Мен қош келдім.

Сенім дейтін сезімнің, сезім дейтін сергелдеңнің қапылысында жалғыз қалдың. Өшпедің бірақ… Өспедің. Өкпеңді өксіткен өкінішің жаныңды, түтінше тұмандандырғанда, қабыршақтанған жүрек қарая бастағанын сезіне бастадың. Есік қаққан шабытыңды адыраспан мен аластап қуып шығуға асықтың. Сөйттің де түйіршіктей темекімен ерін түйістіре отырып, сүйісуге құмарлана бастадың. Арақтан қалған бөтелке қойныңдағы қатыныңдай бұралаңдап қолтығыңнан түспеді. Сен «ақын» едің. Досым айтпақшы «біреудің өлеңінен өлең туғызатын оқушы» болсаңда. Мен сені ақын деп мойындағанмын. Буырқанып бәйгеге дайын тұрған сен… Бір сәтте сасыған егеуқұйрықтай шіри бастадың. Содан соң не болды? Сенімсіз. Сезімсіз. «Менің қаламнан» бір шықтың. Сондағы сенің жексұрындығыңды айтам-ау. Әбден қарайып «атылса көмусіз қалатын» лас жүрегіңді «тазала» дегендей маған лақтырып жіберідң. Жеріктігім сол лас жүрекке қадалды да қалды. Қысты күні қарбызды аңсаған келіншектей дәм татусыз болса да соған қанағат еттім. Сезімсіз жүрекке, көңілсіз ниетке, қараусыз қалған денеге мен ие болдым. Ауыр жүкті арқалап сен алдымда жын періні сомдадың. Күлдік ақырын, жыладық жасырын, түсіндік сабырмен. Сенің өтірік маxаббатыңа жазда еңіреп жылағаны әлі есімде. Табиғатта сенен жеріген екен ау. Тағдырымның сапасыз тартуы бүгін сені қайта есіме алдым… Және мен қош келдім блогер еліне.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше