Тілмашқа 120 кеңес

Тілмашқа 120 кеңестің жалғасы. Өз тәжірибеңізде байқаған басқа да ерекшеліктер болса, бөлісе отырыңыздар.

Басы мына жерде

III. ХАТ ЖАЗУ


22. Қаратпа сөзден кейін леп белгісі қойылмайды (UK нұсқасында тыныс белгісі мүлдем қойылмайды):
*Құрметті Әкім мырза!
UK: Dear Mr Akim
US: Dear Mr. Akim:
23. Адамның аты-жөнін жазғанда бірінші есімі, содан кейін тегі жазылатынын ескеріңіз. Аты мен әкесінің атын қысқартып жазғанда, араларын бос орынмен бөлу керек.
*A. K. Bazarbai
Егер міндетті түрде бірінші тегін жазу керек болса, онда тегінен кейін үтір қоямыз.
* Tairova, Ainagul Rymovna
Әйел адамның аты-жөнінің алдында тұрмыста бар-жоқтығына қарамастан “Ms.” жазамыз.
24. Street сөзін St. деп қысқартамыз (Str. немісше).
25. Батыстық компаниялардың атауын ағышлын тілінде ешқандай қосымша сөз қоспай тырнақшасыз жазамыз.
* «Бейкер және Макензи» компаниясы – Baker & McKenzie
26. Отандық ұйымның атауын латын әріптерімен жазамыз, ұйымдық құқықтық нысанын атаудан кейін үтір қойып жазамыз.
* «Ақсайгазпром» акционерлік қоғамы – Aksaigasprom, a Joint Stock Company (халықаралық шарттарда)
немесе
* «Қарағандыкөмір» АҚ – JSC Karagandykomir
27. Аудармас бұрын ұйымның өкілінен не сайтынан латын әліпбиімен жазылып, бекітілген атауы бар-жоғын анықтап алған жөн. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ағылшынша
the National Bank of Kazakhstan.
28. Факс болса, аttach (attachment) сөзін, хат болса, enclose (enclosure) сөзін қолданыңыз.
*Қосымша: 6-қосымшаның көшірмесі 2 парақта — Enclosure: copy of Schedule 6 (2 pages)
29. Хатты аяқтаудың британдық ережесі бойынша
егер басталуы келесідей болса: Dear Mr X онда аяғы: Yours Sincerely
Dear Sir Yours faithfully
Dear Jim Kind regards (т.б.)
“Sincerely yours”, “Very truly yours” және “Best regards” американдық үлгі.
bk
Бөлісу:

14 пікір

Gastarbaiter
A. K. Bazarbai

Асқар Қилыбай тегі Базарбай
omarbirat
* «Ақсайгазпром» акционерлік қоғамы – Aksaigasprom, a Joint Stock Company (халықаралық шарттарда)
немесе
* «Қарағандыкөмір» АҚ – JSC Karagandykomir
Осыны түсінбедім. Ағылшын тілінде өз компанияларының атауларында алдымен компанияның атын жазады. Ал біздің заңды тұлғалардың атауларын ағылшынша жазғанда, неге олардың ұйымдық-құқықтық формасы орысшадағыдай алдына шығып кетеді? Неге оларда Corporation Microsoft емес, Microsoft Corporation, LLC Zuffa емес, Zuffa LLC, Ltd Birdene & Birdene емес, Birdene & Birdene Ltd?
bizbike
Меніңше ұйымның аты мүлдем аударылмау керек. Мысалы, Satybaldy Petroleum Operating b.v. дегенді «Сатыбалды Петролеум Оперейнтг б.в.» жабық типті акционерлік қоғамы дейді де, оны тағы да ағышлынша JSCCT (Joint Stock Company of Closed Type) «Satybaldy Petroleum b.v.» деп жазады, ал b.v. дегеннің өзі сол жабық типті акционерлік қоғам дегенді білдіреді.
Негізі ұйымдық құқықтық нысанының аудармада алдына шығып кетуі жай ғана кезінде қате аударылып, солай қалып қойған қалыптасып кеткен жағдай болып тұр.
omarbirat
Негізі ұйымдық құқықтық нысанының аудармада алдына шығып кетуі жай ғана кезінде қате аударылып, солай қалып қойған қалыптасып кеткен жағдай болып тұр.
Мен де солай ойлаймын. Сол себепті алдына ешқашан жазбаймын. Ал жалпы, ағылшынша құжаттарда акционерлік қоғамдардың ҰҚН тіпті көрсетілгенін де көрмеппін. Ағылшынша Ltd, голландиялық, германиялық немесе басқа бір -иялық B.V., AG, GmbH, s.r.l. дегендерді қоспағанда. Олардың өздері компания атауынан кейін жазылады.
Соңғы түзету:
AKA
Аздау боп қалД, керегімді түртіп алдым.
mercedes
Сіз маған ұнап бара жатырсыз
Gastarbaiter
Dear дегенді тек «салқын» хаттарда және алғашқы хат жазғанда ғана қолданамын. Бір таныс, екі біліс адамдарға мәймөңкелемемей, «Hi John, „Hello Sara!“, Good morning Mitch!/afternoon Bob!/evening Anuarbekkyzy — деп ұра берем.
Tyulpan
Компания Қазақстанда тіркелген болса, ағылшынға аударғанда LLP, LLC, Ltd т.б. деп емес, ТОО деп ағылшын тілінің ережесі бойынша компанияның атынан кейін жазылады: CONSULTING-NEDRA ТОО.
JSC деген де артынан жазылады: Almaty JSC

пы.сы. ТОО демей ЖШС деп ағылшынша қашан жазатын болады екенбіз…
bizbike
мен де солай аударып жүрдім, бірақ бізде екі тілде тіркеп, екі түрлі жазылатынын ескерсек, ТОО деп жазу дұрыс па? Мысалы ол ЖШС деп кездессе, басқа компания сияқты түсінеді оны. Орыстар солай жаза алады, өйткені олар бір тілде тіркеп, сол тілде ғана қолданады
bizbike
Ол ештеңе емес, кеше Маңғыстау гуманитарлық колледжінің сайтында Мангистауская облысы деп қазақшасында жазыпты, шатасқанда да қатты шатасыпты. Жер-су аттарына да қатысты бұл сұрақ
satibaldi
US: Рейдте жүргенде белгісіз мұжықтың өлігін тауып алсаң — Джон Доу, қатынның мүрдесін тапсаң — Сара Доу деп жазасың.