Елбасы жолдаған манифестің болашаққа бағдары

Елбасы жолдаған манифестің болашаққа бағдары.
Қазақстан Республикасы Президентінің авторлығымен шыққан Манифест «Әлем. ХХІ ғасыр». Бұл айтулы актіде адамзат үшін тағдыршешті соғыс және бейбітшілік мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың ядролық қарудың толық тыйымына таман ілгерілеуден бас тартқан жағдайда ядролық апокалипсистің қаупі хақында баяндалған. Комиссия басшылығымен қол жеткізілген келісім нәтижесінде, Манифест барлық мүше мемлекеттерге қолжетімді түрде БҰҰ Хатшылығының электрондық жүйесінде ресми құжат ретінде орналастырылды.
Болашағымыз бейбіт, өміріміз баянды болсын!
#тәуелсіздікке25жыл
Әрі қарай

Алматыда Қазақша КВН ойындарының финалы өтті

Блог - jaidarman: Алматыда Қазақша КВН ойындарының финалы өтті
Қыркүйек айында Алматы  қаласында  бастау алған республикалық Алматы ашық лигасының 18-19 қараша күндері финалдық сайыстары өтті.

7-8 және 17-18 қазан күндері өткен жартылай финалдық сайыстарының қорытындысы бойынша финалдық сайысқа жолдама алған «А» тобының 6 командасы «сәлемдесу», "әуенді биатлон" және «жұлдызбен көрініс», ал «Б» тобының 5 командасы «сәлемдесу», «командалық биатлон», «жарнама бейнеролик» және «СТЭМ» сайыстары бойынша сайысты.
Финалдық орындар қорытындысы бойынша «А» тобының чемпионы — «АТУ құрамасы», ал «Б» тобының чемпионы — «Жетісай құрамасы».

Блог - jaidarman: Алматыда Қазақша КВН ойындарының финалы өтті

 
Әрі қарай

Тәуелсіздік толайым жетістіктер тетігі

Тәуелсіздік толайым жетістіктер тетігі!
***Серікбол БЕРІКҚОЖА Қайратұлы
«Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының президенті; «SANA» оқыту орталығы ЖШС-нің директоры; Тараз қалалық мәслихатының депутаты; «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі.
«Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалының "Құрмет" грамотасы, "Үздік қызметкер" төсбелгісі иегері, «ХҚКО РМК-ның болашағы!» номинациясы иегері, ҚР Президенті сайлауына, сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауына белсене қатысқаны үшін 2 мәрте ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған, қазіргі таңда саяси сала мен қоғамдық өмірде, сондай -ақ жастар арасында танымал Серікбол Қайратұлы жеткен жетістіктері мен белестерін тәуелсіздік жылдармен қатар егіз ұғым деп байланыстыруда: — «Бұл бізге берілген мүмкіндік. Оны ешқашан қолдан шығарып алмау қажет. Тәуелсіз ел болған соң бізге осыншама мол есіктер ашық!»
«Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Басымыздан бақ, астымыздан тақ кетпесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.» Деп тілек білдірді.
#тәуелсіздікке25жыл
Әрі қарай

Құрметті қарағандылықтар және барша Қазақ Елі!

