Тұңғыш кестелі Құран

Дубайдан, сирияның тумасы жетекші Мұхаммед Махир Хадри: «Бұл өте ғажап, керемет дүние!» — дейді. Алтыншы онжылдықта оған Құранды кестелеп тігу ойына келеді. Осы идеяны жүзеге асырып, алтын жіппен матаға кестеленген Құранның толық мәтіні қазір Дубайдың сауда-өндірістік палатасында ұсылынған.
Мұхаммед Хадри ешқандай жаңа технологияны қолданбай, өзінің шебер қолдарымен аяттар мен сүрелердің каллиграфиялық мәтіндерін өзі жасап, барқыт матаға кәдімгі қарапайым тігін машинасымен тіккен.
Өзінің жұмысын осыдан 14 жыл бұрын бастаған екен. Бұрын көрмелерде Құран бөліктері тұрса, енді алғашқы рет толық нұсқасы көрсетілген. Блог - totiya: Тұңғыш кестелі Құран
Бұл әлем бойынша тұңғыш осындай техникамен жасалған құрандық манускрипт. Ол 12 томға біріккен, 426 беттен тұрады, салмағы 200 келіні құраса, құны 5 млн евроға бағаланып отыр. Шебер өзі жақсы меңгерген «дивани», «сулус», «риках», «насх» және «османи» сияқты каллиграфиялық араб стильдерін қолданады.
Мұхаммед Хадри шығармашылығын жүзеге асыру үшін қаражатты тек өз қалтасынан ғана шығарған. «Менің еңбегім Аллаһ Тағаланың маған берген сыйы деп ойлаймын. Бұл мұқияттылықты талап ететін, өте қиын жұмыс, бірақ егер кімде-кім осындай жұмыспен айналысқысы келсе, өз тәжірибеммен бөлісуге дайынмын- деп сөзін Мұхаммед Хадри сабақтайды.
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
ерекшелігін түсіне алмай отырмын
totiya
толық кітапты алтын жіппен кестелеп шыққан ғой, Бұрын сонды толығымен ешкім жасамаған көрінеді.
toha9566
алтынмен кестелеп жазылған бағасы 5млн евро… жақсы бірақ жай ғана кітапқа жинағанда бағасы да арзан болар ма еді?
kariim
Алланың сөзі Құран үшін миллиардтар жұмсалса да орынды. Алайда мұның үкімі "زخرفة /безендіру" үкіміне еніп кете ме деп қауіптеніп отырмын.
toha9566
дұрыс бірақ барлық адамның шамасы жете бермейді 5 млн евроға
kariim
Шамалы түсініңкіремей қалдың-ау деймін. Бұл дұрыс нәрсе емес деп отырмын. Мәселен, Қазақстанның ірі қалаларында бір пәтердің (орта есеппен) бағасы 50 мың еуродай тұрады. Ал енді 5 миллион еуроға 100 отбасына баспана әперуге болар еді. Бұл үлкен мәселе.
totiya
Бұл енді қанша жылдық еңбек. сатқаннан гөрі, көрме не болмаса мұражайда сақталғаны дұрыс шығар.
toha9566
Бірақ бағасын шығарып қойған, ендігі сатылып та кеткен болар
totiya
бірақ Құранның бағасы, ең қымбат Хиджабтың шаңына да ілесе алмайды екен. бағасы 17млн 600 мың евроны құрайды. Міне нағыз ысырап.
kariim
«Ысырап етпеңдер! Ол (Алла) ысырап етушілерді сүймейді» ("Әнғам" сүресі, 141-аят)
Nodar
хаха хаха хаха
mercedes
Бұндайдың не керегі бар? Құранның ішіндегісі маңызды емес пе адамға
kariim
Оқылуы мақсат етілмей тұр ау деймін. Қиямет сағаты жақындағанының бір белгісі деп білемін.