Мамандық таңдауға көмектесетін тың тəсіл

Мектеп бітірдім енді не істейім? Қайда барам? деген сұрақты бəрі өзіне қойып көрген болар. Біреуі грант үшін енді біреуі шынымен өз мамандығын тауып жатады. Менің сүйікті мамандығым журналистика осы салада жетілу үшін не істемедім десеңші. Əліде еңбек етіп келем. Жə, тақырыпқа оралайық. Көп жастар мамандық таңдауда көп ойланады. Дұрыс-ақ өмірінің жартысы сол таңдаған мамандығымен байланысатындықтан қателесуге болмайды. Мен осы мамандық таңдаулың тың əдісін ойлап таптым. Мүмкін қызық естілер. Айтып көрейін, көмегі тисе құба-құп болмаса өз сөзім өзіме.
Мамандықты қызға деген сезіммен қатар қою. Жастық шақта ғашық болып көрдік. Армандайтынбыз да менің жарым «мынадай» болса. «Екеуіміз бірге мынадай жерде жұмыс істесек» деп. Осы армандау барысында жарыңыздың қандай да бір мамандық иесі болғанын қаласаңыз. Міне осы сіздің нағыз ісіңіз.
Біреулер айтатын шығар. -Мен сантехникпін сонда мен жарымды сантехник болсын деп армандаппынба? деп
Жоқ, ол сіздің нан табу үшін істейтін жұмысыңыз. Қысқасы, мен əйелімді журналист болса екен деп армандағам.
Әрі қарай

Бұл өмірде бәрі бар

Бұл өмірде жақсы да бар, жаман бар,
Бұл өмірде сөз ұқпайтын надан бар.
Бұл өмірде ақылы шексіз дария,
Ойы ұшқыр, сөзі дана адам бар.

Бұл өмірде тағыда бар: күнмен түн,
Бұл өмірде қарық-қарық күлкі, мөлдір үн.
Бұл өмірдің қатігезін, шипасын,
Анашымның құрсағында ақ білгенмін.

Ақ пен қара қатарласып жүреді,
Жақсылықта жамандықтың тірегі.
Бір бірінсіз қадірі жоқ, мәні жоқ,
Ұсқынсызсыз сұлу болмас іреңі.

Түсінбесең түсінерсің кейін Сен,
Сұраусыз зат жоқ, мейлің сенбе, мейлің сен.
Еткен ісің жаңғырығын берер хақ,
Жауаптысың жеті ұрпаққа дейін Сен.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Атасы басқа аттан түс

Тосыннан жау келгенде ерттеп мініп, төбелмен,
«Атасы басқа аттан түс» — деп інісін алып жөнелген.
Інінің орнын айшықтап айта білген әуелден,
Қазақтан басқа халықты таба алмассың бәр елден.

Тай құлындай тебіскен, аға мен іні бір ұғым,
Ініңдей жақын бола алмас, болса да қанша көп ұлың.
Кәрі шаңырақ иесі, інінің орны бір бөлек,
Сөндірмей жаққан ошағын ата-анаңның, соны ұғың.

Інің емей немене ата-анаңның ошағы,
Түбірін тауып қазекем осылай сөз жасады.
Аға мен саға бір ұғым, сағасы мықты өзеннің,
Ұққан жанға әуелден болады артық бағасы.

Бір жапырақ нанды бөліп жеп құрттайыңнан бірге өскен,
Үлгі алып ағадан келе жатқан бір көшпен.
Ұмытпаң соны ағалар қарайлап жүрің артыңа,
Болсада көкірек бір құшақ аспанменен тілдескен.

Ағасы барда жаға бар қамқор боп жүрің ініге,
Ініңнен жақын болмайды мынау пәни тіріде.
Қаны бірдің жаны бір, іс түскенде басыңа,
Суырып берер жүрегін інің келер қасыңа.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Жүрек саған арнадым

Сәл нәрсеге қиналасың қинайсың,
Ашулансам кең кеудеге симайсың.
Армандаған мақсатыма қол жетсе,
Аз кем уақыт маған ләззат сыйлайсың.

Тақ-тұқ соққан сағатқа ұқсап жүрегім,
Уақытымды өлшеп жатыр білемін.
Санай берсін, санаса да уақытымды,
Ұзағырақ соқса екен тілегім.

Ашысында тәттісінде тағдырдың,
Кенде болмай басқалардан, алдым мың.
Қиялымды жырымменен маздатып,
Үміт отын жүрек, сенде жандырдым.

Қуаныштан да өрекписің кейде сен,
Ыссыдан да қысыласың терлесем.
Жүрек саған не сыйлайын өмірде,
Саған арнап өлең жазып бермесем.

Насыреддин Қожырбайұлы
Әрі қарай

Мен қош келдім.

Сенім дейтін сезімнің, сезім дейтін сергелдеңнің қапылысында жалғыз қалдың. Өшпедің бірақ… Өспедің. Өкпеңді өксіткен өкінішің жаныңды, түтінше тұмандандырғанда, қабыршақтанған жүрек қарая бастағанын сезіне бастадың. Есік қаққан шабытыңды адыраспан мен аластап қуып шығуға асықтың. Сөйттің де түйіршіктей темекімен ерін түйістіре отырып, сүйісуге құмарлана бастадың. Арақтан қалған бөтелке қойныңдағы қатыныңдай бұралаңдап қолтығыңнан түспеді. Сен «ақын» едің. Досым айтпақшы «біреудің өлеңінен өлең туғызатын оқушы» болсаңда. Мен сені ақын деп мойындағанмын. Буырқанып бәйгеге дайын тұрған сен… Бір сәтте сасыған егеуқұйрықтай шіри бастадың. Содан соң не болды? Сенімсіз. Сезімсіз. «Менің қаламнан» бір шықтың. Сондағы сенің жексұрындығыңды айтам-ау. Әбден қарайып «атылса көмусіз қалатын» лас жүрегіңді «тазала» дегендей маған лақтырып жіберідң. Жеріктігім сол лас жүрекке қадалды да қалды. Қысты күні қарбызды аңсаған келіншектей дәм татусыз болса да соған қанағат еттім. Сезімсіз жүрекке, көңілсіз ниетке, қараусыз қалған денеге мен ие болдым. Ауыр жүкті арқалап сен алдымда жын періні сомдадың. Күлдік ақырын, жыладық жасырын, түсіндік сабырмен. Сенің өтірік маxаббатыңа жазда еңіреп жылағаны әлі есімде. Табиғатта сенен жеріген екен ау. Тағдырымның сапасыз тартуы бүгін сені қайта есіме алдым… Және мен қош келдім блогер еліне.
Әрі қарай

