Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

  • KazNET
KazNET: Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

Қазнет (қазақша интернет) қазір күшейіп келе жатыр. Қолданушы да, сайт саны да, жасаушы да, жасау технологиясы да көп. Бірақ Қазнет бұрын да болды ғой, бұрын да жақсы сайттар көп болды. Тек түрлі себептерге байланысты жабылып қалды. Домен, хостинг ақысы төленбей жабылғандар болды, техникалық қолдау болмай жабылғандар болды, контент жасаушы болмағандығынан жабылғандар болды. Себеп-салдар көп. Бірақ ол сайттар шынымен феномен сайттар еді. Қазіргі виртуал элита сол сайттарда тәрбиеленіп шықты. Бірге еске түсіріп көрейік.
Әрі қарай

Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

  • KazNET
15 жылдан асыпты интернет саласында жүргеніме. Бүгінге дейін біраз адам таныдым, таныстым, достастым, қастастым, кейін жаулармен де күшті дос болып кеттім. Қысқасы өмірімнің біраз бөлігі осы Қазнетте өтіп жатыр. Бүгін осы салада көрініп, кейін қол үзіп кеткен тұлғаларды еске алғым келеді. Бұл жігіттердің көп еңбектері болды. Бірақ түрлі себептермен қазір ІТ ортада емес. Мүмкін бір күні қайта оралатын шығар?..

KazNET: Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

Болатхан
Қазақша орта қалыптастырған алғашқы сайт Аколя (Akolya) деп аталатын. Қарапайым, пәлендей функциясы жоқ форум болатын. Алғашқы таныстықтар осы форумда басталды. Ол кезде әлі казах.ру форумы да жоқ болатын. Ешқашан ұмытпаймын бұл ұямызды. Мен үшін әлі ыстық. Қазір бұл ағамыздың қайда екенін білмеймін.
Әрі қарай

Қол сорабы –автомобиль қозғалтқышының арғы атасы?

Саяжайда құдықтан су шығаруға арналған құрылғыны қарастырайық. Соның кең таралғаны кәдімгі қол сорабы. Шүмегі бар цилиндр (сурет 2, 6 нөмірлі), поршень, шток, клапандар және иінтіректен тұрады. Иінтірек диаметрі 15-20 мм темір шыбық, ұзындығының төрттен бір бөлігіндегі тірек осі өтеді. Поршеньді қозғауға жіберілген қолдың күшін иінтірек үш есе арттырады.
Блог - bake: Қол сорабы –автомобиль қозғалтқышының арғы атасы?
1-сурет. Көрсетілген қол сорабы. 1-иінтірек, 2 –шток, 3 –тірек осі. Қарама-қарсы бағытта жұмыс істейтін клапандар, жасыл түспен көрсетілген. Клапанның біріншісі поршень үстінде 4 (ашық), екіншісі 5 цилиндр түбінде орналасқан (жабық).
Әрі қарай

