Өзіңіз жайлы қызықты ақпарат

Осы сайттағылардың бір-бірін жақсы біліп кетулеріне түрлі эстафеталар, сауалнамалар жүргізілді. Дегенмен, қызықты бір ақпараттар болады ғой.Мысалы, мені кішкене кезімде атамның жалғыз інісі асырап алмақ болған екен. Жеме-жемге келгенде не кедергі болғанын білмеймін. Егер, ол кісі асырап алғанда мен орысша өсер едім.Себебі, Қарағанды түбіндегі орыстары көп поселкіде тұрады. Мүмкін, бір-екі рет темір торға да түсіп келер ме едім.Ол жақта жастар қылмысы көп, және поселкіні ашқан кезде кілең түрмеден шыққандарды әкелген екен.
Қазіргі таңда қазақтар саны көбейіп қалғандай екен. Ал, сіздер немен бөлісесіздер?
Әрі қарай

Нео-мәңгүрттер

Мәңгүрттіктің жаңа түрі. Мәмбет мәңгүрт болуға ұмтылады.



Жұмыспен бір мем.мекемеден бір жігіт хабарласады соңғы кездері. Сөздерінен, стилінен қазақша сөйлейтін, ойлайтын бала екені білініп тұр. Өзіне тапсырылған жұмысты жетік білмейді. Орысша ұзақ, қиын сөздермен сөйлейді. Менің шыдамым жетпей "қазақша айта берші" деп едім. Азғана үнсіздіктен кейін «на казахском плохо разговариваю» дейді. «Орысша да сөйлей алмай тұрсың ғой» десем, «нет, я просто мысли не могу собрать» деп жауап берді.
Әрі қарай

Фэнтези Чемпиондар лигасы 2011 / 2012

Футбол, тек қана футбол!: Фэнтези Чемпиондар лигасы 2011 / 2012
Ертең көптен күткен үлкен мейрам Чемпиондар Лигасы басталады. Сәйкесінше көпшіліктің сүйікті ойыны Фэнтези Чемпиондар лигасы да басталады. Бұрын ойнап көрмесеңіз міндетті түрде тіркеліп, ойнап көріңіз.

ru.uclfantasy.uefa.com

Керекинфо лигасына қосылу үшін код: 109110-18788

Сұрақтарыңыз болса осында жазыңыздар.
Әрі қарай

Qurmetti halaieq! Qetaydamen:)

Assalamaleikooooom
Korispegeli kop boldy A demei biz de Kytay asyp kettik Ketpei turyp online dushpanym @konvictti de koru bakytsyzdygyna ie boldym. Ertengi baskosuga bara almaitynyma okineeeeeeep jatyrmyn.
3 internet clubka bardym. Barlygy da ID card suraid. Akyry kalanyn kishkene shetinde ornalaskan net clubka kelip otyrganym osy. Internet Explorerden baska tuk te jok
Әрі қарай

Алғашқы айлығыңды не істедің?

Блог - Ispek92: Алғашқы айлығыңды не істедің?
Осы жазбаны неге жазып отырғанымды білмеймін, алайда миым(істеп тұр екен) жазып көрсеңші, бөліс дегендей болып отыр. Сонымен немен бөліседі деп ойлап отырсаңыз, (тұрғын үй құрылыс жинақ банктегідей) ондай маңызды емес. Осыдан тура 27 күн бұрын Қазалысушар өндірістік учаскесіне университетті жап-жаңа көк дипломға бітірген пүздік студент жұмысқа орналасқан еді.
Әрі қарай

Тещин язык/Енемнің бал тілі!

Орыстарша тещин язык (қазақша тура аударса ененің тілі) бізше ащы тілдер деп аталатын мәзір ұсынбақпын керектік оқырмандарға. Қолымнан ененің тілін жасау келеді екен, енді ененің тілін табу келе ме жоқ па оны уақыт көрсетер.
Әрі қарай

"Әзірет Сұлтан" мешітіне шолу

Бұл ғимарат туралы ресми ақпарат былай депті:
«Мешіт төрт мұнарадан тұрады. Әр қайсысының биіктігі – 77 метр. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең үлкен күмбез де осы мешітте. Күмбездің диаметрі – 28 метр, ал биіктігі – 52 метр.»
Енді өз көргендеріммен бөлісе отырайын. Жалпы видео шолуым.

1- Сырт жақтан көріністері.
Әрі қарай

Тау баласы - janarbek

Біз білмейтін қазақтар қауымдастығында бұл жолы КерекИнфо мүшелерінің бірі, Моңғолиядағы қандасымыз Жанарбекті таныстырмақшымын. Оның альпинист екенін былтырғы Блог Құрылтайға қатысқандардың көпшілігі біледі. Егемен Қазақстан журналисі Дастан Кенжалин Жанарбекпен әдемі сұхбат жасаған екен. Соны бөліскім келеді.

– Әуелі өзіңіздің шыққан таулары­ңыз­­ды санамалап берсеңіз.

– Мен моңғол еліндегі биік таулар басында мәңгі мұзбен көмкерілген барлық шыңдарға шықтым. Ең биігі саналатын Бесбоғда шыңдарына 60 рет шығыппын.

– 60 рет? Көп екен. Басқа қандай тауларға шықтыңыз?

– Шетел шыңдарына алғаш рет 1994 жы­лы шықтым. Бұл Түркияның 4000 метр­лік биік Бурса шыңы болатын. Одан кейін Алатаудың Тұйық суына, 2002 жылы Тянь-Шаньның 6400 метр биік мәрмәр дуал шыңына, Алтай тауларының 4506 метр биік­тегі шыңы – Белухаға шықтым.
Әрі қарай

Олимп ставка жайлы.......


Міне бүгін Чемпиондар лигасымен Европа лигасы матчары жалғасы басталады.Соған ставка тігуге әркім өз ойларын айтып, қандай жақсы ставкалар бар айтып өтсе.Сонымен қатар қандай күшті коэфф-тер бар, яғни ұта алатын сенімді матчтар бар ма ?? Әркім өз ойларын айтып бірге ақша ұтайық
Әрі қарай