51 пікір

KILYZAMAN
Пияншіктің құдайы бөтелке… :-(
Aizhantabyn
аға, енді «Меніңше құдай не бар, не жоқ» деген тақырып ашу керек)
satibaldi
«Аға, аға» деп шеттетесің қарағым, «ағаңныңда» қыз көрсе қыңырайып құр кетпей, діңкесі құрып қалатыны бар. О несі-ай сонша, көкшолақсстың, тойыс — сары шохасынсстың.
Aizhantabyn
сөз соңына сстың деп қосып сөйлеу ерекше сән бе? Сіз ашып айтпасаңыз, менің миым осыған жетпей тұр…
Өзіңіз ғой шетке ығыса беретін, анау деп, мынау деп…
Gulistan
Мына жерге бірдеңе жазу да әбес екен.
Gulistan
Сатеке, тоқырауға түсіп кеткен жоқсың ба?
Nurgisa
Сатекеңнің ставкасы бір ойнап, бір ойнамай жатыр ма деп ойладым.
Serik
әшейін пікір тудыру үшін жазылған бірдеме. Құдай БАР! Бұл Аксиома!
19852407
Сатеке дәлелді уәж айтып қалар ма екен?...)))
Aizhantabyn
Сіз үшін бар! Қалай түсінбейсіз? Сіз сенесіз, сіз сезесіз, сіз тағысын тағы, сіздің миыңызда, жүрегіңізде сенім бар, сізге дәлел керек емес! Ал агностиктерге, олар бар не жоқ деп айта алмайды, өйткені сенімі бөлек. Негізі, өзім де сенемін Алланың бар екеніне, бірақ адамдар өз сенімін басқаға тықпалай бастаса жыным ұстайды.
e_zhalgas
сенсін, сенбесін, өзгенің таңдауын сыйлау керек!
Aizhantabyn
мен не айтып жатрымын?))))))))
e_zhalgas
жауап ретінде жазылып кетіпті :) дегенмен, өзіңнің ойың агностиктікіне келетін сияқты ма? :)
Aizhantabyn
жоқ! Мен толығымен Құдайдың барына сенемін. талай рет көзім жеткен)))) Құр, қырсықтық қой))) Біреу Құдай бар деп айқайлап жатса, атеистер мен агностиктерді жақтап шығам, анығы құқықтарын))))
e_zhalgas
талай рет көзім жеткен))))
әңгіме ауаны сан ғасырлық концептуалды сұрақтардың шешіміне қарай келе жатыр ма? :)
Aizhantabyn
жоға, куда мне. Айтпағым, біреу үшін өскен гүлде Құдайдың бар екені, ал біреу үшін нағыз ғажаптың өзі — стечение обстоятельств и случайность.
Менің көзім жеткенде, шын ниетіммен тілеп, сұрап, жалынғаным болып жатыр. Соған шүкір деймін!
ken
Менің көзім жеткенде, шын ниетіммен тілеп, сұрап, жалынғаным болып жатыр. Соған шүкір деймін!
егер тілегенің орындалмағанда сенбес пе едің?
Aizhantabyn
Кім біледі? Айтып отырмын ғой, әр кімнің сенімі бөлек. Бір АЛЛАға аян, кімнің қалай сеніп жүргені, иманға келгені… соу, менің сенімім немесе, керісінше, сенбегенім, Құдай мен менің арамыздағы дүние деп ойлаймын.
e_zhalgas
әрібі көп болса да, айтқың келгенін түсіне алмадым :)
Aizhantabyn
ююююю… короче, я не собираюсь что либо доказывать, тем более в случае с Богом, каждому свое дегім келген))))
e_zhalgas
«аксиома» сөзін бас әріппен жазу сырына үңілсем деп едім? :)
VKM
мен қорқатын едім, осылай деуге)))
Aikona
Точно солай деп айтуға, ішімдегі бір нәрсе жібермейді наҚты
Serzha
