Қандай сүтті алған жөн? Сынақ пен Сапа



Өткен аптаның бос уақыты Қазақстанның сүт нарығында үлесі көп брендтердің сапасын зерттеп, түсіруге арналды. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан белгілі өнімдердің сапасы қандай? Сүт сатып аларда неге көңіл бөлгеніңіз жөн? Біліп жүріңіз.
Әрі қарай

Астанада қаланы смарт мамандандыру бағыттары анықталды

Елордада 5 құзырет орталығы — алдынғы қатарлы әлемдік компаниялардың қатысуымен қалалық және аграрлық технологиялар, медициналық технологиялар, энергетика және fintech орталықтары құрылады. Осы орталықтардың айналасына стартап жобаларға қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта Астананың жеке бағдарламасы құрылды. Аталған бағыттарда жұмыс істейтін үздік инновациялық компанияларға жыл соңына дейін 30 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Әсет Исекешев Астанада ХІ Инновациялық форумның ашылуында мәлім етті.

«Бүгінде әлем экономикасының дамуы жаһандық қалаларға байланысты, сол себепті біз Астананы Global Smart City-ге айналдырмақпыз. Жаһандық қалалар дамуының әлемдік үдерістеріне бейімделген қаланы дамытудың жаңа стратегиясы іске асырылуда. Біз қаланың орнықты экономикасын анықтайтын 10 секторды белгіледік. Соның ішінде девелопмент, туризм, қаржылық орталық, заманауи өндіріс, ақылды қала үшін шешімдер, медицина, логистика және т.б. бар», — деді Астана әкімі.

«Smart Astana» бағдарламасын іске асыру барысында қала басшылығы тұрғындардың қажеттіліктерін назарға алады — бұл білім, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және т.б. салалардағы ақылды технологиялар. Бұл технологиялар адамдарды жайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз етеді («ақылды» бағдаршамдар, көлік ағынын басқару, дәрігерге жазылу, электрондық денсаулық картасы, балабақшаға, мектепке кезек, тұрғынның бірыңғай картасы, экологияны жақсарту, нөсер канализациясы).

«Өткен аптада біз «Start Up Session» өткіздік, онда Назарбаев Университетінің қала міндеттерін шешуге бағытталған үздік жобалары таныстырылды. Біз мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, ең жақсыларын таңдап, қалада енгізетін боламыз», — деді Астана әкімі.
Әрі қарай

Астанада «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V зияткерлік байқауы аяқталды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада 10-сынып оқушыларының арасында «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V қалалық зияткерлік байқауының финалы өтті. Ол көшбасшылық қабілеттері мен ораторлық шеберліктері бар, қоғамдық өмірге белсенді араласатын 12 оқушының басын қосты.

Байқау алғаш рет 5 жыл бұрын өткізілген, ол кезде қазақстандық мерекелер күнтізбесіне Тұңғыш Президент күні енгізілді. Сол жарыстың тақырыбы ұлт көшбасшысының жолы деп белгіленген болатын. Зияткерлік байқаудың алғашқы қатысушыларын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таңғы асқа шақырған еді.

Биылғы жылғы байқаудың тақырыбы тарихшы, публицист Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған.

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты — жастардың білімге деген қызығушылығын ояту қазақстандық патриотизмге баулу.

Үш финалдық турдың қорытындысы бойынша («Бәйге», негізгі мектеп пәндері бойынша жан-жақты білім деңгейін анықтайтын сұрақтар; «Алаш арысы — Әлихан Бөкейхан» викторинасы; шешендік өнер) бірінші орын №64 мектеп-лицейдің оқушысы Алан Несіпбек иеленді, ал гран-при №8 мектептің оқушысы Дидар Сейітханға бұйырды.
Әрі қарай

Елордада 38 млрд теңгеден астам соманың 8 224 нысаны заңдастырылды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 38 млрд 517 млн теңге соманың 8 224 нысаны заңдастырылған.

Азаматтардан жалпы сомасы 111 млрд теңге болатын 9 023 өтініш түсті. Соның ішінде 69 млрд 550 млн теңге соманың 11 016 тұрғын үй нысаны, 42 млрд 288 млн теңге соманың 11 725 тұрғын үй емес нысаны, 22 млрд 872 млн теңгенің 1 132 коммерциялық нысаны, 457 млрд 949 млн теңге соманың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының 5 үлесі бар.

Сонымен бірге, Астана қ. Мемлекеттік кіріс органдарына 1 млрд 054 млн теңгенің сомасына 16 нысан бойынша 17 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың 6 млн 250 мың теңге соманың 3 үлесі заңдастырылды. Ақшаны заңдастыруға келсек, аталған кезеңде 584 млрд теңгенің 687 арнайы декларациясы тапсырылған, соның ішінде есепшотқа салмастан, 944 млн 230 мың теңге заңдастырылды, одан 94 млн 423 мың теңге көлемінде 10% алым жиналды. Сондай-ақ, 10 млрд 807 млн теңге соманың құнды қағаздары заңдастырылды.

Еске салсақ, елімізді мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қырқүйегінде басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Әрі қарай

Блицті бірді жығар. Алғашқы 5 шығарылым

Шахмат комментарийлері ағылшын және орыс сегментінде біршама таралған. Бірақ, әрине, жеке қызығушылар тобы шеңберінде ғана. Қазақ тіліндегі блиц ойынын экраннан түсіру — жай ғана әуестік, хобби.
Бастапқы ойындарда тіпті сөз орнына әсем музыка ойнап тұрды. Алайда, күннен күнге технологиялық сапа, дауыс ырғағы, комментарий шеберлігі көтерілуі тиіс. Ойын сапасы да өседі, бірақ әуесқой деңгейден ары аспайды.
Жалпы, блицті бірді жығар!



Әрі қарай

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» жастар акциясы

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылында «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты міндеттерінің бірі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе, жастар арасында ілгерілету.

2016 жылдың 25 қарашасында сағат 15.00 Қарағанды қаласындағы Серік Сапиев атындағы бокс орталығында «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» жастар акциясы өтеді.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, Қарағанды әскери горнизоны бөлімшелерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-бірлестіктердің өкілдері, оқушы және студент жастар қатысады.

Акция туралы толық ақапартты және басқа да іс-шаралар туралы алдағы уақыттарда #ЖастарТынысы хэштегі бойынша барлық әлеуметтік желілерден біле аласыздар.