Galaxy Tab планшетін жасау барысында iPad-тың дизайнын көшіріп алды деп Samsung компаниясына айып таққан Apple-дің позициясымен келісесіз бе?

Қысқаша түсінік мына жерлерде оқып алыңдар (аударып отырсам сол): http://www.gazeta.ru/business/2011/08/17/3735405.shtml http://www.gazeta.ru/news/business/2011/09/19/n_2015693.shtml
Әрі қарай

Екі цент

Бірер уақыт болды. Қазақ-американ археологиялық экспедициясында жұмыс істеген болатынбыз.
Әрі қарай

Алматыда журналистер мен блогерларға арналған Media Open Air өтеді.



Алматылық блогшылар мен журналистерге арналған хабарландыру оқып, өздеріңмен бөлісуді жөн көрдім.

Осы сенбі күні, яғни қыркүйектің 24-інде масс-медиа мен бизнес өкілдеріне арналған ойын-сауық шарасы өтеді. Шара Media Open Air'11 дейтін жаңа ақпараттық маусымның басталуына орай ұйымдастырылып отыр дейді. Басы-қасында жүргендер «Ренессанс» PR-агенттігі екен.
Әрі қарай

Жауырыншылар жайлы аңыз

Бұрынғы аңыз әңгімелердің кейбірінде жауырынға қарап болжам жасайтын жауырыншылар жайлы айтылып қалады. ЖАңа туған нәрестеге ана төсін емгізтпес бұрын арнайы қой сойып, жауырынның басын сорғызтады-мыс. Жауырынды кептіріп, бала өскенше сақтап қояды екен. Кейін әлгі бала сол жауырынға қарап болжам жасайтын болады. Жауырыншы болатын баланы қалай таңдайды ол жағынан мәліметім жоқ екен. Ал, аңызға келсек...
Әрі қарай

Халал той бар ма?

Нах, бастайын.
Жастар дінге бет бұрып, құлшылықтарын жасап, шариғат заңдарын орындап жатқандай көрінеді. Әркім шамасының келгенінше, қалағанынша орындап жатыр на.

Халал той дегеніміз арақсыз өткен той дейді. Мә, на. Арақ болмаса да пибілетіп те той өткізетін болса, олардың тойлары да халал ма? Бұл сөйлем халал тойдың топас ережесіне бір соққы болсын делік.

Көптеген Халал тойда бөтен әйел бөтен еркекпен тіліп тұрып би билейді. Өзбек, татар, үндіс, кавказ билерін шашады. Халал той жасағандардың сенетін шариғаты ондай билерді сайтани әрекет деп таниды. Бірақ халал тойда харам әрекет болады. Бұны халал тойдың топас анықтамасына берілген екінші соққы деп біліңдер, нахтар!
Әрі қарай

Голощекин. Кім ол?


Әрине, Қазақстан тарихын оқыған адам Филипп Исаевич Голощёкиннің кім екенін біледі. 1924 — 1933 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы болды, ел басқарған шағында қазақ ұлтының және Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлттардың малын тартып алып, күшпен отырықшыландырып асыра сілтеушілігімен тарихта қалған адам. Оның кесірінен 3 миллиондай аштан қырылып, жүз мыңдағаны көрші елдерге босып кетті.
Әрі қарай

Өлі-тірі тақырыптар. Айтысатын кибер ақындардың назарына!

Кибер айтыстың келесі тақырыптары мынадай екен:
Сейсенбі: «Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!»
Сәрсенбі: «Пікірталаста шындық тумайды!»
Бейсенбі: «Диплом көт сүртуге жарамайды!»
Жұма: «Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ»
Ертеңгі айтыстың айтыс болатынына күмәнмен қараймын. Қандай шешен, күрт, авар шықса да ол күнгі тақырыпты өлген тақырыпқа жатқызамын. Соны да әңгіме деп айтысады ғой екі керекші. Тақырыптарыңдыссс…
Әрі қарай

Түсінігі таяз журналистер

Ескерту! «Бес башпай бірдей емес», «Көтке топырақ шашпа» деген тіркестерді жазбаңыздаршы. Оны өзім де білемін. «Түсінігі таяз журналистер» деген сөз тек түсінігі таяз журиктерге арналған. «Түсініктің таяз болуында тұрған не бар екен?» деп, қоя салыңыз егер осы санатқа жататын болсаңыз.

vosmidesyatniki.comҚай газетті оқымыңыз, қай арнаны қарамаңыз, авторлық құқық мәселе жайлы сөз қозғалса, келеді де сол белгілі бір композиторлар мен әншілерден сұхбат алып, сөздерін жариялап, қысқаша ойларын біліп қоя салады. Олар (журиктер) үшін авторлық құқық деген тек ән мен өлеңге ғана жүретін заң секілді. Қазір XXI ғасыр. Бұл ғасыр Интернеттің ғасыры. Соған қарамастан, әлі де болса кеңестік жүйенің жұрнағы ретінде жұмыс жасап келе жатқан көптеген отандық БАҚ Интернеттегі өмірді, ондағы тіршілік пен талас-тартысты ішінара болмаса, толықтай мойындамай келеді. Осының салдарынан Интернетте авторлардың басты мәселелері, мақала ұрлығы, халыққа жетпей жатыр.
Әрі қарай