жақсылап ойлап қарасаң, құдайдың жоқтығына көзің жетеді. мұнда ешқандай қорқынышты нәрсе жоқ
Zere
Әйтеуір бір күштің бары анық.
Maya
Құдай болмаса сізде бізде тіптен мынау әлем де болмас еді…
Serzha
құдай жоқ, ал біз бармыз
Zilola
"Құдай өлді" © Ницше
«Ницше өлді» © Құдай
Serzha
жоқ нәрсе өлмейді
Zilola
біз түбінде өлеміз, ал ол мәңгілік
Serzha
мәңгілік өлім?
Zilola
мәңгілік тірі, өмірі шексіз
e_zhalgas
ницшенің олай жазуына себеп — атеистік көзқарасы емес.
Ahi
«Сол уақытта Раббыларыңа қатты қиналғанда жалбарынуда едiңдер. Сонда Ол сендерге жауап берді» (Әнфәл сүресі, 9-аят).
Zilola
көп көрінбей жүрсің, сабақ қиындады ма?
сағындырмай жиі келіп тұршы
Mutlu_kiz
«Меніңше, құдай жоқ. » ne degen dalbasa sozder. Eger kishkentai balanin artinan bireu urip ketse, ol artina karap kim istedi dep suraidi. al eger ogan eshkim ogan timedi deitin bolsa ol senbes edi. Sebebi arbir isti bireu atkaratinin biledi. Soni tipti kishkentai balanin ozi biledi. Ulken jaska kelip alip mina sizdi, ananizdi, dostarinizdi, jalpi adamzatti, tabigatti eshkim jaratpadi deginiz keledi me? materialistter sekildi bir jarilistan paida boldi deginiz keledi me dunie? kishkentai bala kurli joksiz ba? jarilistan tek bari buziladi, kiratilip, a ne sozdaetsya. terpet ne mogu teh lyudei kotorie jivut blagodarya svoemu Gospodu i eshe govoryat chto Ego net.
nurbergen_makym
Уа, амиго, бұл ойға Құдайдың қай қылғаны итермеледі?
satibaldi
Уа мұғжыза мүкәммал уәсасуа ғақылия қозы ва баян досым, бұл ойға Құдайдың ештеңе қылмағаны итермеледі!
Gastarbaiter
тизесы шыккан сюжет. Курыган режиссура. Аптыр мозгайоп:)
Gastarbaiter
тизесы шыккан пост. Курыган провокация. Назар тудырудын сорлаган тасили:)
AKY
Дым да жоқ… Біздер де жоқпыз...(((
a63a1
Құдай жоқ деген сөздің өзі, құдайдың барының тікелей дәлелі емеспе
e_zhalgas
логикаңа еш үңіле алар емеспін :)
a63a1
Қап қараңғы бос тұрған бөлмеге кіріп, терең демалып, денеңді бос ұста да Құдай жоқ деп ақырын ғана, күбірлеп айтып көрші
e_zhalgas
күбірлемей, айқайлап та айтуға еріктімін. әрине, одан бірдеңе өзгере қойса. оның барлығы не жоқтығы — оның емес, адамдардың проблемасы, бас ауруы. ендеше, ойдан шығарылған не түсініксіз аңыздарға құралған долбарлар ғана болып қала береді. оны өзіме не өзгеге дәлелдеу үшін күбірлеп те, айқайлап та, тіпті қараңғы өлмеге кіріп те әуре болғым келмейді.
a63a1
ыххххх менің қалжыңыма ұсталып қалдыңба? муахахах)))
Gastarbaiter
Саясатты қойып Құдайға көштіңдер ме?
Шеттеріңнен кілең сопы, діндар, өлгенде философия маманы болып апсыңдар ғой, диалектикалық эмпириокритицизмінсс…
Құдаймен ендігіде тек Құдайберген Қожамжарыч айналыссатын болсын деп келісіп алайқш, а?:)
Adiletshu
Сәл-сәл ғана шыдашы, сабыр, аға,
Дауыс қоса бермеші дабыраға.

