Замана-ZIP

XIX ғасыр
— Ооооо, шықпағыр көзім, мынауың Бөрібайдың АҚИы ғой! Ассалаумағалейкүүүүүүүм!
— Төрден танып біреу түрегелмесе, үлкен басыммен табалдырыққа қалай жайғасам деп уайымдап келе жатқанда, өзіңнің кездескенің қандай жақсы болды, Әбеке! Уағалейкүммүссәләм! Ал ет пен шәйдің әңгімесін айта бер, не жаңалық?
— Не әңгіме болушы ед, өзің көргендегі сол отырыстан әлі отырыс осы жерде. Шөбі шүйгін, су мөлдір болса қозғалып не жыным бар деп ойладым-дағы. Өзіңде не жаңалық?
— Жазған құлда шаршау жоқ дейтін бе еді, сол жүгіріс қой біздікі де, Сәмбеттің баласы болыс шығам деп, ылаңды салып баяғы. Біз не дейік, аузы қисық болса да байдың баласы сөйлейсін деп, шашбауын көтеріп ала жүгірген бетіміз.

XX ғасыр
-Самкім.
-Уағли. Не жаңалық?
— Сол, ауылда отырған, қой мен жылқы баяғы. Өзің ше?
— Сайлауда жүрген сол.

XXI ғасыр
— @AKY? )))
— @Abilakim??? (((
Бөлісу:

13 пікір

Gamk
АҚИ дегенге Аhі екен деп жобалаватсам.
zigirl
тегтеріңіз қызық екен
AKY
-Самкім.
-Уағли.
 бүйтіп амандасатындар қазір де бар ғо
VKM
 екеуін 1 постпен шақырывалд)))
sammita
алдына ит салып жүгіртсең де келмейді қазір керекшілер
sammita

Уа, кімсің?
Ыбыраймын))))
Armanjan
Тұрсынбектің өзі былай күлдіре алмас.