Әкімат көйлек

Мұратбектің үйленуі де қызық еді. Қызық болғанда кәдімгідей үйленді. Дәл тойдан бір күн бұрын ажырасып кете жаздағандары қызық еді. «Мальчишник» деп достарымен саунада бас қосқан. Сауна десе көбінің ойы жаман жаққа кететін болды ғой бұл күні. Бірақ, бұлар өзара әңгімелесіп, сыралатып, арасында бассейнге түсіп тамаша демалғантын. Содан уақыттары бітер шақта бассейнге бір сүңгіп шыққан Мұратбек пар бөлмесінің сәкісіне кептіріп алмақ ниетпен жайып қойып, ақ жамылғысына оранып отырды. Қызды-қыздымен онысын ұмытып кетіп, шалбарын жалаңбұтына іле салғанын өзі де байқамай қалды. Үйге келіп келіншегінің жанына жата бергені сол еді.
— Сенің дамбалың қайда?-дегенде барып ұмытып кеткені есіне түсті. Түсіндіріп айтқанды тыңдайтын Айзада жоқ. «Кетем, ажырасам» деп долданып жатыр. Әйтеуір ертесіне ашу тарқағандай болып еді.
Содан бері 3-4 жыл өтіп кетіпті. Мұратбек әкіматтың жер бөлімінде жақсы қызметте. Заман бір орнында тұрмайды екен. Агент деген бәле шықты. Мұратбек агент арқылы араласудың хас шеберіне айналды. Бала-шағаның жайын сұрауды ұмытып төсегінде шалқасынан жатып алып әркімдермен сағаттап сөйлесе беруші еді. Содан, көршілес қалада тұратын бір қызбен танысты бір күні. Ол қыз бұның отбасылы екенін білгенімен араласуын тоқтатпады. Екеуінің әңгімесі «екеудің әңгімесіне» жиі тірелетін болып кеткендей еді. Бұр күні қыз бұған «Сенің қалаңда мынандай мейрамханада тойда отырмын» деп жады.» «Бір кісімен кездесуім керек» деген бұған келіншегі «Жаным-ау, кездесуге барар болсаң әкімат көйлегіңді киіп алсаңшы»деп қалжыңдады. Шырттай болып киініп алған Мұратбек мейрамхананың алдына барған кезде алдынан өз әйелі шықты…
Бөлісу:

21 пікір

dark_nazgul
Әй, мен өзі иі жұмсақ адаммын. По идее, шығарма қабылдауды кеше тоқтатқанмын, бірақ
қарсы алыңыздар, тағы бір жазушы. Жанр классикасы))))
KILYZAMAN
Әй, мен өзі иі жұмсақ адаммын.
— мәймөңкелетпе Жеңнің шымен жалғасқандарыңды ұұып қойдым. Ұйымдасқан қылмыс бұларың… Сотқа беремін
dark_nazgul
ағасы, сіз жіберсеңіз, тіпті ертең де жариялаймын)))
KILYZAMAN
Рахмет! Біздің баспадағы менің жазағанымды түсініп редакциялауға тырысқан екеуі бірінен соң бірі пысықбол ауылында қаңғырып жүр… Олар келгенше қазандығым суалып кететін болғандықтан — от салмауды(оттамауды) дұрыс көрдім
KILYZAMAN
Іше іше бір әріпі — мына жердегі:
Жеңнің шымен
— ішіп қойыптым. Ол ұ яғни
Жеңнің ұшымен
деп оыңдар халайық
asaubota
бәйге жарияланған кезде осындай сюжет ойыма келіп еді, сөйтсем жұрттың бәрінің ойында осы екен ғой
VKM
 мен осылай аяқталатынын басында біліп қойдым)
Aya
Мен білген жоқпын, ұнады)
Aizhantabyn
бар еді ғой бір клип, мәссағанның іздеу деген окошкасында чаттасып отыратын, солардың сценарийі екен))) Бірақ аты қызық, не екен ол деп оқып ем)))
sammita
астаналық топ қо, аты қалай ед?
Aizhantabyn
білмим) астаналық па не? капец позорище десең!
sammita
әлгі 2 жігіттен құралған топ, қазір көрінбей кетті. Тойларда жүретін.
Janasil
Аңсар тобы — Сен есiме түскенде
izbasar
Е, массаған.комның заманындағы клип еді. Сюжет осынынң негізінде құрылған екен ғой.
dark_nazgul
авторы еім екенін өзім де білмеймін, ал ендеше)))
konvict
Интрига онша емес, қызықпес очм
Zilola
ужссс, ощым ұнамады