ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады

Қазақстан – Австрия 0:0

Ескертулер: Гурман 35, Остапенко 86, Шмидтгаль 90
Қазақстан: Сидельников, Киров, Мұхтаров, Гурман (Евстигнеев 77), Нұрдаулетов, Шмидтгаль, Хайруллин, Нұрғаалиев (Мұжыков 46), Гридин, Остапенко, Рожков
Қосалқы: Цирин, Көкеев, Карпович, Шахметов, Хижниченко
Австрия: Грюнвальд, Драгович, Фухс, Иваншитц (Юнузович 66), Арнаутович, Алаба, Даг, Предль, Шарнер, Куловиц (Кавлак 74), Янко
Қосалқы: Зибенхандль, Ортлехнер, Кляйн, Ройер, Майерхофер
Төреші: Ханнес Каасик (Эстония)
Астана. «Астана-Арена».

Дерек көзі Аламан.кз
Бөлісу:

21 пікір

Zhanylai
Күшті ойын болды!
rauan97
+1 Қалдырып кетіңдерші
omarbirat
+1 қойдым.
Не ғой, бірінші немесе екінші абзацты алып тастайсың ба? Қайталанып кетіпті.
rauan97
рахмет түзетіп қойдым
konvict
Маған ойын ұнамады дым
Doctor
Гол сала алмасақта гол салғызбадық! Жеке пікірім: маған біздің жігіттердің ойыны онша ұнамады!
TERISKEY
Arnautovicke zamena jasaldi emes pe, Rauan?
asaubota
2-таймның екінші жартысында ғана тіріле бастады. Австрия сияқты Еуропаның чмо құрамасына қарсы бұлай қорқақ ойнамау керек еді.
asaubota


кеше мына баннерді дұрыс түсіне алмадым, режиссерлерге рахмет дұрыс түсіре алмады әдеттегідей. сонымен жұмбақ болып қалды не жазылғаны және суреті. Намысың қорға немесе Намысын қорға деген сөз болды.
Nurgisa
Қорға ма, қорла ма… Қорға шығар. «Намысың қорланбасын» сыймас. (Еліңнің) «Намысын қорға» шығар.
Abilakim
Еліңнің емес Ел намысын қорға ма деп отырмын
asaubota
бірақ, ана жерде ЫҢ бар сияқты ЫН емес. әлде «Намысың, Қорға!» ма екен?
Nurgisa
Ел — намысың, қорға! болуы да мүмкін.
Abilakim
ЫҢ-ның бар екені анық секілді,әлде бұралып бізге солай көрініп тұр ма, майысып дегенім ғой
Janasil
Қазақстан футболшыларының фанаттарына жаным ашиды.
asaubota
енді не істейміз? басқа құрамамыз жоқ. бір ел, бір құрама. негізі бізде потенциал бар. ақша, ресур бәрі жетіп жатыр. ана эстон, армян, беларустардан еш жеріміз кем емес. просто ақшаны дұрыс жаратып, ұйымдастыруды білмейміз. ал олар бұрын черт болып жүрді, бірақ балалар футболына, мектеп-интернаттарға бұрыннан маңыз берді, қолда бар ақшаларын дұрыс қолданды, дұрыс менеджмент ұстанды. нәтижесін енді көріп жатыр. ал бізде сол баяғы тұрған күйі, бұрын да черт еді әлі черт болып жүрміз…
tenlikov_berik1997
Айттым ғой мен. 0:0 немесе 1:1 болады деп. Күшті ойын болды Бірақ Австрия әбден шабуылдап жеңе алмады!
Jacqabaies_Chirac
Айттым ғой мен. 0:0 немесе 1:1 болады деп
қап әттеген -ай 2-0 болмаса 3-0 деп айта салмағаныңды-ай а