Мен қалай бейнемонтаж инженері болдым
Баспада қағаздарымды кеміріп, түстен кейін сабағыма барып, демалыста диссерімді түрткілеп, тып-тыныш жүрген магистрант едім. Сол «шарагаға» аяқ астынан тап болдым. Тап болдым да, бірден сіңіп кеттім. Бірақ онда келгенде редактор едім… Бара-бара бейнеинженер болдым.
Басында өзімнің «жеке-меншік» үш бейнеинженерім бар еді: Коля, Бека, Рина. Олар монтаж жасайды, мен қастарында қарап отырам. Шыны керек, бастапқыда, олардың істегендері маған брі сиқырдай көрінетін. Айтпақшы, бүл туууу сонау 2003 жылы болған әңгіме. Компты қосып-өшіріп, вордта текст жазудан басқаны білмейтін «чайник» едім ол кезде.
Содан не керек, анда-санда «монтажниктерім» темекі тартуға шығып кетеді емес пе. Бір рет ТайтлДеконы ашып беріп, Ринат: «өзің титр жазып қой, мен келіп орналастырам» деп кетіп қалды. Әлі жоқ, әлі жоқ. Ішім пысты. Титрді жаздым, көргенімді істеп сақтадым, «линейкаға» қойдым, көргенімді істеп «просчет» жасадым. Не керек, әйтеуір, бәлеге қалдым.
Сонымен, бір жыл өтер-өтпесте, сол студияның қатардағы бейнеинженері болып шыға келдім. Өзім мәтінін аударатын фильмдердің монтажын өзім жасайтын дәрежеге жеттім.
Қазір де, Русланның (қазақша «Матрицаның» монтаж инженері) қасында отырғанда кейбір жерлерді түсіндіре алмай жатсам, ысырып тастап, тышқанын тартып алып, өзім «монтаждап» тастағым келіп отырады.

Бұл орайда отандық кейбір компанияларда қызметтік міндеттемелерің нақтыланбағаны қиын. Шет елдік қатынасуы біріккен кәсіпорындарда бұл тұрғыда плюстер басымырақ па деймін.
Дегенмен, телевизия журналистикасында нормаланған уақыт кестесі деген жүрмейтінін түсінем. Түннің ортасында жоғары мәртебелі делегация әуежайға қонып жатады, тапсырма берілсе баратын-ақ шығарсың. Жұмысбасты қызметкер өзінің еңбек заңымен белгіленген құқықтарын қорғай алуы керек деген ұстаным ұнайды.
Бұрында «мемлекеттік қызмет» деген престиж, әлдебір абыройлы, бәрі сыйластықпен қарайтын нәрсе еді. Қазір сол мемлекеттік қызметтің қал-қадірі бұрынғысынан қаншалықты озды дегенді ойлап қоямын кейде. Әсіресе, кешкі 21:00-ден кейін кеңсесінде қағазбастылығымен арпалысып жатқан, жеке өміріне уақыты қалмайтын жастарды ойласам.
бірақ, бейнемонтаж деген үйлесімді, көкейге қонымды өзім үшін)))
сүйретемес және.