Түсінігі таяз журналистер
Ескерту! «Бес башпай бірдей емес», «Көтке топырақ шашпа» деген тіркестерді жазбаңыздаршы. Оны өзім де білемін. «Түсінігі таяз журналистер» деген сөз тек түсінігі таяз журиктерге арналған. «Түсініктің таяз болуында тұрған не бар екен?» деп, қоя салыңыз егер осы санатқа жататын болсаңыз.
Қай газетті оқымыңыз, қай арнаны қарамаңыз, авторлық құқық мәселе жайлы сөз қозғалса, келеді де сол белгілі бір композиторлар мен әншілерден сұхбат алып, сөздерін жариялап, қысқаша ойларын біліп қоя салады. Олар (журиктер) үшін авторлық құқық деген тек ән мен өлеңге ғана жүретін заң секілді. Қазір XXI ғасыр. Бұл ғасыр Интернеттің ғасыры. Соған қарамастан, әлі де болса кеңестік жүйенің жұрнағы ретінде жұмыс жасап келе жатқан көптеген отандық БАҚ Интернеттегі өмірді, ондағы тіршілік пен талас-тартысты ішінара болмаса, толықтай мойындамай келеді. Осының салдарынан Интернетте авторлардың басты мәселелері, мақала ұрлығы, халыққа жетпей жатыр.
Интернет туралы сауат ашу бағдарламалары қай отандық телеарнада жүреді? Мен білетінім, «Матрица» бағдарламасы. Оны отандық емес, халықаралық қорлар қаржыландырады. Солардың көмегімен халықтың көзі Интернет әлемі туралы аз да болса ашылып жатыр.
Аты көпке танымал, қызметі де танымал газетте, бір журналист Интернеттегі сайттар және т.б. туралы көп мақала жариялайды, сұхбар алады. Бірақ кімнен, қандай адамданан, білімі мен дәрежесі қандай адамнан сұхбат алып отырғандығын білмейді. Бір сұрағында "Сіз — уеб-дизайнерсіз..." десе, сол сұхбаттағы келесі бір сұрағында "Сіз — уеб-программистсіз..." дейді. Ал сұхбаттасып отырған адамы уеб-дизайнер де емес, уеб-программист те емес, бар болғаны, жай ғана «продвинутый» блогшы. Бұл — көптеген мысалдардың біреуі ғана. Журналистердің IT саладан аз да болса сауаттары болмаса, мақала жазар алдын сол саланың жай-жапсарына аздап үңілсе болады ғой.
Интернетте хабары жоқ, блог дегеннің не екенін білмейтін көптеген дурналистерге семинар-тренинг өткізіп жүрген «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына алғыс айтуға болады. Ол қор (орталық) арқылы Интернеттің бір бөлігінен хабардар болып шыққан журналистардің алдағы уақыттарда Интернет әлемі бүйректері бұрып тұрады деп үміттенемін.
Суреттер: vosmidesyatniki.com, sovmedia.ru

IT немесе әйти деп жаза салсай.