Еркектер әйелдерге қарағанда...

Өмірмен ерте қоштасады;
Тез әрі жиі ғашық болады;
Ажырасқаннан кейін тез үйленеді;
Аса қатаң жазаланады;*Сыпсың сөзге үйір келеді;
40 пайыздай артық терлейді;
Жұмыстағы не отбасындағы өз күйзелісін ешкіммен бөліспейді;
Өтірікті көп айтады;
Ақылдан алжасуы екі есе көп кездеседі;
Психологиялық стресске төзімсіз келеді;
Аурушаңдық көрсеткіші асып кеткен, иммунитеттері төмен;
Сенгіш;
Құрт ауруымен 3 есеге жиі ауырады;
Қауіп-қатерлі, адам ағзасына зиянды жұмыстармен көп айналысады.
Есте сақтау қабілеттері әлсіз;
Үш нәрседе артық, олар: ақыл, күш, сана.
Еркектердің қасиетті парызы – әйелдерді билеу.
Әйелдердің қасиетті парызы – еркектерге бой ұсыну, бағыну.

кейбірін тіпті асыра сілтеп жіберген сияқты. мысалы: /Есте сақтау қабілеттері әлсіз;/
Your text to link...
bk
Бөлісу:

83 пікір

kozildirik
*Сыпсың сөзге үйір келеді;
Әзірге қыз келіншектерге жете алмай келеміз ау)))
Есте сақтау қабілеттері әлсіз;
мұны енді расымен де сәл артықтау. Девичья память деген де бар еді)))

Қалғандары вроде шындыққа жанасатын сияқты
Armanjan
тіпті соңғы екеуі жанға жағады деп қойсай
kozildirik
Дәл дәл. Басын қатты бастап, аяғын жұмсартып жібердіңіз бе?)))
Zhan
Жоғарыдағының бәрі рас болса, еркектерді аялау керек екен.
kozildirik
Әрине. Тіпті статистика да азсыңдар дейді ғой бізге))))
Armanjan
біреу қатты мақтанғанда айтыпты ғо, «еркектерді қызыл кітапқа енгізу керек дажы» деп…
Zhan
Қой құрысын, қызыл кітапқа дейін жетпей-ақ қойыңдар. Қыздардың еркекке таласқаны сұмдық болады если что.
kokbori
Жоғарыдағының бәрі рас болса, еркектерді аялау керек екен.
Бір киіз кәзиттен «Американдық ғалымдар „нәзік жандылар“ деп еркектерді атауды ұсынды» дегенді оқып ем.
MamaAya
:):) соны айтам -ау. Мәпелеп алақанға салу керек тіршілік иесі қылып қойыпт ғой.))) Олардың есте сақтау қабілеті жоғары деңгейде дамыған дер едім. Че, не помнишь?-деп еске тусіретін мелочный қателіктерімнен білем.
Сенгіііш?- Фиг тебе!
aza
парыздар туралы жақсы айтыпсың… Қалғаны, күнделікті әңіме секілді.
asaubota
интернетте белсендірек  мысалы Керекинфоның үздік 10-ында тек қана 2 нәзік жыныс өкілі
Gastarbaiter
Бір кездері интернетте тіпті де қыздар табу мұң болған.
Бұдан шығатын қорытынды:
«Еркектер жаңа технологияларды еркінірек, және жылдамырақ меңгереді»
asaubota
ең басында Аколя деген форум болды. сонда Салтанат деген қыз болды. соған бәріміз өлетін едік, одан басқа қыз жоқтай
satibaldi
Ақылдан алжасуы екі есе көп кездеседі;
Әрине нақ, біздер өзімізден басқа әлемнің қамын; қайдан шықтық, ол ештеңе емес — қайда барамыз? деген мәңгі сұрақтармен айналысамыз лібәдтің.
Zhan
Бәсе, неге осы миымызға артық салмақ түспейді деп жүрсем, бәрін өзіңізге алып қойған екенсіз ғо. Рахат, біздің орнымызға ойланатын адам бар, хехе. Енді жауабын таптыңыз ба? Сізден біле салайық. Қайдан шығыппыз, қайда бара жатыр екенбіз?..
satibaldi
Шыққан жеріміз… енді бәріміз ересек адамбыз деп ойлаймын… Ал бара жатқан жерімізді түсіне алмай, жаным әлі күйзеледі.
Zhan
Ал бара жатқан жерімізді түсіне алмай, жаным әлі күйзеледі.
Егер осы сұрақтың түбіне жетіп, тапсаң күйзелісің тоқтайтындай айттың ғо нақ.
satibaldi
Әрине тоқтайды. Өмірдің мәні белгілі болып, бір бағытта өмір сүруге болар еді.
Gastarbaiter
Айтпа, 10 жыл Тибетте манақ боп, 10 жыл қағбаны айналып, 10 жыл Егілу Жарында қорс-қорс өкіріп, одан кейін 1 жыл ішіп кетіп, арақтан ұшынып өле қалғанда Аид алдыңнан күтіп ап, 30 жыл лох болып, бір жыл мағыналы әрекет қылдың десе қайтер едің?
Zhan
Ақылдан алжасуы екі есе көп кездеседі;

