Нео-мәңгүрттер
Мәңгүрттіктің жаңа түрі. Мәмбет мәңгүрт болуға ұмтылады.
Жұмыспен бір мем.мекемеден бір жігіт хабарласады соңғы кездері. Сөздерінен, стилінен қазақша сөйлейтін, ойлайтын бала екені білініп тұр. Өзіне тапсырылған жұмысты жетік білмейді. Орысша ұзақ, қиын сөздермен сөйлейді. Менің шыдамым жетпей "қазақша айта берші" деп едім. Азғана үнсіздіктен кейін «на казахском плохо разговариваю» дейді. «Орысша да сөйлей алмай тұрсың ғой» десем, «нет, я просто мысли не могу собрать» деп жауап берді.
Бүгін де сол баяғыдай. Бүгін кішкене асыра сілтеп жіберді енді, басында байқамай мырза деген сөзді айтып қалды да, кейін қайтадан түзеді господин деп. Бірақ, бұл жолы фамилиямды Аразып деді. Түзеттім
Күлкім келеді. Аяймын. Бетпе-бет жүздеспей, таныстығымыз тек осылай телефон арқылы қалса деймін.

Кей қазақ саудагерден қазақша сұрасаң, қисық орысшасымен жауап береді өзіншеее боп. Басынан дүңк еткізсең со кезде)
орысша білмесе не болар еді?
Жаңадан жұмысқа келген жас бала шығар. Жұмысқа қатысты сөздерді үйреніп жүрген мысалы. Өзін солай жетілдірмек
Қазақ тілділер де бар, орысша білмейді, қазақшаның өзің дұрыстап сөйлей алмайды.
Мысалы, он жыл қазақ мектебінде оқыса да, қазақша екі сөздің басын қоса алмайтын сыныптастарым бар Керекуде.
Сосын ең алғаш өзімді таныстырғанда ойлапты, түріктің қызы қалай таза қазақша үйреніп алған деп таң қалдық дейді. Жыным келеді, түрікке ұқсататындарға…
негізі бір елде көп жүре берсең соларға ұқсап кетесің. менің біраз жыл кличкам Түрік болып еді
Өзім, айналадағыларым, екі тілге де бірдейсің ғой дегенімен, орысшаға келгенде ойым кібіртіктейтінін білем...;-)
Бір қызығы, қазақы тілді жерде тұрып, орыс мектебінде оқығандардың ауызекі тілі, «наша казашаның» «здраствуйте, детилері» қара жаяу қалады жандарында :-)
сенің жазғаныңды анық түсінбей қалған сияқтымын.
Бұрын қазақша бір ауыз білмегенімен, 3-4 жылда қазақша үйреніп алған таныстарым бар.
Лицейде бірге оқыған кластастардың бәрімен дерлік қазір қазақша сөйлесеміз. Оқып жүргенде қазақша сөйлейтіндер бес-алтау ғана едік. Олардың жанында экс-ауылдықтардың мәңгүрт болу трендтеріне магистраль болсын.
Ал ана кісі молодец, тіл білмеймін деп қашып жатқан жоқ, сөйтіп-сөйтіп адам болып кетеді. Ой, қазақша біледі ғой, қазақша айта салайын деп жүре берсе қашан өзге тілді меңгермек? Адамға бәрібір практика керек, ортасы жоқ болса, қолдан жасауға тура келеді енді амал жоқ солай қазаққа да орысша сөйлеп Неге бас салып жұрт туралы жаман ойлау керек?!
Алматы қаласының бір Сауда Үйінде он шақты әдемі қызға жақындап: «Сәлем, менің атым Қожа», «Маған көмектесіп жіберіңізші», «Мені үш рет наққа жіберіңізші», «Сіздің күйеуіңіздің жолы болған екен», «Ата-анаңызға нобель сыйлығын беру керек екен» т.б, супер пупер мега пикаперлердің сөйлемдерін айтып көрдім, тағы он шақты қызға жай орысша «Привет, меня зовут ...» деп бетіне күле қарадым.
Егжей-тегжейін тәптіштемей-ақ қояйын, бірақ статистиканың нәтижесі тіл жанашырларына у ішкізердей болды. Кей жағдайда қазақша сөйлегенім үшін балағат естіп қалғаным да болды.