Тойға арналған тілектер базасын жасайық

Жақында туыстарымыздың қызы ұзатылды. Алыстағы келе алмай қалған туыстардың атынан құттықтау жазып, апарып беру деген тапсырма алдым, әбден той боларға бес-алты сағат қалғанда. Жұмыстың да қызып тұрған кезі, интернет ағамызға жүгінбекші болдым. Сондағы тапқаным бір сайт (қалғандары сондағыны көшіріп салып қойыпты): www.kuttybolsyn.kz, оның өзінде толып тұрған жоқ. Содан не керек, ең қызығы, құттықтауды жазып, түрлі-түсті принтерден шығарып, оны открыткаға жабыстырып апарып берген едім, той үстінде бір ағам сөйлеп тұр, айтқан сөздері дәлме-дәл әлгі сайттағысы, бір сөзін де өзгертпестен айтып берді! (Дәл сол сөздерді құттықтауға жазып қойып, абырой болғанда, орын жетпей алып тастап едім)

Сөйтіп қысылтаяң тілек іздеу үстінде осы бір идея келді: нағыз керекинфоның бірі болар еді, егер осы қауымдастыққа тойға, туған күнге, т.с.с. қуаныштарда айтылатын тілектерді салып тұрсақ. Осындағы сен тұр мен атайын шешендерді бай қазыналарымен бөлісуге шақырамын!
Бөлісу:

13 пікір

satibaldi
Әрине, мұндай ізгі шараны қолға алсаңыздар, ұсақ-түйек демей, ақтық сапар алдындағы салтанатты сөздер, басу айту, жұбатуларды да ескерусіз қалдырмассыздар деген үміттемін.
VKM
язва))))
satibaldi
Кекетпеңіз!
Мысалы жақсы досың қатын алып, тойында мас боп қалып тілек айта алмай қалсаң, келесіде қатын алған кезінде тілек айтуға шансың бар. Ал енді бақилық сапарға шығарып салып тұрғанда түк айта алмай тұрғаныңда көміп тастаса — әне, нағыз өкініш сонда болар еді.
VKM
қалй деуші едіңдер? Логиканысссс)))
edige
«сол үшін алып қояйық» деген кезде толқыыыып кетем ше
sammita
мен осы жаттанды құттықтауды оқып тұратындарды ұнатпаймын. Не айтып тұрғанын өзі түсінбейді кейбірі(
AKY
Айта берсең тілек деген ұшан-теңіз дария!
Пәленбай мен Пәленгүл, енді сендер бір жанұя!
Екі жаққа бірдей болып тату-тәтті жүріңдер,
Мынау жарқын елімізде бақыты өмір сүріңдер!

Авторы: МЕН.

зы: Ең соңынан тост беріп, тамада: «жастар, уақыт аз, кәне бір-бір ауыздан айтжеріңдер» деген кезде осы тақпақты басжверем. Рахат, пиплз хавает, "өй, бәрекелді!" десіп дүрлігісіп қалады более-менее мас еместер.
sammita
кейде бүй де, разнообразие болсын:
Мынау ауыр заманда
Бірің бас, бірің мойын боп,
Тату тәтті өмір сүріңдер!
AKY
тойда ауыр заман жайлы айтуға болмайд.
a63a1
Қилы заман туралы айтса боларма еді ханием?
KILYZAMAN
Қане, ең қысқа тілекті кім айта алады?..
VKM
Бай, бақытты болыңдар!)