"Бақытты саляфи" немесе саляфизм сарсаңы

Дін-діңгегіміз: Бақытты саляфи немесе саляфизм сарсаңы
Демалыс уақытын пайдаланып, үйге қажетті заттарды алып, қайтып келе жатырмын. Біз тұратын шағын ауданның үйлерінің арасынан бір жігіт маған қарсы келе жатты. Бір қарағаннан-ақ түрін шырамыттым. Мешітте жұма намазынан, бір-екі мәрте аялдамадан көрген болатынмын. Орта бойлы, жасы менімен қатарлас, (яғни 22-25 жас аралығы) ақ құба өңді, қыр мұрын, жұқа ерін, иегінде ретсіз өскен шошақ сақал, жағы мен құлақ шеке аралығында алағат шыққан мақта егістігі сияқты әр-әр жерге орналасқан жарасымсыз қыл өсінділері, көйлегінің жеңі ұзын, шалбарының балағы тобық үстінен шолақ (қысқа балақ) / «балағының ұзындығы тобығынан төмен болғандар тозақылық» деген хадисті санасына мықтап сіңірген болуы керек/ киініп алған. Қабағы жадыраңқы, көңіл-күйі жоғары екені байқалады. Жүзіне қарап, жәннәтпен сүйіншілегендей бақытты, нұрды көресің. Сол бір сәттік бейне, көз алдыма «бақытты саляфи» көрінісін қайта оралта берді.
«Бақытты саляфи» бейнесін «біреулер» байқауы мүмкін, біреулер жиренуі мүмкін. Қазіргі таңда көшедегі адамға сырт бейнесі, киім киіс, жүріс-тұрысына қарап баға беру басым. Әлгіндей адамды сырттай көрген бәзбіреулер «мына бақабист мәз ғой» деуі мүмкін.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамда қазақтың ұлттық дүниетаным, құндылықтарына қайшы, түрлі санаттағы адами мүшелер толығып келе жатыр. Кейбірі шошына қараса, кейбірі «еее, пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті дейді ғой, оның несіне таңғаласың» деген немқұрайды пікірі де естіліп қалып жатыр.
Жаһандану дәуірінде орта жолды ұстанатын мүшелердің санын арттыру мүддесі тұрғанда (орта жол – менің ойымша заманауи ғылыми технология жетістіктерін бойына сіңірген, ұлттық дүниетаным, құндылықты бойына қалыптастырған тұлға) ортодоксальді мұсылмандық бағытқа жетелейтін, өткен тарихты білмек тұрмақ мақұрым қалған, өздерін ғана үмбет санайтын, қысқа ойлы (қысқа балақты) маргинал топтардың саны артып келеді. Сонымен бірге, азғындықтың шегінен шығып, рухани құлдырауға ұшыраған біржыныстылардың жанұялық қарым-қатынасы, үлкенді сыйлаған ұлттық тәрбиенің орнына, бесіктен белі шықпай жатып өзінікі ғана дұрыс дейтін «өзімшіл» бетпақтар қалыптасып, тамыр жайлап келеді.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары идеологиялық салада хаос болғанымен, экономикалық жағдайдың тұрақталып, идеологияға баса көңіл аударғанымызбен, тез арада оңалып кететін өзгерістерді байқай алмай келеміз.
Нарықтық қатынаста қаржы басты рөл ойнайтындығын халық қашан түсініп қойған. Қаржы қайда болса, халық та соған үйір болып келеді. Қаржы жолында алдау, арбау, зорлау, озбырлық, өктемдік бәрі-бәрі орын алып отыр, бірақ оған тосқауыл болуға халық болып бірге қарсы күресуге бірлік жетіспей жатыр.
Нарықтық қатынаста мәселені шешуге мемлекеттік фактор емес, адами фактор маңызды рөл ойнайтынын толық түсінген жоқ қоғам. Қарапайым халық ертеңгі күнге ертегідегі батырдың құбыжықты жеңетіндей сенімі бар сияқты көрінеді. Ал, реалистік көзбен қарағанда болашақтағы бағындырылуы тиіс белестер идеологияда айқындалмаған. Қазіргі қоғамдық саладағы үдерістерге көз жүгіртіп қарасақ, қоғамдық сана қалыптасу кезеңін бастан кешіруде. Нақтысын айтқанда қазақтың қазақи болашағына жаны ашитын азаматтардың көтеріп жүрген ұсыныс, пікірлері барша қоғамдық сананы жаулап ала алған жоқ.
Қалыптастыру үшін белсеніп жатқан күштің жұмысы «үлкен механизммен» біте-қайнасып, «ішкі механизмнің» негізгі бөлшегіне айнала алса, қазақтың болашағының айқындығын шамалауға болады.
Қоғамдық пікірді туындатып, ұлттық санамызда қайта жаңғыру процесі тоқтаусыз жүріп жатыр. Бастауы анықталған нәрсенің салдарымен жүргізіліп жатқан идеологиялық күрестің нәтижесін күтіп, халықтың оянуы тиіс санасы, немқұрайдылыққа салынып кетуінің алдында тұр. Күнделікті тіршілікте көріп жүрген көзге оғаш көріністер «дұрысқа» айналып кетуі, зардабын әкелуі мүмкін.
Бұл жағдайда халық мемлекеттік орындау процесін күтпей-ақ, сауатты амалмен белсенділік танытып, қол қусырмағаны дұрыс.
Уақтылы ұйықтауға міндетті бір жаратылысты «неліктен, тағы да саляфизм мәселесі» мазалауы тиіс?
Әрі қарай

