Көне әндер

Біз де жас болғанбыз демекші, 80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басы кезінде өліп-талып тыңдаған хиттарымызды ұсынып отырмын, әрине, бұл тізімге бәрі кірмеді, кезінде жеке өзіме ұнағандары ғана, қазір қарап отырсам, "әлжуаз романтиканың" табы бар секілді…

Әрі қарай

Стақандастарым. Сергей Кащавцев

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Сергей Кащавцев

"Қаймана орыс жақсы" деп налып отырушы еді әжем украин. Сергей Кащавцев амигоның орыстығы — сол аты-жөнімен бітеді. Қазақ боп кеткені сондай, тіпті оның сүндеттелгені туралы қауесеттер тарап жүрді.
Әрі қарай

Пай, пай "Шахтер"

Әбіләкімнің  ауылы: Пай, пай Шахтер
Пай, пай «Шахтер»
«Ұшасың-ау» бір күні
Тыясың- ау қуанышты, күлкіні
Футбол деген бір жарқ еткен найзағай
Футбол деген жанкүйердің жүрегінің дүрсілі
Пай, пай «Шахтер»
Кетесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей чемпиондық лигада
Футбол қарап, жатып алып диванда
Басқаларға береміз де кезекті
Біз кетеміз,
Келер жолы жеңу үшін кетеміз
Футбол деген- соткаң емес қолдағы
Футбол деген-жанкүйерлер қолдауы
Қаның кеуіп қаталаған кездерде
Голдар салып тұрсаңдар тек болғаны
Мына стадион, мына көгал, табло анау
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Футбол деген-тағатсыз бір қозғалыс
Футбол деген-жеңілем деп қарамау

Суретке сілтеме
Әрі қарай

Жарапазан немесе ақ тауық, қара тауық



Қасиетті Рамазан айының белортасынан асып, аяқталуға жақын күндер қалды, Аллаға шүкір. Міне, осы Рамазан айымен сүйіншілеп келетін, ұлттық дәстүріміз болып табылатын «Жарапазан» жайында аз-кем пікірімді білдіргім келіп тұр. Жарапазанды біз бала кезімізде қалай айтушы едік, қазір бұл үрдістің қоғамымыздағы орны мен рөлі қандай деген сұрақтардың төңірегіне шолу жасасақ. Еміс-еміс есімде, мектеп қабырғасында оқып жүргенімізде, (ол уақытта Рамазан айы қыс мезгіліне түсетін) бізде барлық балалар сияқты топ-топ болып Жарапазан айтатынбыз. Және бір айтқан үйге екінші рет айтпаймыз деген принцип болатын. Ол кезде шыны керек Жарапазанды ақша тауып, оған тәтті-пәтті сатып алып жегенге мәз болатынбыз. Бірақ, түбіне түсіп, беталды үйді-үйді аралап кете бермейтінбіз. Бертін келе, мектепті бітіріп, қалаға оқуға түсіп, қаланың да күйбең тіршілігіне бейімделе бастадық. Рамазан айы келіп, қаладағы жарапазан айту үрдісін көріп, аздап таңырқаған жағдайым бар. Әлі есімде, 2 курста оқып жүрген кезіміз, жігіт болып қыздарды кездесуге шақырып, саябақта аралап жүргенбіз.
Әрі қарай

Тұңғыш кестелі Құран

Дубайдан, сирияның тумасы жетекші Мұхаммед Махир Хадри: «Бұл өте ғажап, керемет дүние!» — дейді. Алтыншы онжылдықта оған Құранды кестелеп тігу ойына келеді.
Толығырақ

Жетім көрсең жебей жүр....

Блог - KazaXXX: Жетім көрсең жебей жүр....Кеше жетімдер үйіне барып қатып қалған жүрегімді жібітіп қайттым. Жағдайлары жақсы, әрине материалды жағынан. Ал моральді жағына келетін болсақ екі ойлы болып қаласың. Бір жағынан жақсы деп ойлайсың, қасында достары бар, апайлары(воспитатели)жаман емес сияқты. Екінші жағынан бәрі жақсы болса «сен менің папам(мамам) боласың ба» деп сұрамас еді деп тағы ойланасың. Материалды жағы жақсы дейтінім сол жерде болған уақытта байқағаным оларда бәрі бар секілді, футбол ойнауға формалары толығымен бар, бутцы, гетры, форма.
Әрі қарай

КерекИнфолықтар "Үздік әзілдерде"

  • КВН
КВН: КерекИнфолықтар Үздік әзілдерде

"Қазақстан" арнасындағы Жайдарман туралы "Үздік әзілдер" бағдарламасына қатысқан едік. Бұрынғы КВН-ші Aldeken және мен asaubota Kazkvn.kz сайтының админі ретінде. Бағдарлама жүргізушісі Нұрмаханның айтуынша бұл бағдарлама тарихындағы ең ұзақ және сынға толы сұқбат.
Әрі қарай