"Таратып жібергені рас па?!"

Ауылға келгенде ағайын-туысты аралап шығатын әдетім бар. Бүгін де вокзал жақтағы апамның үйіне барып қайттым. Ас дайын болғанша ананы-мынаны шұқып, газет журналды ақтарып отырғанмын. Қаптаған «Жұлдыздар отбасының» арасынан "Қыз құпиясы" деген журналды көріп қалдым. Бұрын мектепте оқып жүргенде осы газетті қыздар "қырылып" оқитын. Ішінен тұзы татитын түк таппай отқанымда бір мақаланың тақырыбы қызықтырды. «Таратып жібергені рас па?!» Тақырыбы дәл осылай. Нені қалай таратты екен деп оқып шықтым. Жалпы мазмұны былай. Семейдің Үржар ауданында тұратын бір қыз өзінің әдемі, қасы көзі қиылған, фигурасы жынды құрбысының оқу бітіріп келсе де, ауылда жұмыссыз жүргеніне алаңдайды. Сөйтіп, оған Алматыға барып, Саин көшесіндегі қыздардың қатарына қосылуға кеңес береді. Алғашында бұл пікіріне құрбысы қарсы болады, бірақ кейін ол да осы жұмысты өзіне ыңғайлы санайды. Өйткені, онда «товарный вид» мықты екен. Мақаласымақта осылай жазылған. Сөйтіп, Алматыға кетейін десе, алып шаһардағы атышулы көшелер жабылып қалыпты деген «суыт» хабарды естиді қыздар. Әдемі құрбысына жұмыс іздеп отырған әлгі "қысық көз, пұшық мұрын қыз" (мақалада өзін осылай сипаттаған)қайтерін білмей, "Қыз құпиясына" хат жазыпты. «Саин көшесінің жабылып қалғаны рас па, ондағы қыздар енді нанын қайдан табады» деген жолдарға жыным қайнады. Жалпы, бұл журналдың анау айтарлықтай абыройы жоқ. Бірақ, мектеп оқушыларының арасында беделі жоғары екен. Оған сіңлім жинап қойған журналдың ондаған данасы көрген соң, көзім жетті. оның үстіне 7-8 кластағы құрбы қыздары бұл журналды қолдан қолға түсірмей оқиды. Ал, "Қыз құпиясы" болса Саин мен Сейфуллинге "қызметкерлер" іздеп жатыр…
Әрі қарай

Қазақша-ағылшынша онлайн сөздік

Қазір онлайн сөздіктердің ішінде қазақша-ағылшынша сөздік lugat.kz/ сайты бар. Сайтты жасаушы, идея авторы Ұлыбританияда оқитын қазақстандық жігіт Айбек Өжкенов. «Лұғат» сөзі орта ғасырлық түркі тілінше «сөздік» дегенді білдіреді.
Әрі қарай

Электронды ақша дегеніміз не?


Әлемнің дамыған елдерінде электронды ақша қолдану кеңінен жайылған. Сол ақшаның буы біздің елге де келіп жатыр. Үйде отырып керек затыңды жер шарының қиырынан сатып алып жатсаң қандай керемет? Сонымен э-ақша деген не? Қашан шықты? Пайдасы қандай? Қаншалықты зиянды?
Әрі қарай

Ұлан жылдың үздігі!

«Алаш айнасындағы» Әзиз ағамның ғана емес, бүкіл қазақ жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған Ұлан Қонысбаев 2011 жылдың үздік футболшысы атанды! Ұлттық футбол лигасы жүргізген дауыс беру нәтижесінде Тараздық өреннің мерейі үстем болыпты! Не дейміз, Құтты болсын! Қазақ футболын өрге сүйрей берсін! Ұланның Түркия қақпасына соққан голы ешқашан есімнен кетпейді. Осындай голдардың талайын соғуыңа тілектеспіз!Ұлан Қонысбаев
Әрі қарай

Р мен У

Бағана жұмыстас келіншек екеуміз бір автобустан түстік. Таң әлдеқашан атса да ай әлі көрініп тұр екен. Айға қарап бата жасап бетін сипап жатыр әлгі келіншек. Иә, ай жіңішке ғана, бір қарасаң жаңа туған ай секілді. Бірақ, логикаға салсақ айдың аяғында ай туушы ма еді. Дегенмен күнтізбесіз-ақ айдың өзіне қарап айдың туған-тумағанын анықтауға болады.

Мысалы, мына суреттегі ай жаңа туылған ай. Айдың үшкір екі ұшына бір ұзын таяқшаны қойып елестетіңіз.Егер, «Р» әріпіне ұқсаса жаңа туған ай «Растущая», егер «У» әріпіне ұқсаса «Убывающая» ескі ай болғаны.
Суретке төте сілтеме
Әрі қарай

Аллажар

Көптен іздеген фильмді бүгін бір іздеп қояйын деп, кивиге бір сабаз салып қойыпты. Рахмет дегеннен басқа айтар жоқ.

Әрі қарай

Қырғыз биші бауырымыз Чехия мен Словакиядағы таланттар шоуында бас жүлде алды

«Чехия мен Словакия таланттары» атты байқауда финалға жеткен ондықтың арасында қырғызстандық жас биші Атай Өмірзақов үздік шықты. Еуропалық екі ел тұрғындары шетелдік өнерпазды жергілікті таланттардан да биік бағалап, басым дауыс берген.
Әрі қарай

Screenr.com: Скринкаст жасайтын тегін онлайн бағдарлама

Интернет — дұрыс пайдалана білгенге өте-өте тиімді. Пайдаңызға жарайтын бір бағдарлама тауып алдым жақында: screenr.com Бұл — компьютердегі жұмыс үстелінде жасаған әр әрекетіңізді видео ретінде сақтайтын бағдарлама. Интернет қолданушыларының компьютерлік бағдарламалар жайлы бөліскісі келетіні болады. Шет елдерде бұл-видео арқылы тәжірибемен бөлісу әдісі-кең таралған. Біз де бұл әдісті үйреніп алып, өзіміздің білім беру контентін көрнекі, интерактивті түрде ұсынуды қолға алуымыз керек деп ойлаймын.
Әрі қарай