"Мәдениет" арнасы жұмысын бастады
26 қыркүйек күні көрерменге жол тартатын жаңа мәдени-ағартушылық «Мәдениет» телеарнасының көздеген мақсаты:
Қазақстанның ауқымы кең аудиториясына отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыру.
Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау.
Көрерменнің талғамын көтеру және жан-жақты дүниетанымын арттыру.
Жаңа арнадан эфирге ұсынылатын жобалардың бағыты:
Телеэнциклопедиялар;
Қазақ киносының үздік туындылары;
Әлемдік киноматографияның озық үлгілері;
Ағартушылық бағдарламалар;
Тарихи-өмірбаяндық бағдарламалар;
Ғылыми-танымдық тележобалар;
Өнер жайлы бағдарламалар;
Опера және концерттер;
Телеспектакльдер мен балет қойылымдары;
Деректі фильмдер;
Халқымыздың дәстүрлі өнері;
Онлайн
kaztrk.kz/kaz/tema_dnya/Ulttik_kundiliktardin_ajnasi_-_Madeniet_telearnasi.html
«отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыру» дейді. Отандықты білмедім. Әлемдікті орыстардан ұрланған бағдарламалық шаблондар арқылы қазақша сөйлетіп қоймасына кім кепіл?
ондай құндық қалды ма? Қалса іспен насихаттасын.
мына сөйлемді түсіне алмадым. Егер үздік фильмдерді айтып отырса, лицензияларын қалай сатып алады? деген сұрақ туады.
Қалғандары жаман емес сияқты. Уақыт көрсетер.