ұшқырлануда, сонымен қатар (міне, парадокс), практикалық сипатқа да ие болуда.
Әрі қарай

Сөйлейтін хайуандар.

Бiр кунi сиыр болотага батып олейiн деп жатады,
болотанын жанында бiр кiсi жылкы мен кетiп бара жатады.
Сиыр жанагы адамды корiп адамша сойлесiп кетедi:
-Ау братан куткаршы, мен болотага батып бара жатырм.-десе
жанагы адам малдын бiрiншi рет сойлеп турганын корiп, шошып кашып кетедi. Артынан алыска жеткеннен атынан тусiп сасканнан:
-охо малдын сойлеп турганын бiрiншi рет корiп турм.-десе
Касындагы жылкы турып
-Менде тан калып калдым.-дептi
Айелiнiн мысыгынан кутылайын деп куйеуi мысыкты капка салып, уйiнен 2км алыска апарып тастапты, уйiне келсе мысык уйiнде екен, кайтып капка салып 2км онга, 5км тiке, 15км солга… апарып тастапты, сойтiп уйiне айелiне звондап мысык уйдема деп сурапты, айелi-ия десе, трубканы бершi албастыга мен адасып калдым дептi.
Әрі қарай

Тойға арналған тілектер базасын жасайық

Жақында туыстарымыздың қызы ұзатылды. Алыстағы келе алмай қалған туыстардың атынан құттықтау жазып, апарып беру деген тапсырма алдым, әбден той боларға бес-алты сағат қалғанда. Жұмыстың да қызып тұрған кезі, интернет ағамызға жүгінбекші болдым. Сондағы тапқаным бір сайт (қалғандары сондағыны көшіріп салып қойыпты): www.kuttybolsyn.kz, оның өзінде толып тұрған жоқ. Содан не керек, ең қызығы, құттықтауды жазып, түрлі-түсті принтерден шығарып, оны открыткаға жабыстырып апарып берген едім, той үстінде бір ағам сөйлеп тұр, айтқан сөздері дәлме-дәл әлгі сайттағысы, бір сөзін де өзгертпестен айтып берді! (Дәл сол сөздерді құттықтауға жазып қойып, абырой болғанда, орын жетпей алып тастап едім)

Сөйтіп қысылтаяң тілек іздеу үстінде осы бір идея келді: нағыз керекинфоның бірі болар еді, егер осы қауымдастыққа тойға, туған күнге, т.с.с. қуаныштарда айтылатын тілектерді салып тұрсақ. Осындағы сен тұр мен атайын шешендерді бай қазыналарымен бөлісуге шақырамын!
Әрі қарай

Қазақ баласы "Минута славыда"...


Осы аптадағы «Минута славы» көрсетілімінде Шымкенттегі Жетісайдан Оңдасын Жетібай небір қиқарлықты көріп, көзі үйренген Мәскеу аудиториясын біраз таңқалдырған ұқсайды. Сіздер де қарап көріңіздер:



сурет: Экспресс-К
Әрі қарай

Замана-ZIP

XIX ғасыр
— Ооооо, шықпағыр көзім, мынауың Бөрібайдың АҚИы ғой! Ассалаумағалейкүүүүүүүм!
— Төрден танып біреу түрегелмесе, үлкен басыммен табалдырыққа қалай жайғасам деп уайымдап келе жатқанда, өзіңнің кездескенің қандай жақсы болды, Әбеке! Уағалейкүммүссәләм! Ал ет пен шәйдің әңгімесін айта бер, не жаңалық?
Әрі қарай

"Мәдениет" арнасы жұмысын бастады



26 қыркүйек күні көрерменге жол тартатын жаңа мәдени-ағартушылық «Мәдениет» телеарнасының көздеген мақсаты:

Қазақстанның ауқымы кең аудиториясына отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыру.
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау.
Көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру.
Әрі қарай