Әрине нақ, біздер өзімізден басқа әлемнің қамын; қайдан шықтық, ол ештеңе емес — қайда барамыз? деген мәңгі сұрақтармен айналысамыз лібәдтің.
Мәңгі сұрақтармен айналысуды еркектер ғана айналысады деп Сатекең жынысқа бөліп меншіктеп алыпты. Меніңше, бұл сұраққа еркек те, әйел де басын қатырса болмас па Гаста? Оның үстіне, Сатекең өмірдің мәнін біліп алсақ, бір бағытпен жүрер едік деп қояды. Қайдам, мәнін біліп қойсақ, оған да біліп қойдық, оның несі қызық деп екі есе күйзеліп, ішіп кететін шығармыз. Құдай соны білгендіктен де ішушілер мен күйзелушілер көбейіп кетпесін деп ұйғарған шығар деп бір монах боп көрейінші менде.
Abilakim
Жансая, бұл мәселеге мынандай көзқараспен қарашы. Мысалы дінді ұстанған жандар жұмаққа баруды ойлайды.Егер адам баласы жұмақтың қандай екенін көзімен көрер болса, бұл дүниеден баз кешіп кетер еді ғой.Ол жақтың рахатына бару үшін-ақ жиырма жасында өліп кете берер еді, аштықтан, Құдайға сиынып отырып-ақ.
satibaldi
Кейде сені көлемді де қысқа тост айта білетін қабілетің үшін жақсы көріп кетем.
salta
Кейде сені көлемді де қысқа тост айта білетін қабілетің үшін жақсы көріп кетем. — мына сөзіңіз әркімге айтылып, ж… болып кетті уже… определитесь, кімді жақсы көресіз?
Gastarbaiter
Аса мәртебелі назарбыңызды мынадай физиологиялық шартқа аударғым келеді, адам тек Құдайға сиынып отыратын болса ол аштан өлмейді...(барабан даңғыры)
Ол қасқа ағзасы сусызданып бірінші шөлден өлер еді
Abilakim
мен қырық дегенмен, сен сорок дегенмен екеуі бір санды береді дегендей ғой
satibaldi
Егілу Жары
Қайғы қабырғасы, мұң бұрышы деп жүр едім, сенікі сәтті екен
kokbori
Әйелдердің әйелі жоқ қой дегенді қоса салсай, күмілжігеніңдссс
seyh
сорри
salta
ибайиииии, ЕРКЕКТіігіңізді біреу тартып алайын деп жатқандай жан дауысыңыз шығады ғой тегііііі… XY — ЕРКЕК, XX — ӘЙЕЛ.(Y — X) бір таяқшаға артық әйелде, за то еркектерді хромосома ренжіткенмен, бір ішектері артық. тах шо банально нәрсені езе берудің қажеті шамалы…
seyh
 басқа тақырыпқа түсіп кетіппін кел ана жаққа көрейін әуселеңізді
salta
белдесуге түсетіндей керілесіз ғой, байқаңыз белсіз болып қалмаңыз
a63a1
неғой Салтош, хромосома дисің икіс дисің игірік дисің бір ішегіңді түсіне алмадым, ол қай ішек? Әлде қарынба? Еркете өзі екі бас екі қарынбарғой, вот осы жағынан еркектер алда
salta
өзімде жоқ болған соң екі қарын туралы білмейді екем. материалистпін де, ұстап, дәмін көрмесем мойындамайм…
a63a1
бұқақақақақақаақ
Денем тітіркеніп жаным көзіме көрініп кетті.
Ойнама шырақ, ойыннан от шығад
e_zhalgas
Өтірікті көп айтады;
Сенгіш;
өздері өтірік айтып, өздері сенгіш болғаны қызық екен, жо-жоқ, не деп кеттім, нонсенс
