Соғыссыз әлем. Еліміздің тыныштығын сақтаушылар

Соғыссыз әлем. Елдің тыныштығын сақтаушылар.
«Әлем. XXI ғасыр» манифесін 21 ғасырдағы бейбітшілікке соғыссыз қол жеткізудің рецептісі деген баға беруге әбден болады. Қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатында құқық саласындағы америкалық танымал маман мынадай пікір айтыпты: «Шындап келгенде, әлемдегі әр адам бейбітшіліктің қажет екенін айтады, бірақ оған қалай қол жеткізуге болатынын білмейді. Ал Қазақстан Президенті нақты жоспарын ұсынды. Оның жоспарында әр халықтың бейбітшілікке соғыс арқылы емес, әділетті сот арқылы қол жеткізе алатыны айтылған. 500 жыл бұрын қоғам, халықтар мен өркениеттер жанжалдарды әскери тәсілмен емес, әділ соттың көмегімен шешуге көшті. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып үн қатып, әртүрлі жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге шақыруда. Менің ойымша, манифест тек дер уақытында шыққанымен аса құнды. Өйткені ол әлемде жаңа соғыс өртінің тұтануының алдында жарық көрді. Осы құндылығымен жаһандық соғысты болдырмауға өлшеусіз үлес қосты. Өкінішке орай, қазір жер бетінде өзінің күш-қуатының арқасында басқаларды жазалағысы келетін мемлекеттер мен көшбасшылар көптеп саналады. Соның салдарынан әлемге ядролық соғыстың вирусы таралып жатыр. Мұның түбі күллі адамзаттың жойылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Қорыта айтсақ, Н. Назарбаевтың манифесі — бұл болашаққа нақты болжам жасаған, бүгінгі ахуалды терең талдаған құнды құжат».
#тәуелсіздікке25жыл
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше