Фэнтези Чемпиондар лигасы 2011 / 2012

Футбол, тек қана футбол!: Фэнтези Чемпиондар лигасы 2011 / 2012
Ертең көптен күткен үлкен мейрам Чемпиондар Лигасы басталады. Сәйкесінше көпшіліктің сүйікті ойыны Фэнтези Чемпиондар лигасы да басталады. Бұрын ойнап көрмесеңіз міндетті түрде тіркеліп, ойнап көріңіз.

ru.uclfantasy.uefa.com

Керекинфо лигасына қосылу үшін код: 109110-18788

Сұрақтарыңыз болса осында жазыңыздар.
Бөлісу:

84 пікір

Nurgisa
О, күшті. Бапкер болайық. Көлгірсуші едік қой, еркімізге дүлдүлдер берілсе, көрейік бақ сынап. Былтыр Аршат екеуміз соңына дейін бәстесіп, басында оқ бойы озып келе жатқан пақырыңызды админ қуы жетіп, басып озды. Әкімші емес, тура сәбетский союз, елки…
asaubota
ой йолкиии мен саған фора бергем әдейі
Nurgisa
Иә, осылай көпшіліктің алдында бір желпініп ал, құрдас. Ал осы сезонда, айтPAD деме, езем
konvict
Қалай ойнайтынын бір айтып кететін адам бар ма?
asaubota
сған виртуал 100 ақша береді. сол ақшаға футболшылар сатып алып, команда құрасың. әр командадан тек екі адам ала аласың. және Месси, Роналду, Хави сияқты мықтыларды толтырып аламын деп ойлама. ақша жетпейді.

сосын әр турдан кейін сенің командаңдағы футболшының перформансына қарай саған ұпай жазылады. мысалы менде Криштиану капитан. ол егер 90 минут ойнаса 1 ұпай, ал егер гол пасын берсе 3 ұпай, гол соқса 5 ұпай. капитан болғаны үшін екі есе ұпай әкеледі. қақпашылар мен қорғаушылар гол жібермегендері үшін ұпай алады. қақпашылар әр үш сейв үшін бір ұпай алады. сары немесе қызыл алған жағдайда минусталады. ал егер ойыншың сол турда ойнамай қалса запастағы ойыншыларың кіреді.

күшті, қызық ойын. студент кезімнен бері ойнап келемін үздіксіз. 10 жылдай болыпты.
rauan97
Менде кеше осы сайтқа кіріп акаунт ашып командамды жасадым онда трансфер ойыншыларда сатып алдым енді сұрақ .Ұпайды қалай жинаймыз сонда өзіміз сол жерде кәрдімгідей футбол ойнаймыз ба ,әлде турдағы шын өмірде болып жатқан ойынға байланысты гол соғып пеналти теуіп шын өмірдегі осы сәттерге қарап очкомызды аламыз ба?
Nurgisa
Бүгін және ертең лиганың матчтары болады. Сен таңдаған ойыншылар осы екі күн бойындағы перформансына сай ұпай жинайды. 60 минуттан астам ойнаса плюс 2 ұпай, қорғаушы гол соқса +6 ұпай, орта шептегі ойыншың гол соқса +5 ұпай, форвард соқса +4. Пенальтиден соқса +3. Гол соққсан адамға пас шығарса +3.
konvict