Сіздерді, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Ең алдымен, қазыналы Қарағанды – Елбасының еңбек және саяси жолының бастауы, алтын арқауы болғанын аса зор мақтанышпен айтамыз.
Қазақстанның азат ел болуы, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастық алдында беделінің өсуі, тұрақтылық пен тыныштықтың орнауы, бұл әрине – Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің арқасы деп білеміз.
Облыстың миллиондаған жұртшылығы, әрбір жас азаматы – Елбасының барлық стратегиялық бастамаларын ілгері жылжытудағы тірегі, теңдессіз реформаларын жүзеге асырудағы білегі екенін ерекше сезінеді. Өйткені, Қарағанды – еліміздің индустриялық жүрегі болса, оның тірегі – әлбетте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елбасымыз тәуелсіздік жылдарында жастар саясатын жаңа белеске асырып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, жалынды жастардың барлық бастамаларын қолдап, жастар саясаты басым бағытта екенін айқындап берді. Бұл – жас мемлекеттің болашағы жастардың қолында екендігінің анық белгісі.
Біз, Мәңгілік ел жастары – түтіні түзу ұшқан, ертеңгі күнге сеніммен қарайтын бақытты елде тұрамыз!
Бүгінгі күні Сарыарқа жерінде 130-ға жуық ұлт өкілдерін қамтитын 314 мыңнан аса жас азаматтар тату-тәтті өмір сүруде. Облыста өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасалған.
Сарыарқа жастары Елбасының саясаты негізінде қомақты табыстарға қол жеткізе беретініне сендіргіміз келеді. Жастарына айрықша көңіл бөлген мемлекеттің келешегі кемел, болашағы жарқын екені аян. Мәңгілік ел жастары еліміздің қарыштап дамуына бар күш-жігерін жұмсайды!
Барша Ұлы Дала Елін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ізгі ниетпен: Қарағанды облысының жалынды жастары!

Молодежь - Родине!

«Молодежь – Родине!». Это девиз республиканского слета молодежи, который состоялся в горном лагере «Байшешек» Толебийского района. Молодые активисты из 14 регионов Казахстана обсудили актуальные проблемы молодежной политики. Что беспокоит молодежь Казахстана? Узнавала наша съемочная группа.

Этим ребятам не безразлично будущее страны. Более 50 молодых, энергичных активистов из всех регионов Казахстана собрались на диалоговой площадке, чтобы обсудить важные вопросы молодежной политики.
Молодежной политике в Казахстане уделяется огромное внимание. Государственными программами «Молодежная практика», «Жасыл ел», «Доступное жилье», «С дипломов в село» охвачено полмиллиона молодых казахстанцев. Однако до конца решить проблему безработицы пока не удалось. Поэтому большой упор делается на привлечение молодежи в бизнес. На слете участники смогли обучится азам предпринимательского дела. Студент 2 курса Евразийского университета Ерхан Ильясов стал самым активным слушателем бизнес-тренинга. Он уверен, за малым и средним бизнесом большое будущее.

Ерхан Ильясов, студент Евразийского университета им. Л.Гумилева

Про бизнес говорит… Большая проблема — устроится на работу. Необходимо быть хорошим специалистом. Много молодежи идут в бизнес. Я получил много информации о предпринимательстве.

В ходе слета ребятам удалось не только рассказать о работе, которая проводится в их регионах, но и проявить свои физические и творческие способности. Работа по секциям помогла ребятам пополнить свой багаж знаний, который они смогут применить в грамотном решении проблем молодежи и страны. Блог - BirzhanMurat: Молодежь - Родине!
Әрі қарай

Жастар Отанга!

Блог - BirzhanMurat: Жастар Отанга!2016 жылы 10 мен 15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның түпкір түпкірінен жастардың басын қосқан, 2016 жылдың ең маңызды оқиғалардың бірі — «Жастар Отанға!» жастар лагері өтті
Әр аймақтың қаймақтарының басын қосқан бұл лагерь қатысушыларға патриотизмді қалыптастыруға, жастардың адамгершілік құндылықтары мен жеке потенциалдарын шыңдауға мүмкіндік берді.
Лагерь аясында мына тақырыптар бойынша мастар – класстар өткізілді:
• «Әлеуметтік желілердегі брэндинг»
• «Тайм-менеджмент. Уақытты басқару»
• «Start up»
• «Студенттік ортадағы көшбасшылық»
• «Көпшілік алдында сөйлеу мәнері»
Жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт жастармен кездесу барысында белсенді жастарымызға тәуелсіздіктің қадірін түсіндіріп, оны қастерлеуге шақырды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығы Біртұтас Ұлт Болашағы идеясы тақырыбында әңгіме өрбіді.
Жастар тек әр сала мамандарымен сұхбаттасып, түрлі тақырыпта пікір таластырып, тренингтерге қатысып ғана коймай, әр түрлі қызықты спорттық ойындарға белсене ат салысты.
Лагерь барлық қатысушы жастардың көшбасшылық қабілетті арттыруға, адам бойындағы адамгершілік және рухани құндылықтарды байытуға септігін тигізді.
Әрі қарай

