Антарктида экспедициясы

Бұл — маңызды шара еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспедиция мүшелері елордамыз Астанадан – Абу – Дабиге, одан ары– Кейптауынға ұшып, Ресейдің Антарктидадағы Новолазаревская бекетіне барады.
Қарлы құрлықтың шетінен Оңтүстік полюстің өзіне дейін 2300 шақырым. Бұл ұзақ қашықтықты ғалымдарымыз бен саяхатшыларымыз арнайы 3 көлікпен жүріп өтіп, зерттеу жұмыстарын жүргізбек.
Бұл ғылыми — зерттеу мақсатында. Баратын жолдарында қазір 7 бекет, 7 тоқтайтын нүктелер анықталып отыр. Сол нүктелерде олар экологиялық, метио-климаттық зерттеулер жүргізіп, түрлі образецтерді елімізге алып келіп, ғылыми ізденістерін осында аяқтамақшы.
Экспедиция мүшелері 16-шы желтоқсан күні Қазақстанмен тікелей көпір арқылы байланысқа шығады. Дәл сол күні Оңтүстік полюске қазақстандықтар ту тікпек. Ғалымдарымыз бен саяхатшыларымызға сәттілік тілейік!
bk
Бөлісу:

21 пікір

madlen
Сәттілік!
Құралай, инфоны қайдан алғаныңыңды жазшы.
Kuralai
Қазақ география қоғамының мүшелерінен сұхбат алғам сол кісілер айтты. Экспедицияға қатысып жатқан 5 қазақ азаматы)
balzaminka
Сәтті сапар болсын!

Қашан басталмақ?
Kuralai
Басталып кетті. Қазір қарлы материкте жерлестеріміз.
patick
Бұл — маңызды шара еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Несімен маңызды екенін толығырақ айта кетсеңіз?
Kuralai
Себебі, бұл қазақтардың тұңғыш Антарктидаға толық құрамда зерттеу жұмыстарымен баруы. Бұл уақытқа дейін қазақтар тек Ресей құрамында барған еді.
patick
Нақты нені зерттейді екен, нақтың?
Kuralai
Экологиялық жағдай, қар жамылғыларын, Жапониядағы Фукусимадан шыққан радиация әсерін, жан-жануарларын.
Abilakim
осыған дейін оларды ешкім зерттемеп пе?
Kuralai
"Қарның ашса нан же" деге нәрсе ғой. Зерттеген, әрине, Қазақстан ғалымдары да өз күштерін сынап көрмек.
Abilakim
дублердің аты дублер дегендей…
Kuralai
Бұл өмірде түпнұсқа жоқ қой уже… «Болмасаң да ұқсап бақ»
Armanjan
Әйтеуір қит еткеннің бәрін 20 жылдықпен байланыстыра беретін болдық ғой, біздің қаладағы кешірім жасап түрмеден уақытынан бұрын босағандарды 20 жылдық аясында атқарылып жатқан іс деп жатыр жергілікті ақпар
Aizhantabyn
ондай шаралар ылғи да белгілі бір мерекеге, іс-шараға орай жасалады. Амнистия құр берілмейді)))
meirzhan
20 жылдыққа байланысты 20 комментарий жазып тастайық!
AKY
1-ші камент менен
balzaminka
Мадленді қайда қойдың? Қою керек қо осындайды
Abilakim
Біздікілер телекөпір арқылы байланысқа шығысымен кері қайтатын шығар