#9 күн - Жақсының жақсылығын айт!

Бақытқа бастар 100 күн: #9 күн - Жақсының жақсылығын айт!
Бақытқа бастар 100 күн: #9 күн - Жақсының жақсылығын айт!

Өте-өте көңілді күн. Жұмысқа шашымды бұйралап келген едім, жігіттер тарапынан көөөөп комплимент есіттім  Сосын «мұндай шедеврді неге онлайндағы достарыма көрсетпеске» деген оймен, инетке салдым суретімді
Достарыңның тарапынан айтылған жылы сөз шынымен де көңіліңді көтеріп тастайды. Бір-бірімізге позитив сыйлап жүрейікші

Бақытқа бастар 100 күн: #9 күн - Жақсының жақсылығын айт!
Міне, бұйра шашым

Тағы бір тамаша жаңалық — Айқаракөз сайты жаңарып жатыр. Аршат есімді супер-пупер маманның көмегіне жүгініп жатырмын. Таммммаша дүние болатынына сенімім мол

Жұмыстан қайтып бара жатсам, әріптестерім «кездесуге барасың ғой, иә» деп сұрайды қайта-қайта

Бірақ, иә, кездесуге бардым. Әйгерім екеумізді Мейірбек киноға шақырған. Әйгерімнің қағытпалары мен Мейірбектің әзілдеріне күлумен уақыт тез-ақ өтіп кетті. Жәндерііііім, жап-жақсы-ақ өздері

Астрал-2 фильмін қарадық. «Бұттарыңа жіберіп қоясыңдар» деген сөздерді алдын ала естіп алған соң, тылсымға толы, болған жайттардың экранда ғана екеніне қуантатындай дүние күткен ем. Екі рет селк еткенім болмаса, дым да қорықпадым. Режиссердің шектен тыс қиял-ғажайыпты суреттеуі киноға деген ынтамды сөндіріп тастады. Бірақ, адам қорықса, күле береді емес пе, қарқылдап жатқан айналамдағы жігіттерге күліп отырдым өзім

Кинодағы таңдау сәтсіз болса да, асқазаным мәз болды. Фаст фудты сағынып қалыппын.
Бақытқа бастар 100 күн: #9 күн - Жақсының жақсылығын айт!

Ауа райы сондай керемет боп тұр. Сіркіреп тұрған жылы жауын тынысыңды ашады. Мен Астанадан басқа қалада өмір сүргім келмейді. Суығымен жақсы көрем Астананы

Қыздар, айналаға сұлу көзбен қарайықшы. Әдемілікті көре білейік. Адамның ішінде не болса, көзі де соны көргіш болады

Оқырмандарымды қатты-қатты жақсы көрееееем

Бақытқа бастар 100 күн: #9 күн - Жақсының жақсылығын айт!
Бөлісу:

14 пікір

abzalsariyev
Жаңарған Айқаракөзді күтіп жүрмін. Ол менің сүйікті сайттарымның бірі ғой!
AKY
Кешегі күннің хиты болды ғо ана сурет ))))
Айқаракөзді жаңартуда сәттілік!
Ал Астрал — гамно. @patik мыдыгел нақ!
пы сы: зяхсы көреем
asaubota
Айқаракөзді жаңарту оңай болмай жатыр. сыртқы келбетімен бірге ішін де жаңарту керек болып жатыр. күтесіңдер аздап. айтқа дейін үлгеріп қалармыз
Dzhonsaken
aikarakoz қарындас! Сіздің сериялы жазбаларыңызды шетінен қарап келемін. Еңбекқор жан екенсіз. Сонымен бірге бір күнгі тіршілігіңізді қағаз бетіне түсіруде адамның көңіл толқынын кәнігі жазушылардай асқан ұқыптылықпен және сөз саптау шеберлігіңізді дәл орнына уақытымен қоя білуіңізбен саусақ тербейді екенсіз. Саусағыңыз суалмасын! Айта кететін тағы бір жайт — Көрікті екенсіз!
#9 күн — Жақсының жақсылығын айт!
Бақытқа бастар 100 күн
Болмашы сұрақпен мазамды алды деп сөкпессіз, сонда деймін да, құдақаласа 100-ші күнге дейін осылай жалғастыра бересіз бе?
aikarakoz
Рахмет-рахмет! Қуанып қалдым  
Иә, 100-күнге дейін осылай жалғастырамын
mercedes
шашың күшті жарасып тұр