Фанаттық өмірімде 20 "выезд" жасаппын


13-sector фанаттар тобы құрылғандарына 5 жыл толуын баннер және фаермен атап өтуде. 25 тамыз 2011. Ақтөбе — Жетісу матчы.

Жақында Қарағандыға «Шахтер» — «Ақтөбе» матчына барып қайттым. Бұл фанаттық өмірімдегі жиырмасыншы выездым екен. Выезд сөзін түсіндіре кетейін: выезд деп фанаттар өз командасының басқа қаладағы ойынына сапарын айтады. Яғни, мен жиырма рет басқа қалаларға барыппын 5 жылда.
Әрі қарай

Mille-feuilles!

Иә, Раббым! Жәрдем бер қысылғанға,
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке, мен АҚҚУ деп оқи берем, сондай әдемі айтылады да, солай айта берсем бола ме екен… тез сауығып кетсін деп дұға етейік. Мен үшін жұма – аптадағы жеті күннің ішіндегі ең сәтті де, бақытты күндердің бірі, Аллаға шүкір! Былайынша айтқанда, мен үшін ТОЙ ғой, бұл күн!
Әрі қарай

Жұмалық анекдоттар

Мына анекдоттарды маған 2009 жылдың ақпанында бір досым жіберген екен, блогыма салыппын. Бірақ, қазір кім жібергенін есіме түсіре алмай отырмын.

***
Мұғалім Маратқа «Менің бір күнім» атты шығарма жазуға тапсырма берді. Барлығы жазып мұғалімге тапсырды. Ертесіне мұғалімі Мараттың әкесін шақырып
-«Қараңыз, сіздің ұлыңыз не жазғанын: Таңертең тұрдым; ешкіні сүрттім, ойнап келдім ешкіні сүрттім, тамақтандым ешкіні сүрттім, мектептен келдім ешкіні сүрттім… Бұл не мені мазақ қылғаны ма!?».
Әкесі: Мен мент болып жұмыс істеуші ем, подъездге «Ешкі» деген сөзді бормен жиі жазып кетеді…

***
Марат досының үйіне келіп:
-Фууу, ненің иісі шығады? -деді.
Досы:
-Роза ғой.
-Не, солып қалған ба?
-Е, жоға киімін ауыстырып жатыр да…
Әрі қарай

Google.KZ кетті Қазнеттен

  • KazNET

Бүгіннен бастап Google.kz домені өз қызметін тоқтатты. Тоқтатқанда қалай, істеп тұр ғой бірақ kz доменімен емес. Com-ға өтіп кетеді. Өйткені бізде жақында шыққан заңға байланысты KZ доменіндегі барлық сайттардың хостингі тек қана Қазақстан
Әрі қарай

Ең нашар газет сайттары

  • KazNET
сурет: Азаттық радиосы
сурет: Азаттық радиосы

Қазір қазақ сайттарының басым көпшілігі ақпараттық, яғни БАҚ өкілдері сайттары. Оның ішінде газет сайттары. Бүгін сол газет сайттарының ішіндегі ең жамандарынан бір жинақ жасап отырмын.
Әрі қарай

Спәлни гарнитур немесе қазақшасынан да жақын сөздер

Төмендегі сөздердің бірінші варианты жүрегіме таза қазақша нұсқаларынан жақын. Сондай жылы көрінеді.
Үйде:
Персик — шабдалы
Груша жейсің ба гранат па? -алмұрт жейсің бе анар ма?
Базарда фрукты қымбаттапты — Базарда жеміс қымбаттапты
Астанопканың қасында! — Аялдаманың қасында
Мәшіне сатып алдым. — Автокөлік сатып алдым.
Сквазняк ұрып тұр, есікті жапшы!
Пласкобысты әкеш — Қысқашты алып берші (бізде басқа сайманды білдіреді)
Щочик (кейбіреулер учочик дейд) — Элект шығынын есептейтін құрылғы
Зуни пасты — Тіс пастасы
Зуни щоткі — Тіс шоткасы
Вилкі-қасық — Шанышқы -қасық
Спальни гарнитур- Жатын жиһазы
Угалок, диван, адиял (ішінде жүні жоқ завацкой көрпе)
Удлинитіл — ұзартқыш желі
Трайник — өздерің білесіңдер
Телевизір — Теледидар емес
Майтафон — Үнжазба емес
Уопшым, Сәпсім — мүлде алаңсыз
Залға дарошкі төсегенің не? — Қонақ бөлмесіне арзан алаша төсегенің не?
Біздің үйде сібет жоқ! Сендерде ше?
Әрі қарай

Өлім алдындағы картина

Бұл картинаны бір жапон қызы өз өзіне қол жұмсаудың алдында салып кеткен деседі. Суретке 5 минуттан артық тесіліп қарау мүмкін емес деседі ел артындағы аңызда. Тіпті кейбір адамдар осы суретті көргеннен кейін өздеріне қол жұмсапты. Өзім көрмес бұрын бұл ақпардың растығын сендер арқылы тексеріп алғым келді. Көріп болған соң пікір айтыңдар :)

Киностан: Өлім алдындағы картина
Әрі қарай