Халал той бар ма?

Нах, бастайын.
Жастар дінге бет бұрып, құлшылықтарын жасап, шариғат заңдарын орындап жатқандай көрінеді. Әркім шамасының келгенінше, қалағанынша орындап жатыр на.

Халал той дегеніміз арақсыз өткен той дейді. Мә, на. Арақ болмаса да пибілетіп те той өткізетін болса, олардың тойлары да халал ма? Бұл сөйлем халал тойдың топас ережесіне бір соққы болсын делік.

Көптеген Халал тойда бөтен әйел бөтен еркекпен тіліп тұрып би билейді. Өзбек, татар, үндіс, кавказ билерін шашады. Халал той жасағандардың сенетін шариғаты ондай билерді сайтани әрекет деп таниды. Бірақ халал тойда харам әрекет болады. Бұны халал тойдың топас анықтамасына берілген екінші соққы деп біліңдер, нахтар!

Көптеген Халал тойда ысырап болады. Өйткені ол той. Қазіргі қазақтардың тойлары ысырапсыз өтпейді. Тойға 300-400 адам шақырудың өзі ысырап. Халал той жасағандардың сенетін шариғаты ысырапты шайтанның әрекетіне балайды. Халал тойда халал асты аста-төк қылып ысырап ету халал той деген топас анықтамаға тағы бір мәрте соққы береді.

Той иелері сенетін шариғат бойынша, көпшілік орындарда әйелдер мен еркектер бөлек отыру керек. Қанша той көрдіңдер әйелдер мен еркектер бөлек отырған? Мен бір-ақ тойды көріппін. Шешесс, солай той жасаған жап-жақсы жігітті ауыл өсекшілері уахабист қылып жіберді. Неге? Тойында әйелдер мен еркектер бөлек отырғаны үшін. Осыдан кейін ауыл өсекшілеріне әңгімелерің бар ма?

Шешесс, атам қазақ бұрындары халал тойдың не екенін білмегендей, жаңалық ашқан адамдарша бола қалмасыншы осы, кей мұсылмандар. Керек болса осы күнгі халал деген тойларыңмен бұрынғы қазақтардың тойларын салыстырып көріңдер. Сонда көресіңдер, қазіргі халал тойлар бұрынғы тойлардың жанында далада қалады. Атам қазақ тойын адал жасаған, тойыс, халал жасаған. Бірақ қазіргілер сияқты «Халал той. Өйткені арақсыз той» деп жыртылмаған. Сол уақытта шариғат үкімдерін барынша толық орындауға тырысты. Ал қазіргі халал той дегендерің «без алкогольное пиво» деген әңгіме ғой.

Халал немесе харам той демей, арақсыз немесе арақты той деп қолдану дұрыс сияқты. Халал, анау-мынау деп, адамдардың басын қатыра бермесе екен.
Бөлісу:

13 пікір

Zilola
жалпы тақырыбың, қозғауға тұрмайтын тақырып.
А так лично менің мнением, сол тойға келгендер «лібәәә, бір жарты қойса несі кетер ед, бос шәйнек алдырыңдарш, шөлмектегі арақты құйып алайық» деееп, немесе сырттан баклашкаға құйып алып кіреді.
Ішкісі келгендер амалын тауып ішеді, и так ішпейтіндер халал харамға қарамайды. Әркім жеке басы үшін өзі жауапты, біреудің аузына арақ құйып қинап жатпайды.
Менің мамам өмірі басынан орамалын тастаған емес, өмірі ішкен де емес. Біреудің қинап, аузына құйғанын көрмедім. Той халал болуы міндетті емес, кез келген жерде өзіңнің бойыңды ондайдан алыс ұстасаң болды.
Qojeke
Соңына дейін оқыдың ба?
Zilola
мен өз ойымды жаздым, соңына дейін оқысам да оқымасам да пікірім осылай қалады.
Qojeke
ыҚ, оқығанның артықтығы болмас еді.
tolagai
@Qojeke, сен қит етсе, аяғына дейін оқыдың ба деп шығады екенсің.как буд то Диссертация жазып,55қасқа бас профессордың алдында қорғап, қолпаштау естіп кептұрғанадам құсап. Боқ мына Жазбаң! пиздессс БОҚ!
Халал тойдың бірнешесінде болғам.жасырмаймын сыралатам. Бірақ Халал тойды жақтаймын.а лсен көрген халал той деп жүргенің өзіңе ұқсас адамдардың жасағаны шығар.өзіңнің пікіріңнің қандай екенін түсіндік қой.а так нағыз халал тойға бар.бармаған екенсің мұрныңдағы маңқаңды сүртіп тыныш отыр. елдің тойынсен істеп беріпжүрген жоқсың ғой.
Beytanis
Көптеген Халал тойда бөтен әйел бөтен еркекпен тіліп тұрып би билейді.

жатпаса болыпты да увахахахахахахаххахахаха.

Халал немесе харам той демей, арақсыз немесе арақты той деп қолдану дұрыс сияқты

Мынауың орынды.
sigma
Постыңдағы боқтық сөздерді алып тастасаң, жақсы мақала.
Нах-пах деп өзің оқуға тұрғысыз қылып жазыпсың, сонда да оқыдым. Айтқың келген ойың ұнады.
Жазу стилің ұнамады, плюс қоймадым.
Qojeke
Қомадың ба қоя алмадың ба? Ескерейін айтылғандарды.
asaubota
толық келісемін. айтқысы келген ой жақсы, жеткізу формасы нашар.
bazuka
спиртті сусын қолданғанға бола адал және арам деп бөле ме халал той дегендерін?
Aldeken
Біраз тойларға барып жүрмін. Арасында арақсыз тойлар да бар, бірақ, оларды халал той деп атағанын естімеппін.
Бір қуанатыным, бұрынғыда "ішесің, ішпесең үстіңе төгем, (құлағыңа тамызам, клизмамен жіберем)" деген зорлықтар азайып келеді.
Бір ағамыз баласын үйлендіріп, той жасады. Араласатын тума-туыс, жора-жолдастарының ішінде алкогольді ішетіні де бар, ішпейтіні де бар, ал өз үйінде ішімдік ұстамайтын-ды.
Содан той кезінде ресторанның екінші залына фуршет (аперитив деп қабылдауға да болады) секілді дастархандарды ұйымдастырып, ішкіліктің түр-түрімен шығарып қойды. Негізгі дастарханда ішкілік болған жоқ. Есесіне барлығы да мәз-мейрам боп (без обид и критики) тарқасты, ішіп алып оттап кеткендер де болған жоқ.
Өтпелі кезеңнің уақытша шарасы ретінде қабылданған дұрыс шешім деп қабылдадым.
Beytanis
«Халал» деген «рұқсат етілген» мағынада. Сонда «рұқсат етілген той», «рұқсат етілмеген той» деп бөлеміз бе, қалай?
Abilakim
Меніңше тойды екіге бөліп қарау керек.Ол: Төбелессіз той және төбелес шыққан той