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай «Қазақстан – Болашағы біртұтас ел» атты пікірсайыс турнирінің қорытынды ақпараты

Блог - amanzholov_bn: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай «Қазақстан – Болашағы біртұтас ел» атты пікірсайыс турнирінің қорытынды ақпараты
Қазақ сөзді құдіретті күш деп таныған халық. «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дейтін мақалдардың барлығы сөздің құдіретті күш екенін, сондықтан да сөзге аса жауапкершілікпен қарап, оның төркін түйінін түсіне алатын түйсік болуын талап ететіндігін айтады.
Алайда бүгінде қаншалықты осы сөздің түп төркініне жете сөйлеп жүргеніміз бәрімізге аян. Дегенмен, қазіргі жастар арасында орынды жерде ұтымды сөз айта алатын жастарымыз да жоқ емес. Осы сөздің дәлелі ретінде пікірталас, яғни дебат ойынын ойнап жүрген жастарды атап айтуға болады.
Себебі, дебат ойындары-сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы, сөз барымтасы. Себебі, орынды жерде өз ойын дөп басып айта алатын адам қай заманда болмасын өз ортасының айнасы іспетті, өйткені тыңдаушыны өз сөзіне иландыру мақсатында еркін, көркем, әдеби, сөздің тек жауhарларымен сөйлейді.
Блог - amanzholov_bn: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай «Қазақстан – Болашағы біртұтас ел» атты пікірсайыс турнирінің қорытынды ақпараты
Осы орайда, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тапсыры негізінде «Алем» волонтерлық орталығы» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен қараша айының 15–жұлдызында Астана қаласы Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру барысында жастар арасында жоспарланған пікірсайыс турнир ойындары өтті.
Турнир барысында өтпелі кезеңде шамамен 50-адам қатысып, нәтижесінде 3 лигадан құралатын 12 команда құрылды. Турнирдің ерекшелігін атап айтсақ: 3 лига 3 түрлі тілде ойын жүргізді, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Аталмыш іс-шараға зиялы қауым өкілдері, университет жастары, қаланың белсенді жастары мен қоғамдық жастар ұйымдары, жалпы интернет пайдаланушылар қатысты.
Турнирдің негізгі мақсаты:
— Отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға үлес қосу.
— Жолдау туралы түсінік бере отырып, пікірсайыс арқылы жолдаудың тармақтарын жан-жақты талқылау, ой бөлісу.
Турнирде талқыланған тақырыптар:
— Қазақ тілі басты тіл vs Үш тілді мемлекет
— Еліміздегі жастар саясаты. Жетістіктер мен кемшіліктер
— Қазіргі қазақ пікірсайысында еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелері, қоғамда актуалды болып жатқан тақырыптар жиі талқыланады. Пікірсайыс тек бұл салалармен шектелмеген, жастар саясаты, тіл мәселесі, халықаралық саяси ахуал, мәдениет, тарих және т.б. өзекті тақырыптар талқыланады.
Әрі қарай

Соғыссыз әлем. Еліміздің тыныштығын сақтаушылар

Соғыссыз әлем. Елдің тыныштығын сақтаушылар.
«Әлем. XXI ғасыр» манифесін 21 ғасырдағы бейбітшілікке соғыссыз қол жеткізудің рецептісі деген баға беруге әбден болады. Қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатында құқық саласындағы америкалық танымал маман мынадай пікір айтыпты: «Шындап келгенде, әлемдегі әр адам бейбітшіліктің қажет екенін айтады, бірақ оған қалай қол жеткізуге болатынын білмейді. Ал Қазақстан Президенті нақты жоспарын ұсынды. Оның жоспарында әр халықтың бейбітшілікке соғыс арқылы емес, әділетті сот арқылы қол жеткізе алатыны айтылған. 500 жыл бұрын қоғам, халықтар мен өркениеттер жанжалдарды әскери тәсілмен емес, әділ соттың көмегімен шешуге көшті. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып үн қатып, әртүрлі жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге шақыруда. Менің ойымша, манифест тек дер уақытында шыққанымен аса құнды. Өйткені ол әлемде жаңа соғыс өртінің тұтануының алдында жарық көрді. Осы құндылығымен жаһандық соғысты болдырмауға өлшеусіз үлес қосты. Өкінішке орай, қазір жер бетінде өзінің күш-қуатының арқасында басқаларды жазалағысы келетін мемлекеттер мен көшбасшылар көптеп саналады. Соның салдарынан әлемге ядролық соғыстың вирусы таралып жатыр. Мұның түбі күллі адамзаттың жойылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Қорыта айтсақ, Н. Назарбаевтың манифесі — бұл болашаққа нақты болжам жасаған, бүгінгі ахуалды терең талдаған құнды құжат».
#тәуелсіздікке25жыл
Әрі қарай