Мен мынандай состав таңдадым. Бірақ түсініксіз бір нәрсе бар. Гаэл Клиши сол қанаттың қорғаушысы. Оны оң қанатқа қойсам да орталық қорғаушы болып кете береді. Тура сондай Бускетсте бар. Гамшиктің негізгі қызметі шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Оны Бускетстің орнына қоя алмай жатырмын.
Nurgisa
Бұл жерде бар гәп олардың шын мәніндегі амплуасында емес. Яғни, Клишидің сол қанатта болуы міндетті емес Фэнтезиде. Бастысы — дефендер, қорғаушы. Және оны таңдай отырып сен Клишидің командасы гол жіберіп алмауын, сосын оның негізгі құрамда кемінде 60 минут ойнауын тілеуің керек. Егер қандай да бір ойыншы 60 минуттан аса ойнаса, Аршат айтқандай 1 емес, 2 ұпайды иеленеді. Таңдаған ойыншың сары карточка алса минус бір ұпай. Пенальти соға алмаса, қызыл карточка алса да тиісінше «минусталады». Негізі, тактиканы міндетті түрде 4-4-2 қылу маңызды емес. Турдағы ойындарға қарап 3-4-3 немесе 2-5-2 форматын таңдасаң болады. Әрине, капитан етіп өзіңнің ойыңша осы турда көбірек ұпай жинауы мүмкін ойыншыны таңдайсың! Іске сәт!!! Өте қызықты ойын, егерәки шын қызығушылық болса.
Nurgisa
Әр турдан соң бір тегін алмастыру жасай аласың. Бір раунд біткенде құрамаңды толықтай ауыстыруға құқылысың. Одан соң, кез-келген кезде джокерді пайдалана аласың: яғни, құрамыңды толықтай жаңарта аласың (бұл үшін жинаған ұпайыңнан ешнәрсе шегерілмейді). Дегенмен, мысалы, бірінші турдан кейін құрамаңда ойыншы алмастырғың келеді делік. Біреуін тегін ауыстырасың, қосымша тағы ауыстырғың келсе, әр ауысым үшін -2 шегеріледі.
Nurgisa
Команданы жасақтауда мына кеңестерді ескерген абзал:
en.uclfantasy.uefa.com/M/tipster.mc
rauan97
менің жаңа составым
Nurgisa
Рауан, ана Рамирес бүгін ойнамауы мүмкін. УЕФА да саған соны ескертіп отыр: қызыл «i» ойыншының жарақат алып қалғанын не дисквалификациясы барын білдіреді. Ойыншыларды таңдар кезде дәл осы турдағы визавиіне ғана қарап емес, ұзақмерзімді түрде әшкө жинап беріп отыратындай жағын ескеру жөн.
rauan97
Улкен рахмет енді біліп журемін
konvict
Абидальдің бүгін ойнайтындығына күмәнім бар. Оның орнына Адриану шығуы мүмкін. Сосын Боатенг негізгі құрамның емес, қосалқы құрамда отырады көбіне. Алаңға екінші таймда шығып жүр. Қартайған Оуеннің де бір нәрсе тындыруына күмәнім бар. Аршавин де көбіне екінші таймға қалып қалады.

Мен өзім Старридж бен Гибзді бекер алыппын.
Nurgisa
Өзгерте аласың әлі, ойын басталардан бір сағат бұрын шамасында тоқтатылады трансферлер. Қазір «тегін» алмастыра аласың.
konvict
Киву мен Адурис келді командама
Nurgisa
Қазір Марсельдің күйі дімкәс, Олимпиакостың защитасынан алуға болады бірер қорғаушы.
konvict
Не ғо, мысалы мен басқа біреудің составын көре аламын ба?
asaubota
тек бір турдан кейін ғана көре аласың.
Nurgisa
Hisex baverem sening de ose oiengha hatesuvengde halab otermez!!!
qisyq
Меңгереалмай жатырмын.
Nurgisa
Оңай ғой, Димаш. Неғыса, Аршатқа не маған хабарлас. Фанат ретінде саған ұнамауы мүмкін емес. Қосыл, ойын басталардан бір сағат бұрын команда жасақтап үлгеруің керек.
asaubota
Қисық, Әбіл, Патик, Сәкен, Бейтаныс тағы кімдер бар футбол десе ішіп отырған пибісін сіміріп қоятын? бәрің үлгеріңдер бүгінгі мына шараға. Лигаға да жұрт жәйлап қосылып жатыр екен. давай давай бәрін шақырыңдар.
Nurgisa
TERISKEY бар. Бірақ ол өз әдетіне басып жартылай финалда ғана байқаса керек қой «бұны»…
Abilakim
Мен түсіне алмай қойдым
asaubota
мынандай тағы бір лига құрдым. Очная лига деп аталады лиганың бұл түрі. қосылу коды мынау: 109110-26781

бұл лига ана лигаға қарағанда қызықты. командалар бір бірімен ойнайды жинаған ұпай саны бойынша бірін бірі жеңіп. түсінікті болу үшін мынаны оқыңдар:

В очной лиге вы каждый тур проводите матч с другой командой лиги. Количество набранных вами очков сравнивается с количеством очков, набранных вашим соперником. За победу дается 3 очка, за ничью — 1.
Nurgisa
Мессиді 14-ке сатып алып не керек. Тым қымбат… Одан да Базельдегі Фрейді алмаймын ба 6-ға
asaubota
Мессиді принципиальды түрде былтыр алған жоқпын. саусақпен көрсетпей ақ қояйын кейбір жолдастар бүкіл сезон бойы ұстап шықты капитан қылып, бәрібір жеңілді  биыл да алмаймын Мессиді.
konvict
ru.uclpredictor.uefa.com мынандай да ойын бар екен
Nurgisa
Иә. Мұнда ойын есебін дәл табу, қанша доп айырмасымен басым түсетінін табу және бірінші голды кім соғатынын табу маңызды. Ықтималдылығы жоғарылауын джокер етіп таңдайсың, дәл шықса — екі еселенеді.
asaubota
УЕФАдан басқа жерлерде де фентези ойындары көп. бірақ, ең көп адам қатысатыны және ең жақсысы осы УЕФАнікі. приздары да жақсы.