Шаянды өлтіремін деп өзі майып болған көкқұтан

Баяғыда шаянды өлтірмекші болып, бір көкқұтан ұясын балығы мол, шөбі қалың шалшыққа салады. Сол жерде тұрып өмір сүреді, қартайып аң аулауға жарамай қалады. Сонымен ол аштықтың азабын шегеді де, мұңайып отырып қулық айла іздейді. Шаян оны алыстан көріп, бірте-бірте жуықтап қасына келеді де: «Бұл қалай? Сені қайғы-қасірет билеп отыр ғой!»- дейді. Сонда көкқұтан: «Мені қайғы-қасірет қалай билемесін. Осы уақытқа дейін мен балық аулап күнелтуші едім, күніне бір балық, кейде екі балық ұстап, жеп, өмір сүруші едім, оған айтарлықтай балық та азая қоймайтын. Бүгін сонда екі балықшы келді, олардың біреуі екіншісіне бұрылып: „Менің байқауымша, мұнда балық көп көрінеді, біраз күн осында болып балық аулайық“,- дегенде, оның жолдасы тұрып: „Алдымызда тағы бір жер бар, ең әуелі сол жерден басталық, онан босанған соң, әбден балығын тауысқанша осында болалық“,-дегенді айтты. Егер барған жерінен осында қайта оралса, онда бұл шалшықта олар ұстамаған бір де балық қалмайды. Ал, шынында, жағдай осылдай болса, онда мен үшін бұл өлім ғой»,-дейді.
Балықтардың жиналған жеріне барып шаян осыны хабарлайды. Сонда балықтар көкқұтанға келіп, кеңес сұрады.
«Біз сенен нұсқау алғалы келдік. Кеңесіңді, ақылыңды айт. Ақылға бай дұшпанның да кеңесін елеусіз тастамаған дұрыс, өйткені берген кеңесіңнің маңызын ол толық ұғынады, сондықтан оған пайдалы ма, зиянды ма — бәрібір ойға қонымдысын айтады. Сенің ақылың бар ғой, өзің үшін де, біздің мақсатымызға да сай кеңесіңді айт!»-деді. Көкқұтан: «Балықшымен қидаласып, соғысарлықтай менде ешбір сылтау жоқ, ал менің мынадан басқа білетін шарам да жоқ — бір жерде маған мәлім бір қара су бар, оның суы таза, әрі мол, өзінің төңірегінде қамыс өседі. Егер соған жете алсаңдар, онда өздерің емін-еркін дәурен сүрер едіңдер, әрі жақсы да болар еді».
Сонда балықтар: «Біз ол жерге тек бір сенің ғана көмегіңмен жете аламыз ғой?!»-дейді.Көкқұтан: «Біраз күйбең сергелдеңі болар, сонда да мен сендерге көмектесейін, тасып бітіргенімше балықшылар да мені ұстап ала қоймас»,-дейді. Сонымен көкқұтан күніне екі балықтан алып кететін болды. Ол әлгі балықтарды бір төбенің басына алып барып жеп жүрді, басқалары бұл туралы еш нәрсе сезбеді. Бірақ бір жолы шаян тұрып оған: «Мен осы жерден қатты қорқам, сен мені де сол қара суға алып баршы»,-деді. Көкқұтан оны алып ұшып, өзінің балықтарды жеп жүрген жерінен өтіп бара жатқанда, шаян толып жатқан балықтардың сүйегін көреді, бұған айыпты көкқұтан екенін түсінеді, өзінің де осындай күйге ұшырайтынына көзі жетті, сонда ол: «Егер ежелден әйгілі дұшпаның осы арада өлтіреді-ау деп жүрген жерінде кездестірсе, екі қолын қусырып көне кету, енжарлық істеу адамгершілікке жатпайды, арпалысқан жөн, қорғану ардақты іс»,-деп өзін-өзі қайрайды. Осыдан соң шаян қышқаш сирақтарын көкқұтанның мойынына қарай созып, қылқындыра қысты, көкқұтан жерді құшты, шаян онымен бірге құлап жерге түсті. Көкқұтан мерт болды, ал шаян көрген-білгендерін баяндады.
Әрі қарай

Егер қазақ футболшысы жеңіс голын салса...

Қандай да бір шетелдік клубтармен біздің футбол клубтары өзара ойын ойнаса, немесе ұлттық құрамамыз басқа бір елдің құрамасымен ойнап кез келген қазақ футболшысы жауапты допты қақпаға тоғытса…
Иә, дәл осындай күн туса біздің қазақ тілді БАҚ беттерінде жарияланатын мақалалардың атауы былай болар еді.
Егер Аслан Дарабаев гол соқса…
«Дара туған Дарабаев», «Дархан даланың дара ұлы», «Даңқты Дарабаев», «Дарабаев торды «дар» еткізді»,»Дарабаев далаға теппейді» деп кете берер еді…
Асхат Борантаев.
«Борантаевтың боранды голы», «Борантаев боркемік емес», «Болдырмайтын Борантаев»…
Әрі қарай

#12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Бақытқа бастар 100 күн: #12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Бақытқа бастар 100 күн: #12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Достарым, достарым! Барлық күнім дәл бүгінгідей тамаша өтсінші!
Сенбі болғандықтан ба, бес күндік жұмысқа үйреніп қалғандықтан ба, жұмыс істеуге аса зауқым болмады. Маужырап, ұйқы қысып, қызық күйде отырдым.
Әрі қарай