Mille-feuilles!
Иә, Раббым! Жәрдем бер қысылғанға,
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке,мен АҚҚУ деп оқи берем, сондай әдемі айтылады да, солай айта берсем бола ме екен… тез сауығып кетсін деп дұға етейік. Мен үшін жұма – аптадағы жеті күннің ішіндегі ең сәтті де, бақытты күндердің бірі, Аллаға шүкір! Былайынша айтқанда, мен үшін ТОЙ ғой, бұл күн! Сонымен, кеше ең сүйікті тортымды жасадым , тіпті әлемге танымал аспазшы – Джейми Оливердің өзі келіп, ең керемет деген торттарын ұсынса да айырбастамайтын торт, ол… ол, ол… ол – НАПОЛЕОН ТОРТЫ ! Иә, бұл тортты жақсы көрмейтін адам кемде — кем болар, тіпті жоқ шығар ә? Егер болса, дәл қазір айтсын не болмаса мәңгі...© ой, не боп кетті… Ошм, мереке сайын дастарханнан түспейтін, отбасылық сүйікті тортымызды кеше үй жағдайында жасаған болатынмын. Соны назарларыңызға ұсынамын.
Наполеон торты – французша «mille-feuilles» — крем қосылған қатпарлы торт. Қатпарлы қамырдан жасалынатындықтан, мұны Франция және Италия елдерінде «mille — feuille» — «мың қатпар» деп атайды. Жасалыну жолы, әсіресе креміне келгенде күрделілеу, бірақ қарапайым жасау түрлері де бар. Мен толық нұсқасын алдым, онда бастайық.
1. Әдеттегідей, ТАЗАЛЫҚ!
2. «Бисмилләәһімізді» айтып, Алланың атымен бастаймыз!
3. Торттың құрамымен таныс болайық:
— Қамырға: 200-250г сары май (маргарин), 2 стакан ұн, 2 ас қасық қант, 1 жұмыртқа, 2-3 ас қасық қаймақ, бір шымшым тұз.
— Бірінші кремге: 0,5л сүт, 0,5 стакан қант, 2 ас қасық ұн, ванилин, 200г сары май.
— Екінші кремге: 200г сары май, 1 құты қойытылған сүт (сгущенка немесе сливки).
4. Алдымен қамырды дайындаймыз. Ұнды ыдысқа елеп, үстіне сары майды үккіштен өткізіп қосамыз.
5. Жоғарыдағы аталған заттарды қосып, жұп-жұмсақ етіп қамыр илейміз. Қамырды пищевая плёнкамен орап, 3 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.
6. Оған дейін кремдерді дайындаймыз. Бірінші крем: сүттің 100г ыдысқа құйып, қант, ванилин, ұн қосамыз. Қалған 400г сүтті газға қойып, ысытамыз. Сүт ысыған соң, оған дайындаған қоспаны қосып, бәрін ағаш қасықпен араластырамыз. Бұл қоспа қоюланғанша тұрады, бірақ қайнап кетпеуі тиіс. Қоюланған соң, газдан алып, суытамыз. Суыған соң, оған сары майды турап қосып, миксермен бірыңғай қоспаға келтіреміз. Крем дайын.
7. Екінші крем: сары майды турап, үстіне қойытылған сүтті қосып миксермен бірыңғай қоспаға келтіреміз. Крем дайын.
8. Қамырды тоңазытқыштан алып, бірнеше бірдей бөліктерге бөлеміз.
9. Дөңгелектеп илейміз, өте жұқа болуы тиіс.
10. Пісірер алдында, табаның астына арнайы қағазды (бумага для выпечки) қиып қоямыз.
11. Қамырдың формасын дөңгелектеп келтіреміз де, оның үстін бірнеше жерден шанышқымен тесеміз. Теспеген жағдайда қамыр көтеріліп, қуыс болып қалады.
12. Ыстық пешке орналастырамыз да, бірнеше минуттан соң пісіріп аламыз.
13. Міне, мынадай шелпектер дайын болады.
14. Барлығы дайын, енді тек қаттамаларды арасына кремдерін қосып, торттың құрылысын қалаймыз. Кремді кезекпе-кезек құйып отырамыз.
15. Әрлеу үшін, тәтті жаңғақтар мен бір қаттаманы алып оқтаумен үгітеміз. Бітті, торт дайын!
17. Торттарыңыз тәтті болсын!
Пы.Сы. Тортты дайындау ұзааақ уақыт алады, бірақ керемееет нәтиже болады! Айтпақшы, тортты 10-12 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз, сосын барып жейсіздер. Ол уақыт аралығында кремдер сіңіп, торт нағыз керемет тортқа айналады. Сосын, рецепт мына жерде бар, аудармаларымды түсінбей қалған жағдайда дегенім ғой, басқа да жасау әдістері көп. Жақсыыыы көрем осы тортты, сосын жасадым, сіздер де жасап көріңіздер, сәттілік! Астарыңыз дәмді болсын!
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке,

@AKY же.
Дүкенде сатылатын Наполеннің іші тек крем (маргарин)
Мен Алматыда ең тәтті Наполеон қайда сататынын білем, ол Silk Way City. Мммм, сондағы вишневый наполеонның 1 тоннасын жеп қоюшы едім
Мынауың жеңілгеннің сөзі
Тек қана ер жігітке ғана бағышталған дегенді кездестірмеппін, сосын бізде м.р., ж.р. дегендердің жоқтығын есепке алсақ, кез-келген кісіге бағыттауға болатын шығар деп ойлаймын
Барған сайын саясатшыл болып келесің.
Жастарымыз жан-жақты екен.