salta
Еркектердің қасиетті парызы – әйелдерді билеу — билесін, билесін, ойбай ааау билеу үшін жүрген жоқпыз ба?
kokbori
Билесе билесін, бырақ қамырдай илемесе бопты да десей
salta
мәселе қалай илеуінде, бауырым
kokbori
Сол ғой айтып отырғаным
Botik11
әйелдерге қарағанда көшеде жиі шаптырады
kokbori
Әйелдердің шамасы келмесе қайтсін?
Gastarbaiter
Әйелдер көшенің бұрышына әуретін көрсетпей, көздеп дәлдеп шаптыру мүмкіндігіне ие болса, олар да сөйтер еді.
dark_nazgul
көбірек ойнас жасайды, отбасын тастап кетуге бейімірек тұрады.
Marationok
ойнас қанында бар, ойнас болмауы үшін екінші әйел болуы керек
dark_nazgul
тоқал мәселесінің түтесін шығарып тастағанбыз, бастамай ақ қой нақ.
екі әйелдің сыртында да ашына ұстайтындарды көргенбіз.
Baisaldy
Әйел еркек соғысы тұтанып кетпесін, бірақ еркекті ойнасқа апарып тыққылай бергеннен не ұтасыңдар ханымдар-ау?! бір еркек ойнас жасаса екі әйел оған себепші.
Gastarbaiter
көбірек ойнас жасайды, отбасын тастап кетуге бейімірек тұрады.
Сонда ойнасты көбіне еркекпен жасайтын болып тұр ғой ә? Өңшең гамасектер десе…
Rafaello
Еркектер өтірікті жиі айтатын шығар. Бірақ, қыздар сапалы айтады.
Gastarbaiter
Саясаткерлерге қарап олай айтпас едім
Gulistan
ЕР адамдарға бәрі кешірімді, өмір сүру әлдеқайда жеңіл сияқты. Бірақ, жанұялы болған кезде, оған да аз жүк артылмайтыны аян. Екі жақтың да қызығы мен шыжығы жетіп артылады.
Armanjan
ЕР адамдарға бәрі кешірімді
мынаны қаяқтан тауып алдыңыз, тәуір нәрсе сияқты ма қалай?
Rafaello
Келісемін. Жігіттер 10 қате істесе де кешіріледі. Ал, қыздың 1 қатесі өміріне крест қоюы мүмкін.
VKM
қыздың 1 қатесі өміріне крест қоюы мүмкін.
Сондай категоричный болмасай, көріп жүрміз ғой талайларды)
Armanjan
көріп жүрміз ғой талайларды)
осы жерден толығырақ
VKM
Туй, енд… түсіндің ғой)))
Abilakim
Түсіндік,әлгі пәтер сатып алған танысыңды меңзеген боларсың
satibaldi
Сатып алғызған десең — әкімшілік-құқықтық баға беруіңіз әділдееу болар.
Gastarbaiter
Қыздар сол баяғы еркектің сексуалды ерліктерінің кешірімін көре алмайды Басқа айтары жоқ.
Бізге жеңілдіктің керегі де жоқ, бізге тек жалған болса да арқадан қағып, абыройдан үмітті қылып қойсаңдар болды.
Baisaldy
неге крест осы плюс қоюға болмайма екеуіде бір белгіғой
VKM
уа-ча! Плюс деген позитивтірек!
Simona
кейбірін тіпті асыра сілтеп жіберген сияқты. мысалы: /Есте сақтау қабілеттері әлсіз;/
Менiңше aсырa сiлтеген жерi ол емес, мынaу:
Үш нәрседе артық, олар: ақыл, күш, сана.
Еркектердің қасиетті парызы – әйелдерді билеу.
satibaldi
Simona
кетщвaр, не күлесiз?
satibaldi
Әлгі, қарсы көшедегі ұйымның мақсаты есіме түсіп кетті…
Simona