Астанада мешіттерде жұмысқа орналасу бойынша кеңес беру тәжірибесі қолға алынды

Астана жаңалықтары: Астанада мешіттерде жұмысқа орналасу бойынша кеңес беру тәжірибесі қолға алынды
Аптасына екі рет бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елордалық Жұмыспен қамту орталығының мамандары келушілерге жұмыс табуда көмектеседі. Осы уақыт ішінде Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне 200-ден аса адам жүгінген, соның 25-і мамандықтары бойынша жұмысқа тұруға жолдама алды.

«Жолдамамен бірден жұмыс берушіге барған дұрыс. Көбінесе жұмыссыздар екінші, үшінші күндері барып, бос жұмыс орнынан айырылып қалады. Бүгін маған 15 адам көмек сұрап келді, бесеуі жолдама алды», — дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұмыс жүргізіп жатқан Жұмыспен қамту орталығының маманы Қанат Жұмабаев.

Оның айтуынша, осы күнге дейін еңбек нарығында электрик, слесарь, дәнекерлеуші сияқты техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында өзекті бос жұмыс орындарын ұсынумен айналысатын мобильді топтар мешіттерден басқа Орталық базарда, «Шанхай» базарында жұмыс істейді. Мақсат — елордадағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін барынша көп жұмыссызды қамту.
Әрі қарай

Елорда жастары теңге тарихымен танысты

Бүгін қаржы саласының өкілдері елорда мектептерінің оқушылары және студенттер үшін интерактвті дәріс өткізді. Кездесу ел экономикасының басты атрибуты — ұлттық валютаға арналып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды.

Тыңдаушыларға купюра және монета түріндегі теңгенің тарихы, атауы, символдың сипаты және басқа да әлемдік валюталар туралы әңгімеленді.

«Мен балаларға біздің ақша жүйесінің қалыптасу тарихын баяндадым, олармен өз білгенімді айтып, болашақта валютаның даму перспективалары туралы, бұл бағыттағы қиындықтар қалай шешілетінін және ҚР Ұлттық банкінің ақша бірлігінің тұрақтылығы, орнықтылығы бойынша міндеттерді шешу үшін қандай шара қабылдап жатқанын жеткіздім. Ақша теориясы өте қызық ғылым, ақша макроэкономикалық категория ғана емес, ол әрбір үйге кіреді, ол адамдардың өмірімен, кәсіпорындамен, мемлекетпен байланысты. Сондықтан бүгінгі жастар ол туралы білуге тиіс», — деп мәлім етті экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Банк ісі» кафедрасының доценті Алмагүл Жұмабекова.

Сондай-ақ, дәріс барысында балалар білім саласына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларымен танысты.

«Егер оқуға ақша болмаса, білім несиелері бар. Мысалы, адам біраз уақыт оқып, одан ары төлеуге қабілетсіз болса, мемлекеттің кепілдігімен несие берніледі, пайыздық мөлгерлемесі әлдеқайда төмен және несиелеу мерзімі 10 жылға дейін», — дейді ҚР БҒМ Қаржы орталығы АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин.

