Аударған дұрыс па, бейімдеген дұрыс па? (Қазақ тілінің сингармонизм заңы)

Соңғы уақытта тіл тазалығы, кірме сөз деген тақырыптар көп талқыланып кетті.
Атйпағым бұл емес, қолыма «Тіл» журналының кезекті сандарының бірінде Халел Досмұхамедовтың 1923 жылы 25 сәуірде жарық көрген мақаласын көріп қалып, біздің қазіргі талқылауымыз, бұрынғылардың шайнап-құсып, мініп жауыр қылып тастағанына көзімді жеткізді. Мақаланы шама келгенше қысқартып беріп отырмын… Мақаладан қазір біздер дәлелдеуді еш қажет етпейтін таза қазақ сөзі деп қабылдап жүрген біршама сөздеріміз сол кезде (20 ғасырдың 20-жылдарын айтам) жат сөз болғанын байқайсыздар.

Әрі қарай

Құрбан шалу

Бұрындары, мен кішкентай, әлем үлкен болған кезде, апаларым қарызы бар адам құрбан шалмайды дейтін еді.
Қазір ғой, миллиондаған кредиті, автокредиті, ипотекасы барлар құрбан шалып тыраштанып жатады.
Әлде банктен алған ақша қарызға жатпай ма?
Әрі қарай

Қарағандылықтарды құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында жеңіп алған тұңғыш алтындарымен Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншыларын және жанкүйерлерін құттықтаймын! Өз кезегімде «Ақтөбенің» үшінші орынға іліккені үшін қуанғанымды және бірінші орын ала алмағаны үшін өкінгенімді айтқым келеді. Енді Кубоктық ойындар ғана қалды! Жеңісіміз көп болсын! Жеңісіңмен, Қарағанды!

99 пайыз...



Біздің ұлтшылдардың 99% өтірік ұлтшылдар.

Біздің діншілдердің 99% өтірік діншілдер.

Құлқын мен нәпсіден, позерлік пен понттан адалар 1%.

Болмысың қандай болса солай көрін немесе қалай көрінесің сондай бол. (Мевлана Джелаледдин Руми)
Әрі қарай

ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Әрі қарай

Ұнайды және ұнамайды

Ұнайды:
орталықта жаяу жүру, серуендеу, жаңбырдан кейін ауамен тыныс алу, кітап оқу, жаңбыр жауғанда табиғаттың өзгеріп, ерекше күйге түсуі, адамдардың билегенін қарау (романтикалық әуендерге билейтін би тобының пар-пармен тренировкасын), Битлз, танымал классикалық музыка, кішкентай балалардың қылықтары (туыс балалардың), бір адамның басқа адамды аяуы, мен сөйлегенде адамдардың түсінуі, күлуі, мәдениетті, стандартты емес адамдар, мейірімділік, әзіл-қалжың, КВН, Өнер қырандары, блог, блогерлер, кітапхананың қасындағы кулинарияда әңгіме айту және ондағы «ет пен күріші бар пирог», интернетте отыру, кітаптарды жүктеу, кітап дүкендерін аралау, романтикалық комедиялар

Ұнамайды:
шовинизм-нацизм, менсінбеушілік, сатқындық, дөрекілік, топастық, қиын тілмен жазылған кітап оқу, смайлдарды орынсыз қолдану, хиджабқа қарсылар, стереотиппен ойлайтындар, үлкен кісілердің жастарға «түк білмейді деп предвзято» қараулары, тым эмоционалды адамдар, шыңғыра беретіндер, қайта-қайта темекі тарта беріп, темекіге тәуелділер және басқалардың денсаулықтарын құртатындар, кезекке тұру, күту, сенімсіздік, әділетсіз адамдар, агрессивный адамдар, такт сезімі жоқ адамдар, өзі туралы көп айтатын, өзін, жерін, елін, руын мақтайтын адамдар
Әрі қарай

Сыйлыққа альбом...

Ол жылдардың кеткеніне де көп бола қойған жоқ. Бірақ, әлі есімде. Біздер студент атанар жылдары, оның шамалы алдында 2000-2001, 2002 лерде сотосалондарда қызық дәстүрлер болатын. Бір фотосалоннан пленка алсан, сол жерде проявкалату тегін.Басқа жерге апарсаң 100 теңге болды-ау деймін шамасы.Қазір тиын тәрізді көрінетін 100 теңгенің сол кезде құны әжептеуір болған-ау деймін. Жұрттар жаңағындай акцияларға жақсы қатысатын. Пленканың қағаз қорабын жоғалтпауға тырысып жүруші еді. Әйтеуір, әпкем осындай жеңілдіктерді байқастап жүретін. Тағы бір акцияның түрі, 36 кадрында бір десме шығарсаң 25 беттік альбомды сыйлық ретінде алу. Сол кездегі ол альбомның құнының қанша кеніне мән бермеппін.
Сілтеме суретке
Әрі қарай