Деп жүрсің ғой: «Құдайға құл болмаймын,
Қызығынан жалғанның құр қалмаймын!».
Тұлданасың тұтқасы дүниенің,
Жалғыз сенің қолыңда тұрғандайын.

Сабаңа түс, тасынба, сабыр, аға,
Бойыңнан ұстамдылық табыла ма?

Армандары тілегі асылдарға,
Ғайбат айтып, кіжініп, ашуланба.
Басқарушың көресің Ібілісті,
Өле салып көздерің ашылғанда.

Тақуаға мың кінә таққаның да,
Ай бетінен қара дақ тапқаның да,
Бәрін-бәрін ойлайсың, ойбай салып,
От ішінде опық жеп жатқаныңда.

Қарық болып жүргенде қағанағың,
Бермегенің мүмінге бағаны әділ,
Жаулықты мен сақалды мұсылманға
Жау көргендей жауыға қарағаның.

Мансапқа құл болған соң, баққа байсың,
Көрмегенді көзіңмен жоқ санайсың.
Ақитып ап көзіңді, ақиқат пен
Ақыретті айтқанға тоқтамайсың.

Жалтылына жалғанның алданасың,
Арам жолмен тапқанға малданасың,
Құдайсыз-ақ құрметке кенелдім деп,
Өзіңе-өзің тамсанып, таңданасың.

Мақтау сөзге құлағың көп түресің,
Момындарды менсінбей шет жүресің.
Сен өзіңді ағайын арасында
«Арпа ішінде бір бидай» деп білесің.

Өзгерткенде бір күнде өмір өңін,
Жуасып сала берер долы реңің.
Сезбейсің ғой қошемет, құрметтердің
Сол күні өзіңмен бір көмілерін.

Жанарыңның жарқылы сөнген кезде,
Бір бәлекет басыңа төнген кезде,
Сен «сұм ажал» деп жүрген Әзірейіл
Аманатты алуға келген кезде.

Алдамшы бақ басыңнан ұшқан кезде,
Қайта алмай өмірге құштар кезге,
Қабір деген сұп-суық қараңғы жай
Қабырғаңды сындырып қысқан кезде.

Күлкі орнына орасан қайғы алғанда,
Тұзағына тозақтың байланғанда,
Сен келеке ететін «ертегілер»
Көз алдыңда шындыққа айналғанда.

Қалың досың әп-сәтте сирегенде,
Зар жыларсың зәру боп сый дегенге.
Тозақтың алып, қатал періштесі
Мойныңа шынжыр салып сүйрегенде,

Сен сол кезде бәрін де түсінесің,
Ұмытқанды есіңе түсіресің.

Есіктері азаптың ашылғанда,
Есің кетіп шыңғырып, шошынғанда,
Күрзі тиіп басыңа қырық батпан
Мылжаланып миларың шашылғанда,

Шашылған ми қайтадан жиналғанда,
Өкіргенмен өле алмай қиналғанда,
Сен кемсіткен мүміндер жайраң қағар
Жұмақтағы жұп-жұмсақ дивандарда,

Жылай-жылай көз жасың құрғағанда,
Мәңгі мекен шоқ пенен күл болғанда,
Сен татпаған дәмді жеп мұсылмандар
Сен сүймеген қыз құшып, жырғағанда.

Сен жатқанда түбі жоқ орда пісіп,
Қор санаған жандарың самғап ұшып,
Гауһар үйлі жәннатта отырар-ау
Алтындатқан кесемен шәрбәт ішіп.

Құрметінен Құдайдың құр қағанда,
Белгілі болар анық шын бағаң да.
Ірің ішіп, шеге жеп жатып, дерсің:
«Әттең, әттең Расулды тыңдағанда!»

Дерсің талай, дегеннен не шығады?
Бір азапқа мың азап қосылады.
Құтылмайсың триллиард жыл жатсаң да,
Залымға ылайық сый осы дағы.

Сабаңа түс шіренбей, сабыр, аға,
Жақын қалды өзгерер шағың, аға.
Бұл күнді еске аларсың сағына, аға…