Электронды ақша дегеніміз не?


Әлемнің дамыған елдерінде электронды ақша қолдану кеңінен жайылған. Сол ақшаның буы біздің елге де келіп жатыр. Үйде отырып керек затыңды жер шарының қиырынан сатып алып жатсаң қандай керемет? Сонымен э-ақша деген не? Қашан шықты? Пайдасы қандай? Қаншалықты зиянды?

Электронды ақшаның тарихы сонау 1918 жылы АҚШ-тың Федералдық Резерв Банкі телеграф арқылы ақша жіберуінен бастау алған. Араға бірталай жылдар салып 1993 жылы э-ақшаның дамуы қайта жолға қойылды. Содан бері дебит және кредит карталарын қолдану ғана емес, интернет арқылы сауда-саттық жасау да кеңінен тарала бастады. Әмияныңызға мыс-мыс ақшаңызды сыйдыра алмай жүрген жандар үшін кредит карталары тиімді болғаны анық. Ал, жердің екінші бір қиырынан зат сатып алғыңыз келсе, жол жүріп әуре болмай үйде отырып сатып алу үшін онлайн-банкинг таптырмас құрылғы екені де шындық. Ал, осы бір керемет ақша жүйесінің қандай артықшылығы бар?
• Жоғарыда атап өткеніміздей интернет арқылы сауда-саттық жасау оңтайлы әрі тез.
• Ақшаны есептеп, қалғанын қайтып беруге кететін уақыт үнемделеді.
• Қалтада жүріп түсіріп алу, жыртып алу, бүлдіру секілді қиыншылықтан құтыласыз.
• Жасанды ақшаға ұрынып қалудан сақтайды.
• Ешқашан ескірмейді, өзінің сапасын жоғалтпайды.
• Үлкен сомадағы ақшаны сақтау үшін арнайы сейф алудың еш қажеті жоқ.
• Шығыны қағаз ақша жасауға кететін шығынға қарағанда аз.
Егер осыншалықты ыңғайлы болатын болса, неліктен барлық жерде бұл жүйені қолданбасқа деген заңды сұрақ туады. Бұған кедергі – э-ақшаның да басқа ақша түрлері секілді өзіндік кемшілігі бар. Ең басты кемшілігі, э-ақшаның қауіпсіздігінде. Ақша виртуалды жүйе бойынша жұмыс атқаратын болғандықтан хакерлердің ақшаны өз шотына аударып алу мүмкіндігі бар. Сол себепті онлайн-банкинг жүйесін қолданатындарға ақшасының қауіпсіздігін күшейтуге арналған қарапайым алты жол бар екен.
• Э-ақшаға қатысты құжаттарды құпия орында сақтаған жөн. 2009 жылы орын алған э-ақшаны ұрлауға байланысты оқиғалардың 13%-ы таныс-тарынан келген. Мүмкін болса өтініш және басқа да құжаттарды жыртып тастаған абзал.
• Барлық шаруа интернет арқылы жасалынатын болғандықтан компьютерге жақсы антивирус орнатқан дұрыс және оның әрдайым базасын жаңалап отыру керек. Интернет арқылы немесе телефонмен сөйлескенде жеке ақпараттар мен парольдерді айтуға болмайды. Банктің сайтына кірген кезде соған ұқсас өзге сайттармен шатыстырып алмау керек.
• Құпия сөзді қойған кезде оның қарапайым болмағаны жөн. Әріптер мен сандардан құралған құпия сөз қауіпсіз болмақ. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, қоғамдық орындарда Wі-Ғі жүйесі арқылы алыс-беріс жасамау құпиялықты қамтамасыз етеді.
• Ең кемі аптасына бір рет өзіңіздің арнайы бөлмеңізге кіріп жағдайдың қалай болып жатқанын байқап тұру да артық емес.
• Өзіңіздің атыңыздан өзгелер жаңа қолданушы ашып алуына жол бермеңіз.
• Әрқашан келіп түскен хаттарға дұрыс көңіл аударыңыз. Сіздің ұсынысыңызды кредиторлар құқық бұзушылықты анықтаса тез арада мәселенің байыбын зерттеңіз. Өзге біреудің сіздің атыңыздан сауда жасау мүмкіндігін ескеріп, барлығын ретке келтіруге асыққан абзал.
Электронды ақшаның тағы бір ең үлкен кемшілігі – ақшаңыздың виртуалды болуы. Жаһанды жалмаған дағдарыстың шығуына осы виртуалды ақшаның шектен тыс көбейіп кетуі де өз үлесін қосты. Бүкіл әлемнің қаржысын басқарып отырған Федералдық Резерв Банкі бір күнде тақырға отырғызып кетуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн.
Электронды ақша қазаққа дәл бүгін қажет пе? Бірден тура жауап беру қиын шығар. Алайда, жоғарыда келтірілген пайдалы-зиянды жақтарын ескере отырып қазаққа э-ақшаның әлі ерте екенін байқауға болатын секілді. Оған телефон бармаған ауылдардың интернеттен хабары жоқ екенін, сауда жасағанда салықты аз төлейін деп чекті бермей қалатын ағайынның психологиясы түзелмей, ештеңе өрге баспайтынын дәлелге келтіруге болады. Тіпті, аз ақшамен кредитіңді жауып беремін деген алаяқтарға алданып жүргендер ертең ауадан ақша жасайтындардан зиян шегері анық.
Бөлісу:

13 пікір

asaubota
Робин, егер өзің жазбаған болсаң авторын көрсетіп астына сілтемесін қойған жөн.

сосын cut қою туралы тақырыпты бір қарап жібер.
Robin
Ой оны ұмытып кетіппін ғой. cut — ты жана ғана қойдым ғой… Бәрі дұрыс болып тұрды.
asaubota
катты мен қойдым. сен барлық текстті белгілеп алып, сосын қайшыны басқансың.
Robin
ия ия. Енді солай қояды ғой. Суретін ғана қалдырып барлық тексті қайшылап тастағамын.
KILYZAMAN
Жұмыртқа мен тауық жайлы жұмбақты естіппе едің?
Robin
Ақпарат: Нұр Астана сайтынан.
konvict
 Мынау болуы керек еді
KILYZAMAN
Пайдалы мәлімет РАХМЕТ, қасынғандарға мылтықтың басуы болды мұның
konvict
Рахмет! Пайдалы ақпар екен. Білім базама қосып қойдым ©