Өлі-тірі тақырыптар. Айтысатын кибер ақындардың назарына!

Кибер айтыстың келесі тақырыптары мынадай екен:
Сейсенбі: «Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!»
Сәрсенбі: «Пікірталаста шындық тумайды!»
Бейсенбі: «Диплом көт сүртуге жарамайды!»
Жұма: «Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ»
Ертеңгі айтыстың айтыс болатынына күмәнмен қараймын. Қандай шешен, күрт, авар шықса да ол күнгі тақырыпты өлген тақырыпқа жатқызамын. Соны да әңгіме деп айтысады ғой екі керекші. Тақырыптарыңдыссс…
Сәрсенбі мен Бейсенбі күнгі тақырыптарға аса қызығушылықпен қарайтын боламын, амандық болса. Ал жұма күнгі кибер-айтысты "Жұма күнгі бояннндар" қауымдастығына жіберсе деген ұсыныс бар. Шешендер айтыспайтын тақырып. Қыртымбайлар шығып жүрсе, таңданбаңдар. «Титандар айтысады» депті Гастарбайтер. Күтеміз.
Суреттің шыққан жері mfjtribune.com

Айтысатын кибер ақындардың назарына!
Айтысқа уақытылы келіңдер. Екі ақынның онлан айтысқаны қызық болады;
Айтысқа дайындалып келіңіз. Клавиатура, тышқан, кілем;
Бірінші болып қарсыласыңның жазған пікіріне жауап жазбас алдын өзіңнің пікіріңді жазып ал. Соңынан бір біріңнің пікірлеріңді талқылап жазасыңдар;
Шанстарыңды жоғалтып алмаңдар. Бір құсық пікір де бір шансты жоғалту болады;
Бөлісу:

13 пікір

meirzhan
Осылай кибер айтыскерлерге жөн сілтемесе мен сияқты сайға лағуы мүмкін.
Noman
Ертеңгі тақырып тақырып болғанда қандай, өкпені толтыра жұтқан ауадай!!!
Тақырыптың өзектілігі емес, шешендердің сөз тапқырлығы сыналса керек-ті, әлден негатившылап, отқа май құйғаның ба?
Gastarbaiter
Қарапияр ғой амиго! Ондай да керек
Noman
Брат, біздікі де пиар ғо
Aldarkose
әлден негатившылап, отқа май құйғаның ба?
негативке де позитивке де орын бар. Сен негативті оқыма.
Yesman
Исажарболғыр. Біздің ертеңгі тақырыпты нашар деп кім айтты. Халықтан қолдау, шапалақ болса ұзағынан шабармыз біз
meirzhan
Массачусетс университетінің психолог-ғалымдарының айтуы бойынша, екі аккаунтты кезек-кезек пайдалану оқиғалары 89,9 пайызда тұлғаның екіге бөлінуіне әкеледі екен.
Aldarkose
Ұйықта барып. Ертең ұйқысұрап жүрме. Айтысатын тақырыбың болса анау, өзің қайда барасың тақырыптан асып.
Gastarbaiter
Ойыншыларды қажетті тақырыптан басқа тақырыптарда ешкіммен ұстасып, ерегесіп қалмауларыңды сұраймын, деанонимизация болмау үшін.
meirzhan
Және де көрерменнің провокация жасап, ойыншымен тікелей контактіге түсуден де сақтандыру керек.
19852407
Көксабын көпірік, сабан тақырыптардың бар екені рас, бірақ демагогиямен әддемі айналысу да асқан өнер екенін айтуға рұқсат етіңіз!
asaubota
Aldarkose тақырыптар ұнамаса өзің ұсынып көр тақырып. жаңа басталып жатқасын қазір қай тақырып болса да қызықты деп ойлаймын.

тек өкініштісі, жюри бола алмайтын шығармын. біріншіден барлық тақырыпқа пікір айта аламын деп ойламаймын, екіншіден дебаттарды жәй оқу үшін де уақытым болмайтын сияқты. алдыңғы дебаттарды оқыған жоқпын мысалы. жұмысқа осы бейсенбі күні шығамын, отпускіден кейін жұмыста мені үлкееееен секс күтіп тұрғаны да анық.
Aldarkose
Айтысқа қысқаша шолу мына жерде www.kerekinfo.kz/blog/4815.html