Screenr.com: Скринкаст жасайтын тегін онлайн бағдарлама
Интернет — дұрыс пайдалана білгенге өте-өте тиімді. Пайдаңызға жарайтын бір бағдарлама тауып алдым жақында: screenr.com Бұл — компьютердегі жұмыс үстелінде жасаған әр әрекетіңізді видео ретінде сақтайтын бағдарлама. Интернет қолданушыларының компьютерлік бағдарламалар жайлы бөліскісі келетіні болады. Шет елдерде бұл-видео арқылы тәжірибемен бөлісу әдісі-кең таралған. Біз де бұл әдісті үйреніп алып, өзіміздің білім беру контентін көрнекі, интерактивті түрде ұсынуды қолға алуымыз керек деп ойлаймын.
Сонымен, screenr.com — интернетте орналасқан, тегін видео жасайтын бағдарлама. Арнайы тіркелуіңіздің қажеті жоқ. Егер сіздің фейсбук, туиттер немесе gmail.com-де аккауынтыңыз бар болса, сонымен кіре салуыңызға болады. Ары қарай видеодан көрсеңіз болады.
bk
2 күн бойы Сумеркиға бару үшін ертерек билет алу дегеннен шаршадық :)
Естігенім: кинотеатрлардың өздері мүдделі емес. Себебі онлайн-сатушы ресурс та пайда табуы керек, ол үшін я билеттің бағасын арзандату керек, я екі жақтың біреуі пайдасын азайтуы қажет. Ал оған ешкімнің барғысы жоқ. Қазіргі жағдайда кинотеатрларға билетті оффлайн сатқан ыңғайлы, саудалары онсыз да жүріп жатыр.
Бірақ, болашақта болады деп ойлаймын, қазір тәжірибе алу жүріп жатқан сияқты осы жүйе дамыған елдерден.
қымбатырақ болса да, солай ыңғайлы болушы еді.
Иноға рахмет.
Бірақ бізде әлі күнге сервистен гөрі баға басымдыққа ие.