Дәрісті әкімдіктің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Әрі қарай

Жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды

Әсет Исекешев жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, елордада салынған жолдарды (800 км артық) ескерсек, 250-ге жуық аялдама орнату керек, оларды жобалау кезінде Астананың климаттық жағдайларын ескеру қажет. Сонымен қатар, қала басшысы жаңа аялдамалардың жайлы болуы тиіс екендігін атап өтті. Негізінен, бұл кешендер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен салынатын болады, ал жоба 2017 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, қаладағы жаңа аялдама павильондары мен автобус маршруттары көше-жол желісінің дамуына қарай пайда болады. 2016 жылдың соңына дейін Астанада 45 жаңа шыны және перфорацияланған аялдама абаттандырылады. Мұнымен қоса, жабық типті жаңа аялдамалар жобалануда. Олар жолаушылар ағыны тығыз жерлерде орнатылмақ. Сондай-ақ, көлемді жабық сауда және техникалық орынжайлардан, ашық алаңнан тұратын автостанциялар жасалады. Автостанция аумағында тез тамақтану пункті, қоғамдық дәретханалар, төлемдер қабылдау пункті, лайт-бокстар және т.б. болады.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев автобус парктерін жаңарту, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру, автобустардың қозғалыс интервалын азайту және ескі машиналарды қолданыстан шығару мәселелеріне назар аударды. Астана әкімінің атап өтуінше, елорда халқының саны ұдайы өсіп отырады, сәйкесінше қоғамдық көлікке түсетін жүктеме артады. Қазіргі кезде күн сайын 700 аса қоғамдық көлік жолға шығады, олар 875 мың адамға қызмет көрсетеді.

Мұнымен қоса, 2017 жылы Астананың автобус парктері IVECO маркалы 210 заманауи жайлы автобуспен толықпақ. Жаңа жылжымалы құрамды сатып алу Еуропа қайта құру және даму банкінің инвестициялық қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар арбасымен жүрген ата-аналар үшін арнайы пандустармен жабдықталады.

Анықтама: Жылжымалы құрамды толықтырудың нәтижесінде автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді. Жолаушылар олардың қозғалыс кестесіменASTRA Bus қосымшасынан және 2010 жылдың соңына дейін орнатылатын 110 ақпараттық таблодан таныса алады. Қазіргі кезде бұл жабдықтар тестілік режимді жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша 2017 жылы аялдамаларда тағы да 72 ақпараттық табло орнатылатын болады.

Еске салайық, 2015 жылы қарашада алғашқы 358 автобус сатып алынды, қыста бұл көліктердің сапалы әрі сенімді екендігіне көз жеткіздік.

Әсет Исекешев автобус маршруттарын ұйымдастыруға да баса назар аударды, сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты азаматтардан келіп түскен сынға байланысты дереу әрекет етуге шақырды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы Көкарал және Бәйшешек көшелері тұрғындарының өтініштері бойынша №73 маршруттың қозғалысына жартылай өзгерістер енгізілді.

Осылайша, Көкарал көшесінде 3 аялдама пункті ұйымдастырылды, ендіаталған бағдардағы автобустар бастапқы пункттен Төлебаев көшесімен «Көкжелек к-сі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Төлебаев көшесімен Көкарал, Бәйшешек, Шалкөде көшелерімен жүреді, соңғы аялдама «Промышленный т/а». кері бағытта өзгеріссіз, қазіргі сызба бойынша Шарбақты көшесі арқылы.

Үстіміздегі жылдың 28 қарашасынан бастап «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарынан өтініш көп түскендіктен, №24 маршрут № 39 разъезді мен «Мұнайшылар» т/а дейін ұзартылды, және жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін осы бағдар бойынша сыйымдылығы 110 адамды құрайтын Man маркалы автобустар шығарылды.

«Көктал-2» тұрғын алабында Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №4 және №34 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертілді.

28 қарашадан бастап аталған маршруттардың қозғалысы қалпына келтірілді(жол жөндеу жұмыстарына байланысты аялдамаға дейін 1 км жаяу жүру қажет болды). Осыған байланысты қаладан Қосшы ауылы бағытында жолаушылар ағынының артуына байланысты қала маңына қатынатын № 303 маршрутына қосымша автобустар жіберілді, соның арқасында қарбалас сәттерде қозғалыс интервалы 5 минутқа дейін қысқарды.

