Жылдық есеп aka "гадавой атшот"

«Э-Л-Е-Г-А-Н-Т-Т-Ы-М-Ы-Н !» © СаянҮш

***
Жылдық есеп — қазақ дүниетанымының альфасы мен омегасы, әліп пен йа-сы, эйы мен зеті, а-сы мен я-сы.

***
Министрліктегілер жылдық есепті оқып отырып бірнеше рет бітіреді деген сыбыс бар.
Әрі қарай

Нәуірзек, тырна, қарлығаш


Атам мен апам да, басқалар да Қарлығашты ең жақсы құс деп айтты. Бізге солай сіңірді. Содан ба біз оған ерекше ыстық ықыласпен қарадық, тиіспедік. Әсіресе, көктемде нәуірзек, тырна сосын қарлығаштың келетінін асыға күтіп жүретінмін. Осы үшеуін өзге құстарға қарағанда ерекше жақсы көрдім, бір мен емес ауылдағы барлық балалар жақсы көретін.
Әрі қарай

Әкімат көйлек

Мұратбектің үйленуі де қызық еді. Қызық болғанда кәдімгідей үйленді. Дәл тойдан бір күн бұрын ажырасып кете жаздағандары қызық еді. «Мальчишник» деп достарымен саунада бас қосқан. Сауна десе көбінің ойы жаман жаққа кететін болды ғой бұл күні. Бірақ, бұлар өзара әңгімелесіп, сыралатып, арасында бассейнге түсіп тамаша демалғантын. Содан уақыттары бітер шақта бассейнге бір сүңгіп шыққан Мұратбек пар бөлмесінің сәкісіне кептіріп алмақ ниетпен жайып қойып, ақ жамылғысына оранып отырды. Қызды-қыздымен онысын ұмытып кетіп, шалбарын жалаңбұтына іле салғанын өзі де байқамай қалды. Үйге келіп келіншегінің жанына жата бергені сол еді.
— Сенің дамбалың қайда?-дегенде барып ұмытып кеткені есіне түсті. Түсіндіріп айтқанды тыңдайтын Айзада жоқ. «Кетем, ажырасам» деп долданып жатыр. Әйтеуір ертесіне ашу тарқағандай болып еді.
Содан бері 3-4 жыл өтіп кетіпті. Мұратбек әкіматтың жер бөлімінде жақсы қызметте. Заман бір орнында тұрмайды екен. Агент деген бәле шықты. Мұратбек агент арқылы араласудың хас шеберіне айналды. Бала-шағаның жайын сұрауды ұмытып төсегінде шалқасынан жатып алып әркімдермен сағаттап сөйлесе беруші еді. Содан, көршілес қалада тұратын бір қызбен танысты бір күні. Ол қыз бұның отбасылы екенін білгенімен араласуын тоқтатпады. Екеуінің әңгімесі «екеудің әңгімесіне» жиі тірелетін болып кеткендей еді. Бұр күні қыз бұған «Сенің қалаңда мынандай мейрамханада тойда отырмын» деп жады.» «Бір кісімен кездесуім керек» деген бұған келіншегі «Жаным-ау, кездесуге барар болсаң әкімат көйлегіңді киіп алсаңшы»деп қалжыңдады. Шырттай болып киініп алған Мұратбек мейрамхананың алдына барған кезде алдынан өз әйелі шықты…
Әрі қарай

Сайттан келетін ескертпелер туралы


Сайттан қолданушыларға неше түрлі ескертпе хаттар келеді. Мысалы тақырыбыңызға жазылған пікірлер туралы, пікіріңізге жазылған жауап пікір туралы, жаңа жеке хабарлама келсе немесе сіз қосылған қауымдастықта жаңа тақырып ашылса.

Біраз адамдар осы ескертпе хаттарға жауап жазады екен. Жазбаңдар  Ол жауаптар сайтқа шықпайды.
Әрі қарай

Антарктида экспедициясы

Бұл — маңызды шара еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспедиция мүшелері елордамыз Астанадан – Абу – Дабиге, одан ары– Кейптауынға ұшып, Ресейдің Антарктидадағы Новолазаревская бекетіне барады.
Қарлы құрлықтың шетінен Оңтүстік полюстің өзіне дейін 2300 шақырым. Бұл ұзақ қашықтықты ғалымдарымыз бен саяхатшыларымыз арнайы 3 көлікпен жүріп өтіп, зерттеу жұмыстарын жүргізбек.
Бұл ғылыми — зерттеу мақсатында. Баратын жолдарында қазір 7 бекет, 7 тоқтайтын нүктелер анықталып отыр. Сол нүктелерде олар экологиялық, метио-климаттық зерттеулер жүргізіп, түрлі образецтерді елімізге алып келіп, ғылыми ізденістерін осында аяқтамақшы.
Экспедиция мүшелері 16-шы желтоқсан күні Қазақстанмен тікелей көпір арқылы байланысқа шығады. Дәл сол күні Оңтүстік полюске қазақстандықтар ту тікпек. Ғалымдарымыз бен саяхатшыларымызға сәттілік тілейік!
Әрі қарай

Сайт ішінен Google арқылы іздеу



Сайттағы іздеу функциясы ауыр жұмыс істейтін, серверге көп жүк түсіріп. Енді Google-дың сайт ішінен іздеу функциясын қосып қойдым. Бұдан кейін сайт ішінен іздеу өте оңай және ыңғайлы. Тексеріп көріңіз: www.kerekinfo.kz/page/search/
Әрі қарай

Әйелдер жөнінде...

Қорқыт ата:
«Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың.»
Шал ақын:
«… Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.»
Әзілхан Нұршайықов:
«-Махаббат деген не?-десе
-Әйелдің өзі!-дер едім.
-Ләззат деген не?- десе,
-Әйелдің сөзі!- дер едім.
— Ең күшті нәрсе не?- десе,
-Әйелдің әмірі!- дер едім.
Әйелдердің барлығын:
-Жердегі Тәңір!- дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені адамзатты жарататын- әйел, ұлтын көбейтетін- әйел, ұрпақты ұластыратын- әйел, еркекті Ер ететін- әйел. Махаббаттың асыл нұры- әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті- әйел махаббаты.»
Ғабит Мүсірепов:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.»
P.S. Қилызаман ағайдың жазбасынан соң, өзімнің кітапшама түртіп алғандарымды бөліспек болдым.
Әрі қарай

Мен қалай бейнемонтаж инженері болдым

Баспада қағаздарымды кеміріп, түстен кейін сабағыма барып, демалыста диссерімді түрткілеп, тып-тыныш жүрген магистрант едім. Сол «шарагаға» аяқ астынан тап болдым. Тап болдым да, бірден сіңіп кеттім. Бірақ онда келгенде редактор едім… Бара-бара бейнеинженер болдым.

Басында өзімнің «жеке-меншік» үш бейнеинженерім бар еді: Коля, Бека, Рина. Олар монтаж жасайды, мен қастарында қарап отырам. Шыны керек, бастапқыда, олардың істегендері маған брі сиқырдай көрінетін. Айтпақшы, бүл туууу сонау 2003 жылы болған әңгіме. Компты қосып-өшіріп, вордта текст жазудан басқаны білмейтін «чайник» едім ол кезде.

Содан не керек, анда-санда «монтажниктерім» темекі тартуға шығып кетеді емес пе. Бір рет ТайтлДеконы ашып беріп, Ринат: «өзің титр жазып қой, мен келіп орналастырам» деп кетіп қалды. Әлі жоқ, әлі жоқ. Ішім пысты. Титрді жаздым, көргенімді істеп сақтадым, «линейкаға» қойдым, көргенімді істеп «просчет» жасадым. Не керек, әйтеуір, бәлеге қалдым.

Сонымен, бір жыл өтер-өтпесте, сол студияның қатардағы бейнеинженері болып шыға келдім. Өзім мәтінін аударатын фильмдердің монтажын өзім жасайтын дәрежеге жеттім.

Қазір де, Русланның (қазақша «Матрицаның» монтаж инженері) қасында отырғанда кейбір жерлерді түсіндіре алмай жатсам, ысырып тастап, тышқанын тартып алып, өзім «монтаждап» тастағым келіп отырады.
Әрі қарай