мен жазған екінші лигаға қосылдыңдар ма? сол лига анадан да қызықты.
asaubota
төрт команда қосылған екен: мен, Нұрғиса, Абай, Рауан. тағы төрт қослыса күшті болады. екі топ болады, сосын плейофтар.
asaubota
кеше қанша ұпай жинадыңдар? менде кеше ойнаған бес адам 19 ұпай алды. ең көбі Зырянов.
Nurgisa
Мендегі кешегі 5еу 15 ұпай әкеліпті, Данниге оның алтауы тиесілі. Ең азы Пуйолде — 21 минут ойнап (+1), бір сары карточка алып (-1) 0 ұпай жинады.
konvict
Менің ойыншыларым 36 ұпайды қоржынға салыпты. Тьяго Сильва 16, Мессиде 10 ұпай, Фусиле 8, Бускетс 4
konvict
Сорри, Сильвада 13, қате басылып кетіпті. Пабло Эрнандесте 1еу бар
asaubota
жарайсың Абай, дабай дабай! егер кеше ойнамай қалған біреулер бар болса запастағылармен ауыстырып қоя аласың.
Nurgisa
Олай жасап қажет жоқ, система өзі автоматты ауыстырады, негізгі құрамадағы әлдекім ойнамаған болса.
Abilakim
Мен бүгіннен бастап ойынға қосылдым
asaubota
сенікі енді келесі турдан бастап есептелінеді.

заменаны системаға автоматты түрде ауыстыртқанша өзің қазірден бастап қойғаның жақсы және капитанды да өзгерте аласың, әлі ойнамаған болса.
Abilakim
ол қыркүйектің 23і ме? Оған дейін ұпайлар ештеңе ала алмаймын ба?
Nurgisa
Жоқ, содан ғой кеше жанұшыра айтқанымыз… Ендігі турдан бастап саналады енді сенікі, сондықтан келер турдағы матчтарға қарап жасақта.
Abilakim
кестесін лақтырып жіберш, кешегі күн абыр-сабырмен өтті жұмыста
Gastarbaiter
Тьяго Сильва
UFC -дағы бір мықты палуанның аты да осындай.
asaubota
хуле Виталий Смирнов деген сияқты ат пен фамилия ғо оларда
Erke
Ареке сендердин топтарына косылу ушин не истеймиз!
asaubota
жоғарыда кодтар бар, сол кодтарды Лиги деген жерден қосасың.
Abilakim
Команда құрамын қалай өзгертем? Екінші турға лайықтап
asaubota
асықпа, екінші тур жақындаған кезде өзгерт.
rauan97
МЕН ОБЩИЙ 23 ОЧКО ЖИНАППЫН
asaubota
Нұрғиса, кілең зверьлер ғой мына балдар?
Nurgisa
Тоқтай тұр, мүмкін он бір ойыншының жиынтық жинағаны шығар  Бүгінгі матчтар болсын, сосын бастаймын тамсануды
rauan97
көреміз 1 турдағы очкомды айтам ғой азанда
asaubota
бәрінікін сразу көре аласың тур біткесін. сондай ақ әлемде және Қазақстандықтар арасында нешінші екеніңді қарауыңа болады. әр аптаның үздіктеріне Плейстейшн береді және сезон соңында жақсы приздар болады.

кезінде 154.000 адам қатысқан конкурстан бірінші орын алып қызы екеуі Португалия-Грекия матчына УЕФА берген тегін жолдамамен барып келген ақтөбелікті білемін.

бастысы үмітіңді жоғалтпай, жеңіске сенсең болды.
Nurgisa
надел португальскую форму, Ирине кто-то подарил греческий флаг, и когда мы на трибуне обнимались, нас принимались неистово фотографировать — мол, единение народов».