terre des femmes
о ұйымдa мұғжизa әйелдер қызмет aтқaрaды!
Gastarbaiter
Armanjan
/… еркек бастаған көш не істетпейді есейші.../ — мына сөздерді неге екеуіне де қатар қолдандың, мүмкін біреуіне ғана қалдыру керек шығар.
Abilakim
дұрыс, тек екеуінің ұстанымымен ұғынуың керек.Шешіндірген де, киіндірген де еркектер екеуінің ойынша
Zhan
Жоқ дұрыс, екеуі де бір-бірін емес, қарап тұрсаң еркекті кінәлап тұр.
Simona

Мынa жaлaңaш қыдырып жүрген әйел, Сaудa-Aрaбиясындaғылaрдың бaтыс әйелiн елестетуi болу керек.

Мұндa екеуi де еркектi кiнәлaпты делiк. Бiр мaңызды aйырмaшылық бaр: әлгi жaлaңaш әйел ертеңгi күнi үстiне никaб жaбaм десе де, жәй aбaйя кием десе де, не мини етекпен жүрем десе де ӨЗ еркi.
Aл екiншiсiне орaмaлын көшеде шешкiсi келген жaғдaйдa, бұл тек aрмaн боп қaлмaқ.
Armanjan
Aл екiншiсiне орaмaлын көшеде шешкiсi келген жaғдaйдa, бұл тек aрмaн боп қaлмaқ.
мұнымен сонда нені меңзеп кеттің Симош
Gastarbaiter
Оның еркі тек шартты ғана ғой.
Simona
Негiзi aдaм тұмысының бaсымы шaртты емес пе. Ерiктiң aбсолют болуы дa шaртты мa дейм. Шaртты болсa дa, ерiктi болғaнғa не жетсiн!
Gastarbaiter
Әрине, негізі ме феминистпін.
Gastarbaiter
Батыстың феминисттік қозғалысы мен исламның еркекке мойынсыну моралінің екі ортасында талтайып тұрған кейбір әйелдер Шығыстың инь-янь гармониясы туралы да қыртып қояд нақ, шын мәнінде ешқайсысының идеалына да жете алмай, қубас, ең болмаса лесбийлік махаббаттан дәмелі, дәрігердің депрессияға қарсы жазып берген дәрілер тізімі бар бір түйір қағазымен көздері мөлтілдеген күйі оңаша қалады.
Себебі сол баяғы бейберекесіздік.
aikarakoz
Мұның бәрі сіздің сараптамаңыздан өткен бе, Арманжан? Тойыс неше пайызына сенуге болады?
Armanjan
Тойыс неше пайызына сенуге болады?
төрт бүтін оннан төрт пайызына сене берсең болады.
aikarakoz
Өтірікті көп айтады;