Енді кімнің твиттерін оқимыз?

Қош, сонымен… Мәсімов… Қош… Қош, делік…
Енді кімнің твиттерін оқимыз? Мұртты премьердің премьерлік дәуірі аяқтала ма? Жоқ әлде басқа мұртты жұртты жарылқай ма?
Алдағы сағаттарда «керекинфодан» оқыңыздар.
Бөлісу:

21 пікір

Nurgisa
Сатыбалды сияқты бірлік уәде етпей-ақ қояйын. Соңғы сәтке дейін қандай да бір кандидат елден еректенбеді. Сонысымен қызық болайын деп тұр тағайындау…
Abilakim
Ахметов Серік деп айтып келе жатқаныма ай болып қалды
Nurgisa
Аппаратчик болсаң, сенер едім… Шүкеев бола ма деп жүр ем, оны СҚ-ға тағайындап жіберді. Ахметычың, бір жағынан, таза команданың, президенттің өнімі. Ешбір кланмен әмпей-жәмпейін байқамаппын. Вице-премьер де болды-ау деймін.
Мусин мен Ісекешіптерді де қарастырып көруге болады. Не деп шешетіндерін…
Armanjan
осы мұрттының ұлтына қатысты әлі бір тұрақты пікір естімедік, қазақ, ұйғыр, өзбек деп әртүрлі айтад. шындығы қайсы екен ә?
Abilakim
қожа дейді ғой
Nurgisa
Әйтеуір, жүзе кірмейтінін білем.
Соншама жыл билік иерархиясындағы төртінші адам енді қайда қойылды екен… Жоқ әлде президенттің әкімшілігін басқаруға қойыла ма екен…
Gulistan
Нұрғиса, Масимов кетіп жатыр ма?
Nurgisa
Жаңа парламент жасақталғасын мемлекеттік аппараттағы жөн-жосық осы, Анар. Өзіне сеніп тапсырылған өкілеттікті қайта (кері) тапсырады. Әдетте, премьерлердің дәуірі ары кетсе екі мерзімнен аса бермейді.
asaubota
жаңа твиттерші келеді дейсің ғой
Nurgisa
PR аздық етпейді ғой ешқашан, аты ел аузында жүрсін десе, кемінде твиттераст болуы керек ©
KILYZAMAN
Ұрт аман болса басқа біреусінің келетіні анық(Мұртты, мұртсыз) — қомағай болмаса болды дә…
Janasil
Мәсекең демалысқа кетіп үлгерді.
vebred
Бұл қазіргі ең бір көп талқыланатын сұрақтардың бірі ғой. Мәсімовтың біздің елге істеген жақсылығынан гөрі, аққұлақтар мен қысық көздерге көрсеткен жомарттығы молдау болды-ау,ә! ))
AsanQaigy
Канат саудабаев болса, ед салуды ұмытпаңдар)))
Nurgisa
Ол кісіні алайын деп жатыр ғой әйтеуір мем.хатшылықтан… Әй, қайдам бірақ, Түркиядағы «Ататүрктен» кейін сенім кредитін түгесті ме деймін.
Economist
Ахметов пен Келімбетовтің бірі болатын сияқты…
Nurgisa
Ахметов ПМ болуға әлі піспеді деп ойлаймын. Орталық аппаратта үлкен жұмыстарға көп араласпады ғой. Өңірдегі шаруашылық қызметті үйлестіру бір бөлек. О баста Әсеттің көзірлері көптеу ме деп ойлап ем. Бір жағынан, елдегі күйеубаланың да әйтеуір бір қызметке тағайындалуы керегі тағы бар…
Economist
Ол да мүмкін. Бір анығы Мәсімовтің ПМ-дікке тағы бір кезеңге қалмайтындығы. Кабинетін босатып жатқан көрінеді-мыс. Саудабаевтың мерейтойы жақындап, жұртты шабылтып жатыр(((.