Егер қазақ футболшысы жеңіс голын салса...

Қандай да бір шетелдік клубтармен біздің футбол клубтары өзара ойын ойнаса, немесе ұлттық құрамамыз басқа бір елдің құрамасымен ойнап кез келген қазақ футболшысы жауапты допты қақпаға тоғытса…
Иә, дәл осындай күн туса біздің қазақ тілді БАҚ беттерінде жарияланатын мақалалардың атауы былай болар еді.
Егер Аслан Дарабаев гол соқса…
«Дара туған Дарабаев», «Дархан даланың дара ұлы», «Даңқты Дарабаев», «Дарабаев торды «дар» еткізді»,»Дарабаев далаға теппейді» деп кете берер еді…
Асхат Борантаев.
«Борантаевтың боранды голы», «Борантаев боркемік емес», «Болдырмайтын Борантаев»…
Мақсат Байжанов
«Мақсат біздің мақсатты орындады», «Байқампаз Байжанов», «Бай бол, Байжанов!», «Байжанов біздің бағымыз»…
Тоқтар Жаңғылышбай
«Тоқтарды тоқтату мүмкін емес...», «Тоқтар тепсе торға тебеді», «Жаңылыспайтын Жаңғылышбай», «Жаңғылышбайдың жалғыз голы...»,…
Санат Шалекенов
«Қанатты» Санат», «Сан соқтырған Санат», «Шаба бер Шалекенов!»…
Асхат Тағыберген
«Тағыберген тағы гол соқты», «Тағы мінезді Тағыберген»,…
Азат Нұрғалиев
«Нұрғалиевтің нұрлы голы», «Бұл Азар емес Азат!», «Қазақтың Азаты»…
Қайрат Әшірбеков
«Әшірбеков «Әшко» әперді», «Қайрат қайратын көрсетті», «Қайрақ мінезді Қайрат(мағнасын өздері де түсінбейді)»…
Бақдәулет Қожабаев
«Бағымыз да дәулетіміз де Бақдәулет», «Бағымызға туған Бақдәулет», «Қожабаев қожайынның кім екенін көрсетті»…
Ұлан Қонысбаев
«Қонысбаевтың қуанышы», «Ұланның ұлағаты голы», «Ұлы даланың Ұланы!»
Бауыржан Исламхан
«Бауыржанның бауыр еті сөгілді», «Бабына келген Бауыржан»…
Қуаныш Бегалин
«Бекзада-Бегалин», «Бегалин беталды теппейді», «Бегалиннің бенефисі»…
Жамбыл Көкеев
«Көкеев көкелерін танытты», «Көзімізді ашқан Көкеев»…
bk
Бөлісу:

14 пікір

Abilakim
Бізде жарытып ойнамаса да футболшылар көп қой. Өз нұсқаларыңызды жаза отырыңыздар
Adiletshu
«Кургуллин крутить етті » десе бола ма
Adiletshu
Дәу іс бітірген — Дәуітов
Adiletshu
Қуаты таусылмайтын — Қуат
Adiletshu
Нөсербаев голды нөсерлетті
bizbike
Геннадий Головкин туралы жазыңдаршиш, жеңді ғой қара баланы!
Ispek92
Менен бір сұрақ: Мысалы Әбіләкім немесе Айсұлтан, сосын Әділет деген браттар ұлттық құрамада ойнап гол соқса, қалай мақтар едіңдер, короче өздеріңді қайтіп нетер едіңдер???
Edu
Бауыр еті сөгілгені несі?
Abilakim
Шабысы түзелген жылқыға қарата айтылады. Алдында кібіртіктеп жөнді шаба алмай, кейін түзелген кезінде "Қолтық еті сөгілген", «Бауыр еті сөгілген» деген тіркестер қолданылады
astana2
Егер Әбекең ұлттық құрамада ойнаса қалай болар еді
"Әбілакімнің әлсіз түстары", ал гол соғып жатса, "Әбілакімнің әдемі голдары" т.б.
Sashok
Сужұқпас Субіләкім
MickThatsMyNick
Қазақ болмаса да, «Бұрыштамадан кейін гол соққан Пұрышкин» десем.)
ErNur
Стас не спас дейді, мұндай орыстарда да бар екен
Соңғы түзету:
Abilakim
Стасқа ренішім жоқ. Болашағы бар бала екен