Сәлем!

Армысыздар, құрметті ағайын! Мен өзіме бүгін блог ашып отырмын. Осы сайтты бұрынырақ көзім шалып еді — Мерамбектің әнінің сөзін іздеп отырғанда. Іздеген жоғым табылғанға қуандым, әрине. Содан сайтқа ырза болдым. «Керекинфо» десе дегендей-ақ екен дедім.
Кейін блог екенін түсіндім. Жазылған посттар мен пікірлерді оқи бастадым. Олар баурап алды. Қазақ тілді орта екен, ырза болдым. Енді міне орталарыңызға келіп отырмын. Жатырқамай, жылы қарсы аларсыздар деп үміттенемін. Мында, сосын, жақсы-жақсы сындар көп айтылады екен. 6 сөйлемнен құралған постқа 60 ауыз пікірлер жазылады екен. Сайт осы пікір алмасуымен құнды деп ойлаймын маған.
Мен посттарды қатты жазып қоймаймын енді. Енді-енді үйреніп жүрген жайым бар. Сондықтан аса сөкпессіздер деймін. Пікір бөлісулерге көп араласатын шығармын, әзірше.
Осы… айтайын дегенім… Типа, кіріспе сөзім)
Әрі қарай

Алыс әрі жақын @KILYZAMAN

ҚылизаманТұрмыс бәрібір сананы билейді. Билемек түгілі, санаңның сахнасына мәңгіге орнығып алып, өмір бойы «Аққулы көлді» ойнап шығады, плисецкаясстың. Ең болмағанда "Өлмелі аққуды" сомдамай кетпейді, VKM -сстың. Ақыры тұрмыс — әдет қалыптастырады. Бір мысал: туған әкесі тауып алғанға дейін жезөкше болған азаматша Д., қалтасында мың-ақ теңге қалғанын көріп, дереу панельге шығып кетіпті. Сонда қауышқан әкесі бар жиған-тергенін осының шотына салып қойғаны тіпті есіне де келмепті, әнасс.
KILYZAMAN -да солай. Өмір бойы елдің ішіндегісін сыртқа тасып, тың тыңдап қалтырап күнелткен адам. Содан ба — тұспалдап сөйлеп, ымдап жеткізу болмысын әбден меңдеген. Ішпиен ең болмаса нанды да ел қатарлы сатып ала алмайды. «Заводской екі бөлке нан» дегенге әбден үйренген сатушы енді:«ас атасын алып бер, жұптап қана салып бер» деген сықылды нақыло-шешено-базынао-мәтел сөзді қорытып тұруға мәжбүр.
Бірақ соншама түсініксіз деп, адам қатарынан шығарып та тастауға болмайды. Әсіресе, белгілі болған соңғы деректерге қарағанда, KILYZAMAN адамзат үшін әлі жоғалмаған
Әрі қарай

Қисық сөздер. Екінші сөз. Ақыл махаббаты



Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол.

Абай

И любить и быть мудрым невозможно.

Ф. Бэкон


Екінші сөзді қай арнамен жіберерімді, қалай бағыттарымды білмей біраз ойландым. Әрине, біздің ойдан елге келіп-кетер дүние шамалы.

Әуелгі жазбағым ұлт мәдениетінің кейбір аспектілеріне қатысты болған-ды, алайда ол туралы өмірден көргенім көп, түйгенім аз, оқығаным жетерлік, қорытқаным шамалы екен. Қой дедім. Кейінге қалдырдым. Одан да өзім білетін, басымды ұрған, бауырыма қысқан жағдайға қатысты тәжірибеммен бөлісейін деген шешімге келдім.
Әрі қарай

Fanzone енді Европа лигасында!

Осындағы бірқатарымыз бірер күн бұрын УЕФА-ның чемпиондар лигасындағы фанзоунды бастап кеп жіберіп едік. Өз қалауымызша команда жасақтап, ұпай жинап, өзара жарысу бәсі. Енді бүгін кешке Европа алаңдарында жалауын көтеретін матчтардың да өз фанзоуны болғалы жатыр!

Мына бет арқылы өтіп, тіркеуден өтіп, өз командаңызды жасақтайсыз:
ru.uelfantasy.uefa.com
Әрі қарай

Гладиаторлар шайқасына қатысыңыз!


Сонымен, бұл қауымдастық «шешендер сайысы» деп аталады. Немесе «Ережесіз дебат» десе де болады.
Бұл қауымдастықта талас тудыруы мүмкін тақырыптар сендердің ұсыныстарың бойынша жарияланады.
Дебатқа екі адам ғана қатыса алады. Кейде бір мықты адамға қарсы екі «новичок» адам қойылады.
Әрі қарай

Danke, Wien!



Өткен аптаның бел ортасында қарт Еуропаның орталығында орналасқан Вена қаласында болып қайттым. ЕҚЫҰ деп аталатын ұйымның екі күндік жиналысына. Бара салған бетте бауырлас блогшыларға арнап құлаш-құлаш жазба жазамын деп едім, қайдан, күні бойғы жиналыс пен кештік қыдырыстан уақыт артылмады. Оның үстіне төрт сағат артта жүретіні бар австриялықтардың, циферблат бойынша кешкі он болғанымен, денең үшін түнгі екі, қылжия бастайсың…
Әрі қарай