Бағасын білсеңдер айтып жіберіңдерші!

Nissan Primera Р10, 1995 жылғы. Объемы 1.6.
Осы автокөлікке оң жақ привод алу керек болып тұр.
Аталған қосалқы бөлшектің Алматыдағы бағасын білетіндер бар ма? Құнын шамамен болса да айтыңдар? Бүгін! Алдын ала рахмет.
Әрі қарай

Хасан Шерефли: Жаман бала болмайды

Естеріңізде болса, Админәкә Эмми жүлдесін жеңіп алған қандасымыз туралы айтып еді ғой. Сейсенбінің сәтті күні таң ертең жеңімпаз Хасан мырзамен скайп арқылы сөйлесіп едім. Сол сұхбатты сіздермен де бөлісейін.
Әрі қарай

Қызықты дәретхана маңдайша жазулары (туалетные вывески)

Жалпы барлығымыз туалетке барамыз… иә, бұндай анда санда болып тұрады. Әдетте бұндай кез бір қолайсыз сәтте болып қалған жағдайда бұтымызды қысып, жоғары қарап туалеттің вывескасын іздей бастаймыз, әлемнің дизайнерлері бізге бұл жайында көмектеседі. Олардың қияли ойлары дәретхана маңдайша жазуын да қалдырмапты )). Төменде бізгебірнеше маңдайша жазудың стилі көрсетілген. Тамашалайық...)
Қытайда

Германия, тематикалық бар ғой

ресейде

Голландияда

Ирландияда, гей бар

Мексикада

Швеция ғой

қай жерде екені белгісіз туалет нақ

Нидерланды

Лондонда
Әрі қарай

Ей, маңғаздар, ұсынысым бар!

Маңғаз деген не? деп отырсыз ба? Маңғаз деген ИшАК-тың тілінде тұлға деген мағынаны беретін сөз. Сөз құрып қалғандай, солай жазыпты.

Сайттың админі әрі маңғаз Аршат Оразов айтқан қазақтілді Интернеттің жеке сыйлығын ұйымдастыруға қатысты бірнеше ұсынысым бар еді. Олар:

1) Сыйлықтың/бәйгенің ұсақ-түйегіне дейін сипаттамасы жасалса (ережесі, мерзімі, сыйлық түрі);

2) Әсіре оптимизм мен фантастикадан алшақ болса (былтырғы «Бәйге» сияқты быт-шыт болып кетпеуі үшін);
Әрі қарай

Енді кімнің твиттерін оқимыз?

Қош, сонымен… Мәсімов… Қош… Қош, делік…
Енді кімнің твиттерін оқимыз? Мұртты премьердің премьерлік дәуірі аяқтала ма? Жоқ әлде басқа мұртты жұртты жарылқай ма?
Алдағы сағаттарда «керекинфодан» оқыңыздар.
Әрі қарай

Есім еске түсіп...

meirzhan ның блогынан Ғарифолла Есімнің «Адам Зат» кітабы туралы рекомендациясын оқып, ол кісі туралы ағамның естелігімен бөліскім келіп кетті.
Теледидардан не газет бетінен көріп қалса, ағам ол кісі туралы: «Нағыз азамат Ғарифолладай-ақ болар», — деп отырады үнемі.Олай дейтіні, Мәскеу билеген 70-80 жылдарда ауылдан көздері бақырайып үлкен қалаға оқуға келген қазақ балаларының шын жанашыры мен қорғаушысы осы кісі болыпты. Ағам Семейдегі пединституттың худграфында оқып жүрген жылдары Ғарифолла Есім факультет деканы болған екен. «Қазақ балаларын түтіп тастауға дайын тұрған орыс оқытушылардың ешбірінің аузын аштырмайтын еді – дейді ағам.-Бір қазақ жігітін қорғағаны есімде. «Вы видели как он рисует?! Он же талант!!! Историю КПСС не знает! И что? Профильный предмет какой? Рисование.Пятерка же? Вон сидит ваш лучший стдент.Одни пятерки, а рисует – ноль.И кем он будет?»- деп жүріп стипендиясын алып берген болатын. Ол кісі барда қазақ студенттер стипендиясыз қалмайтын».
Енді бірде, тіпті бір студенттің диплом жұмысын өзі қорғап беріпті. Диплом жұмысын жазғанда әлгі студент суреттегі адамның бір саусағын дұрыс салмаса керек.Дүрсе қоя берген комиссия мүшелерінің алдына Ғарифолла ағамыз өзі шығып алып суретті майын тамызып мақтай жөнелген екен.Әбден мақтауын жеткізіп, азуы алты қарыс сыншыларды иландырып болған соң: «Осындай кереметті қалайша жаман деуге болады? Бар кемшілігі бір саусақ қана ма? Әкелші бері бояуды, қазір өзім-ақ түзей салайын!» — депті.
«Ол ол ма! Жатақхананы тексеріп жүріп, удай мас болып, кескен теректей сұлап жатқан менің үстімнен түскен ол кісі «Вы не видите, у него жар! Не тревожьте» деп жатақхана комендантын маңайлатпай қойыпты.Есімді жиғанда бөлмелес жігіттер айтты», — деп ағам қарқ-қарқ күледі.
Содан бері отыз жылдай уақыт өтсе де, ағам айта берсе таусылмайтын студенттік жылдары туралы әңгімелерінде Ғарифолла Есім деген адамның аты ерекше бір құрмет пен мақтаныш аралас интонациямен айтылады.Сол кезде факультетте қанша студент оқыды екен? Оның қаншасы осы күнге дейін «Ғарифолла — нағыз азамат!»деп еске алып отыр екен?
Егер қазір билік басында отырған ағалардың әрқайсысы дәл осы адамдай жақсылық жасап жүрген болса, еліміз үшін еш алаңдамауға болатын шығар) (солай ойлаймын есьжы).
Әрі қарай