)))))) Негізі елуден қырықты табу басқа, ал мына фанзоун бәсте Қазақстанда үштікке кіріп жатсаң да жаман емес, негізі…
asaubota
алғашқы турдан кейінгі жағдай:

Nurgisa
Абай мен Рауан өте жақсы бастапты, жарайсыңдар жігіттер!
asaubota
мына украин жігіті қазір лидер болып тұр, 79 ұпай жинапты командасы.
rauan97
Мен 43 ұпай жинаппын негізі 50 ге жеткізетін едім ойыншыларымның арасында 1 ойыншы қызыл алып 2 ойыншым сары алды, атаң әлеті солардың кесірнен біраз ұпайларымды жоғалтып алдым
Nurgisa
Биыл фэнтэзиді ойластырушылар бір жаңалық енгізіпті: ойыншылардың арасында қарсыластың пастарын өткізбей, алып қойғандарына да ұпай беруді шығарыпты. Алты рет алынып қойылған допқа +1 ұпай тағайындалатын сияқты.
rauan97
Ия солай подкат пен алып немесе игроктан тобты алу нәтижесі сәтті болса +1 очко береді екен бірак Nurgisa сіз қателестіңіз 6 рет емес 5рет алып қойса беріледі екен және вратардың тобты қайтаруынада (3 сейвке) +1 очко береді екен
Nurgisa
Подкатты биыл шығары отыр, мінеки. Анау сэйв бонусы баяғыдан бар ғой. Ойнап жүргендер біледі.
«Подкат» бонусты білмей қалыппын. Ойыншы таңдаудағы стратегияны өзгертеміз енді.
asaubota
Клиши, Лэмпард және неге екенін білмеймін Бенфикадан Луизаоны алғаным, аз ұпай әкелді. запастағы Кольман мен Штреллер жақсы жинапты. эххх аналардың біреуі ойнамағанда ғой, запастағылар кіретін еді.
Nurgisa
Бұл тур аздап нетолау боп кетті. Кәнігі лидерлерден гөрі, әшкөжинағыш пахарьларды іздеу керек боп тұр…
asaubota
Еуропа лигасында да ойнауға ниет бар ма жігіттер? ru.uelfantasy.uefa.com/

мен құрайын деп жатырмын қазір командамды
asaubota
бүгін командаларыңды түзетуді ұмытып кетпеңдер, тур бар.
Nurgisa
Жақсы еске салдың. Манчестер сити Баварияны жеңіп кететін сияқты ма, қалай өзі…
asaubota
сол үшін Ситидің қақпашысын және қорғаушыларын ал командаңа )
Nurgisa
Ситиге сеніп отырмын. Ескертуіңе рақмет, ойымда жүрсін…
asaubota
Сити Баварияға қарағанда тәжірибелі ме еді? мен тәжірибеге сенемін.
Nurgisa
Бүгін комнда жасақтарда естеріңде жүрсін, МЮ сапында Руни мен Эрнандес ойнамауы мүмкін. Ықтималдылық өте жоғары. Есесіне, оларды Бербатов, Оуен мен Уеллбек алмастыруы ықтимал.
Nurgisa
Кеше өз командасына Уелббек, Кака, Коне, Фрейлерді алғандар қарқ боп қалды. Аршат жақсы ұпай жинаған ұқсайды. Бүгінгілерді тосайық. Әбіләкімнің команда ауыстыруға қолы тимеген сияқты…
Abilakim
қалай ауыстырады ойыншыларды? Таба алмай қойдым
Nurgisa
«Моя команда» дегеннің жанында «Трансферы» деген бар, соны басып ауыстырасың… Енді келесі турда ауыстыр, қазір ауыстырғаның кешкі ойындарға жарамайды, кеше басталып қойды бұл тур…
Abilakim
Басында түсіне алмай қойғаным ғой,ұпайым өте аз екен
Nurgisa
Байқа, бәрін ауыстыра берме. Әр тур сайын тегін бір ойыншы ауыстыра аласың. Топтық кезең біткенде көбірегін тегін ауыстырасың. Сосын джокер деген мүмкіндік қарастырылған. Кез келген турдың алдында бүкіл командаңды толықтай тегін жаңарта аласың, бірақ бұл мүмкіндікті бүкіл турнир барысында бір мәрте ғана кәдеге жаратасың.
Abilakim
Бүгін тиіспеймін.Құрамамның көбісі бүгін ойнайды«Реалдықтардан» басқасы
Abilakim
Бүгінгі ойынға біраз ойыншыларым бар
asaubota
кеше менде капитан Роналдо болды. 18 ұпай әкелді
Nurgisa
Бай екенсің  Бүгін Шахтерға сенім арта отырайық