Қала маңына қатынайтын №306 автобустың да интервалы қысқартылды, автобустар Талапкерден қарбалас сәттерде 15 минуттық аралықпен жүретін болды (бұған дейін интервал қарбалас сәттерде 25 мин болған).

Қоянды ауылында№ 307 маршрутта автобустар саны ұлғайтылды, ендіқозғалыс интервалы қарбалас сәттерде 8 минутты құрайды(бұған дейін қарбалас сәттерде 10 мин болған).

30 қарашадан бастап Қабанбай батыр ауылына дейін жүретін қала маңына қатынайтын №308 автобус енді Қызылжарға кіреді (бұған дейін бұл маршрут тасжолда тоқтайтын, бұл қызылжар тұрғындарына ыңғайсыздықтар келтіретін);

«Көктал-1» тұрғын алабында «Ансар қоғамы» ауданының тұрғындары автобустың кіруіне қатысты көп рет өтініш жолдаған. Қазіргі кезде аялдама пункті ұйымдастырылып, көше түзетілді. Осылайша, қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастыру мүмкіндігі туындады.

30 қарашада №120 маршруттағы автобус көрсетілген аялдамаға дейін ұзартылады (қазір ең жақын аялдамаға дейінгі қашықтық орта есеппен 1,1 км құрайды, ал ұзартқаннан кейін орта есеппен 550 м болады).
Әрі қарай

Астана әкімі қала тұрғындарын «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі қала тұрғындарын «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды
«Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының есептік-сайлау конференциясы барысында Астана әкімі желтоқсанның 1-і мен 31-і аралығында «Мейірімді қала» акциясы өткізілетінін мәлім етті.

«Жыл сайын Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік саясатты іске асыру сапасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырады. Әрине, мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттерін орындайды. 2016 жылы қала әкімдігімен 130 мыңнан аса адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. Атап айтқанда, мүгедектер мен зейнеткерлерге медициналық көмек көрсету, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін және жеңілдікті санаториялық-курорттық емдеу және т.б.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазіргі әлеуметтік бағдарламаларға қосымша «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы қолға алынды. Осы бастама аясында әкімдік қызметкерлері мен ведомствоға қарасты ұйымдар бұл акцияға бірінші болып қатысады. Бұл бастаманы бизнес-қоғамдастық та қолдайды деп үміттенемін», — деді Астана әкімі.

Акцияның мақсаты жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, тұрмысы төмен отбасылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруға шалдыққан балалар, ДЦП-ға шалдыққан балалар және туберкулезбен ауыратын балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті санаттарына көңіл аудару және қамқорлық көрсету.

Көмек азаматтардың түрлі бағыттар бойынша, яғни киім, азық-түлік алу, жеңілдікті дәрі-дәрмектер алу үшін дәріханаға арналған сертификаттар, қатты отын және т.б. түрінде көрсетіледі.

«Қоғамда аға буынға деген құрмет пен ынтымақтастық сезімін күшейту мақсатында жастарды – жасотандықтарды, оқу орындарындағы жастар істері жөніндегі комитеттерді және басқа да жастар ұйымдарын акцияға атсалысуға шақырамын. Қарттарға қамқорлық көрсетуіміз керек.

Жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйінің ауласындағы қарды тазалау мен пәтерлерін жинауға, азық-түлік сатып алуға көмек көрсетсеңіздер – бұл өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болады деп ойлаймын»,-деп атап өтті Ә. Исекешев.

Өзектілігі мен маңыздылығын ескере келе, осындай акцияларды алдағы уақытта тұрақты түрде өткізу жоспарланған.

#Астана_мейірімді_қала
Әрі қарай